жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құстардың туған жерге оралуы
Тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жыл құстары жайында, олардың қоғамға және
қоршаған ортаға тигізетін әсері жайлы мағлұмат беру. Құстардың
көктем мезгіліндегі тіршілік әрекеттері. Құстардың келуі, ұя жасау,
жұмыртқа салу, балапан шығарып өзгеруі. құс ұясын, балапандарын
қорғауымен тыныс-тіршілігін таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету, ойлау
қабілеттерін, сөздік қорын дамыту, шығармашылық дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қадірлеуге, құстарға қамқор болуға,
табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Слайдтар.
Әдіс-тәсілі: Топтық сайыс сағаты.
Жүру барысы:
Кіріспе: Біздің елімізде құстардың көпшілігі-жыл құстары. Олар
біздің жерімізге ұя салып, балапан шығару үшін көктемде ұшып
келеді. Ал күзде қайтадан ұшып кетеді Жыл құстарына : ұзақ қарға,
жабайы үйрек, көкек, ақтұмсық қарға аққу, тырна, ләйлек және тағы
басқа құстар жатады. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың
жылы жаққа кетуінің себебі қорегінің азаюы. Күн салқындап, құрт -
құмырсқа тығылып қалады. Сондықтан құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Көктемде қайта оралу себебі - ол жақ ыстық болғандықтан
жұмыртқалары шіріп кетеді. Ұрпақ өрбіте алмайды. Сондықтан құстар
көктемде қайта өздерінің туған жерлеріне оралады екен. Балалар
сендер туған жер дегенді қалай түсінесіңдер.
- Балалар өз ойларын айтады.
- Сендер туған жерлеріңді, туған үйлеріңді алысқа кеткенде
сағынасыңдар ма?
- Балалар өз ойларын айтады.
″Туған жер - алтын бесік″,″Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас″- деген мақал тегін айтылмаса керек.
- Сол сияқты құстарда туған жерге сағынышпен оралады.
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Ал балалар біз көктем туралы не білеміз?
- Көктемде құстарды қалай қарсы аламыз?
Өз ойларыңды ортаға салсаңдар?
Балалар жауабы: Ағаш отырғызып, ұя салып қарсы аламыз. Ең алдымен
қараторғай келеді, содан соң қарлығаш, сарыалақаз, тырулап ұшқан
тырналар, бозторғай келеді.
Құстар туралы (слайд көрсетіледі)
- Олар келісімен ұя салуға ыңғайлы орын іздейді.
- Ұя салып, ұрпақ өрбіту қамына кіріседі.
Ендеше бүгінгі ашық тәрбие
сағатымыздың тақырыбы: "Құстардың туған жерге оралуы"
I бөлім
Оянып бар табиғат ұйқысынан.
Жадырап құс қамынан құтылғандай.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан – дей келе мына бір бейнефильмге
назар аударсақ «Құстарға қамқор болайық»(видео)
- Балалар көңіл – күйлерің қалай? (Жақсы)
Балалар! Бүгін біздің сыныпта бір ерекшелік бар. Ашық тәрбие
сағатымызға қонақтар келіпті.
- Олай болса, қонақтарымызға білімімізді ұсынайық.
Оқушылар:
Біздің топтың ұраны:
Білімді болу мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз!
Біз кәзір екі топқа бөлініп сайысамыз. Бірінші топтың аты Көгершін.
Екінші топтың аты Қарлығаш.
І топ аты: “Көгершін”
ІІ топ аты: “Қарлығаш”
II бөлім
I.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы топтық сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек.
Бірінші айдарымыз «Тапқыр болсаң талас жоқ » Уақыт 1 минут
1. Алфавит бойынша құстардың атын жазу
2. 3-ші әрпі Р-дан келетін құс аттарын тауып жаз
3. “Қ” әрпінен басталатын құстарды ата.
4. Ребус
II
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді – дей келе келесі айдарымыз «Мені таны»
1.Кәзір біздер кім тапқыр ойынын ойнаймыз. Мына алдарыңыздағы
суретте «Жыл құстары» мен «Отырықшы құстардың» суреті берілген.
Көгершін тобы жыл құстарының суретін салады. Қарлығаш тобы отырықшы
құстардың суретін салады. Суреті салып аяқтап болған соң жыл
құстары мен отырықшы құстардың аттарын екі бағанға жазамыз. Қай топ
жылдам әрі тез жазады екен.
Сурет салуға уақыт 5 минут. Тауып жазуға 1 минут беріледі.
III бөлім
Қамқоршы боп жүреміз,
Табиғатқа, құстарға.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз – дей келе келесі айдарымыз «Артық болмас
білгенің»
1.“Мақалды аяқта”
: Ақсұңқар-құстың баласы
алдына қоймай жем жемес.
Аққу құссыз-көл жетім,
айтылмаған сөз жетім.
Өлеңге енсе-сөз сұлу,
аққу жүзсе-көл сұлу.
Қарға баптанып,сұңқар болмас,
Есек мақтанып,тұлпар болмас.
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Ер жігітке бәрінен,
Туып-өскен ел жақсы.: Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға
тидірмес.:Енді балалар ,құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап
берейік.
1 .Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?(Бүркіт)
2 .Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)
3 . Қандай құста мүлде ұя болмайды?
(Көкек)
Құстардың биі» (видио)
3. Халық болжамдары
4. Қызықты деректер (Видео)
IY бөлім
Келесі айдарымыз «Кім ойшыл»
Сөз құрау.
«Қанағаттанарлықтай» деген сөзден құс аттарын құрастыру.
Y бөлім
Келесі айдарымыз «Ойлы болсаң озып көр»
1 «Құстарға байланысты сұрақтар»
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен,
Ән: «Көктемді қондырып қанатына» (видео)
YI бөлім «Рефлекция»
Балалар енді сендерге жалпы бір сұрақ қояын. Бүгін біздер қандай
құстарды танып білдік. «Жыл құстары» мен «Отырықшы құстар» Сендер
табиғатта қандай құсқа ұқсағыларың келеді?. Оқушылар жауабы:
Неге?
YII бөлім Үй тапсырмасы: «Оқушылар шығармашылығы» (Оқушылардың
өздері дайындаған өздері салған суреттерін қорғау)
Балалар өткен аптада мен сендерге үйге құстардың суретін салып
әдемілеп бояап келуге бердім.
Жеңімпаз топты анықтау.
Мадақтау : - Өте жақсы
балалар. Сіздер тамаша білімдеріңізді көрсеттіңіздер, ризамын.
Еліміздің болашағы мына сіздер. Білім аспанында құсша шарықтап
ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.
Қортынды:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың - деп сөзімді түйіндегім келеді,
Сау-саламат болайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген