Күні:16.03.17
Тақырыбы: «Құстарға қамқоршы
болайық» (іс - шара
- акция)
Құндылық:
Сүйіспеншілік Қасиеттері: қамқорлық жасауға,
қайырымды болу, мейірімділік.
Мақсаты: құстарға қамқорлық жасауға
қоғамдағы рөлін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының
мағынасын ашу.
Міндеттері:
1.Оқушыларға қамқорлық жасау,
оның мазмұны жайлы ақпарат беру.
2.Сүйіспеншілік, адамгершілік
қасиеттерінің дамыту.
3. Құстарға мейірімділікпен
қарай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:
құстардың суреті, үнтаспа,
қанатты сөздер, буклет, альбом, бейне фильм,
жемшашар.
Іс-шараны өткізудің
жоспары
Кіріспе
1.Құстар туралы
бейнефильм
2.Топтар арасындағы сайыс
(викториналық сұрақ)
3.Жұмбақ жасыру.Сурет
салу
4.Жемсауыт жасап
ілу
Кіріспе
Құссыз орман –
құсалы
Балалар біз бүгін табиғаттың
бір бөлігі құстар туралы, яғни қыстап қалатын құстар туралы әңгіме
қозғаймыз, құстар бау - бақшаның сәні, емшісі. Біздің халық ежелден
ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншіліктерін шексіз дәріптеп,
ең жақсы көретін адамды құсқа тенеген. Жер бетінде 8600 ге жуық
құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500 дей түрі кездеседі
екен. Ал жергілікті жерімізде шымшық, торғай,кептер, суықторғай
,қарға ,сауысқан ұшпай қыстап қалады ,ал қалған құстар ұшып кетеді
екен. Қыстап қалатын құстар ешқайда жылжымайды екен. Ал жыл
құстарын айтсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала
т.б.
Ата –бабаларымыз сұлуын
аққуға, батырын қыранға, әншісін бұлбұлға теңеген
екен. Ал
балалар құстар болмаса не болады? Құстар болмаса
апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Зиянды жәндіктер,
кеміргіштер қаптап кетеді,бақшаларда құрттар, қоңыздар
қаптайды.Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.Ол
үшін құстарға не істеуіміз керек? Ол жайында білу үшін
сөз кезегін іс-шара жүргізушілерге берейік.
Назарларыңызды экранға аударып, құстар туралы
бейнефильмді көрулеріңізіді сұраймыз «Құстардың тіршілігі»
туралы фильм.
Мұғалім: Құстар аязды
күндері қар астына кіріп сонда түнейді екен. Күн көзі шыққан
кезде ғана қардан шығып жемдерін іздейді екен. Адам мен құстардың
достығы сонау ерте заманнан басталған. Адамды алғаш рет
таңдандырған құстардың ұшу қабілеті.Себебі ертегілердің
көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы, жақсылық
жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кедеседі. Сондықтан да халық
аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді.
Ортаға тәрбие сағатымызға қатысушы 2 топты
шақырайық:
1 топ –
КӨГЕРШІН
2 топ –
ШЫМШЫҚ
Мұғалім: Енді құрметті топ мүшелері,
Құстар туралы викториналық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз ба?
Олай болса, «Көгершін» тобына қояр
сұрағым!
1. Адам қай құсты аң
аулауға
пайдаланады?
(Бүркіт)
2. Қандай құстарды жыл құстары
дейміз? (Жылы жаққа ұшып
кетіп,көктемде қайтып келетін құстарды
айтады)
3.
Құстардың негізгі мекенін
ата?
(Ұя)
4.
Қай құста мүлдем ұя
болмайды?
(Көкек)
Мұғалім: Ал, ендеше келесі
кезекте «Шымшық» тобына қойылатын
сұрақтар.
1. Торғайдың жүрегі минутына неше рет
соғады?
(960 рет)
2. Құстардың неше түрі
бар?
(Жабайы, үй құстары)
3. Алдымен
көктем шығысымен қай құс
қайтады?
(Қараторғай)
4. Құстардың жылы жаққа кету себебі
неде?
(Күн суытып ,құрт –құмырысқа тығылып
қалады,тамағын табу қиын болғандықтан)
Мұғалім:Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар.
Кімнің ойы ұшқыр болса сол топ жұмбақты тез
шешеді
Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен
(Аққу)
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
2. Ақ сарайын талқандап
Шықты біреу талтаңдап
(Балапан)
1.Маң-маң басқан жері
Барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды
Қуғанын бірақ ұстайды.
(Түйе құс)
2.Жолаушы жүрсек шығарып
салады
Алдыңнан қарсы алады
Ауыл да, қала да мекені
Жанымды әрқашан
еркелетеді.
(Қарлығаш)
Қорытынды:
Мұғалім:Құс-табиғат байлығы.Құстарды
әркез қорғау әрбір азаматтың міндеті. Олар ағаштарды зиянды
жәндіктерден тазартады.,сонда ағаштар жайқалып өседі. Бойларынан
таза ауа бөлініп шығады.,сол ауамен адамдар,жануарлар,құстар
демалады.
Құстар-біздің досымыз.Ендеше,
балалар құстармен дос болыңдар,қорғаңдар!
Хормен
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа!
Құстарды біз атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз.
Қамқор болып бәріне,
Қорғау заңын сақтаймыз!
Олай болса, бәріміз қосылып
«Ақ көгершін»
әнін орындайық.
Ал,
ендеше акциямызды далаға жемшашарлар ілумен
аяқтаймыз. Іс-шарамыз сонымен аяқталды. Қош сау
болыңыздар!