400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құстар:пайдасы,пайдалануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жіберген материалым мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

КҮНІ: 19.04.2018ж

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Алшынбай П.Б

Пәні:

Айналадағы әлем

СЫНЫП:

3 сынып

Сабақтың тақырыбы

Құстар:пайдасы,пайдалануы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Құстар туралы түсінік беру.

Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын

түсіндіру.


Түзете-дамыту

Есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық,суреттер,интерактивті тақта,тапсырмалар

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап


Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

Оқушыны психиологиялық –педагогикалық даярлау.

Бүгін қандай сабақ балалар?

Сабаққа дайынсыңдар ма?

Оқу құралдарын түгендеу.

Дыбыстық жаттығу:

-құ, -құ, -құ – құстар

-ғаш, -ғаш, -ғаш – қарлығаш

-ғай, -ғай, -ғай – қараторғай

-я, -я, -я – ұя 


Өткен сабақты тексеру

Үйге қандай тапсырма берді балалар? Қане, балалар жәндіктерді атандаршы?

Жаңа сабақ

Балалар, қане бәріміз назарымызды тақтаға аударайықшы. Тақтада нені көріп тұрмыз? Құстарды дұрыс айтасыңдар. Сендер білесіңдер құстарда біздің табиғатымыздың бір бөлігі, сонымен қатар біздің досымыз. Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құстар:пайдасы,пайдалануы. Балалар, көктем мезгілі, күн жылынып, басқа жақтан құстар ұшып келіп жатыр. Бүгін сендермен үй құстары және дала құстарымен танысамыз. Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Міне дала құстары: қарға, аққу,бұлбұл,бүркіт,тоқылдақ, үкі,қарлығаш т. б. олар аспанда ұшып жүреді. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады. Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем - суларын береді.

Тауық, қаз, үйрек, күркетауық — бұлар үй құстары.

Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын

тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды.

Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді.

Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды.

Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.



Бұлбұл — торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар

тұқымдасына жататын әнші құс.

Қазақстанда екі түрі – кәдімгі немесе шығыс бүлбұлы және оңтүстік

не зортұмсықты бұлбұл кездеседі.

Оңтүстік бұлбұлы Сырдария,

Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды,

үлкен бау-бақшаларды,

қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді.  

Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға рып келеді.

Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі

бұгақтарына салады.

Мамыр-маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып,

оны мекиені он үш-он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді,

жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен,

тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен коректенеді.


Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің

көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді.

Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді.

Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді.

Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен

араластырып бекем етіп жартас қуыстарына,

жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады.

Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді.

Ұясының түбіне қауырсыннан,

т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды.

Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар,

жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады.

Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып,

балапан басып шығарады. Балапандары

қызылшақа болып туады

Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы

ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген.

Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.

Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.

Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі

адамша қайғырып,ауырып өлуге барған.

Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.

Осыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды",

"Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана

сөздер қалдырған.

Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса)

боп өседі.Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып

тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып,

шын аққуға айналады.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді


Тоқылдақтардың алуан түсті қауырсындары оларды басқа құстардан ерекшелендіріп

бірден көзге түсіреді.

Өткір тырнағы мен ерекше тіреуіш құйрығы арқылы ағаш діңімен өрмелеп,

шапшаң жүре алады әрі ұзақ отыра береді.

Ол ағаш қабығының астында жасырынып жатқан зиянды жәндіктерді оның дернәсілдерін тауып жеп, ағашты зақымдалудан сақтайды. Тоқылдақтардың ағаштағы жәндіктерді тауып жеу үшін жасаған

қуыстары басқа ұсақ құстар мен аңдарға дайын ұя болады.

Көктемде тоқылдақтар ағаш діңіне

2,5 метрден биік құыстарда ұя жасап, балапан шығарады.

Тоқылдақтың негізгі жауы - тиін. Тиін тоқылдақ жұмыртқаларын жеп, ұясын бұзып кетеді

Бүркіт киелі,қастерлі құс.Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп,

 «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы»деп құрмет тұтты.

Бүркіт жыртқыш құс.Оның түсі қоңыр.

Салмағы 4кг дейін барады.

Дене тұрқы 95см,жайған қанаты 2м.

Аяғы 4 саусақты,оның артқысын «тегеуріні»,ішкісін «жем басар»,ортаңғысын «сығымы»,

шеткісін «шеңгелі»деп атайды.Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды,

Тұяқты жануарлардан ақбөкен,елік,таутеке,қара құйрық секілді аңдардың төлдерін жейді.

Бүркітті ерте кезден ұстаған,аңшылыққа үйреткен.

Бүркіті бар үйде жын шайтан болмайды деген ұғым бар.

Құстың алдынан қыз-келіншектер,бозблаларды өткізбейді.

Бүркіт бір сілкінгенде үйден

бір пәле кетеді деп ырымдайды.

Бүркіттің қанатын,құйрық қауырсынын,

тұяғын,аяғын алып іліп қояды.

Мұның себебі:қасиетті құс адамды пәле-жаладан, қауіп-қатерден сақтайды.

Қарғалар үшін рекордты өмір ұзақтығы 50-75 жылды құрайды.

Бірақ өмір сүру ұзақтығының мұнан да көп екені жайлы деректер бар.

Қарғалар естіген дыбыстарын қайталап, басқа құстардың дауысын сала алады.

Тіпті, үйреткен жағдайда адамның да дауысын салады.

Қарғалар - адал достар.

Егер қарғалардың бірі жарақаттанып қалса, өзгелері

қамқорлық танытып, толық жазылғанша қоректендіреді.

Қарғалар жұптасып тіршілік етеді. Оған қоса жұбын бір рет өмір бойына таңдайды. Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады

Үкі - киелі құс. Үкі түнде көретін құс. Себебі қараңғыда көру ерекшелігін қазақ халқы ерекше ұлылыққа бағамдаса керек. сондықтан қаралықтан, жамандықтан сақтайды деп қарайды десек алыс кетпеспіз. үкінің үлпілдек жүнінен алып, үлпілдетін балалардың тақиясына, иығына, әйел кісілер кимешегіне, үйде ылулы түскиізге, шымылдыққа, жүрирік аттың жалына, құдаға алып баратын айыппен, үкі жолындағы баратын жылқының кекіліне, қоржын аузына тағады.

Үкінің денесіндегі және қанатындағы бедерлер құранның
құпиясы жазылған нұсқасы делінген.

Үкінің үлпілдеген жүнін баланың бесігіне жын - перілерден
қорғасын деп таққан. Қыздардың сәукелесіне бақыт әкеледі
деген сеніммен салса, домбыраға, әншілердің сәукелесіне
табыс әкелсін деген ниетпен таққан.
Үкі - білімнің, кітапқұмарлықтың, даналықтың,
тапқырлықтың символы саналған.


1-тапсырма: балалар, сендер құстармен таныстыңдар, енді үнтаспа арқылы құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме, үй құстарының үні ме?


2-тапсырма « Не артық»

Берілген суреттер артық затты табу.



 






Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті


Ұшты-ұшты – сиыр ұшты.

Ұшты-ұшты – қарлығаш ұшты.

Ұшты-ұшты – аю ұшты.

Ұшты-ұшты – қараторғай ұшты.

Ұшты-ұшты – жылқы ұшты.

Ұшты-ұшты – бұлбұл ұшты.



Сабақты бекіту

  • Сұрақтар: Сонымен, балалар, барлығымыз тақтаға қарайықшы! Бүгінгі құстарымызды тағы бір атап өтейік. Мынау не? (тақтадан құстардың суретін көрсете отырып) 

    2. Құстар нені қорғайды?

Дидактикалық ойын:

Құстардық суреттерін құрастыру.

Үй тапсырмасы

Суретті бояу

Бағалау

Оқушыларға тиісті бағаларын қою

Тексерілді:________











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі