400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Құстың ұясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Құстың ұясы» Мақсаты: 1. Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. 2. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту. 3. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орта тобының ұйымдастырылған оқу қызыметінің конспектісі

Күні:22.01.2020 ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»
Пәні: «Қоршаған орта мен таныстыру»

Өтпелі тақырып:Құстар біздің досымыз
Тақырыбы: «Құстың ұясы»
Мақсаты: 1. Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.

2. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.

3. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ –жауап, қызықты сәт,мадақтау, қайталау.
Көрнекіліктер: Құстар суреті.

Шаттық шеңбер.

Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы күн достарым!
Жарайсыңдар Балалар! Тамаша!

Ұйымдастырылған оқу қызымет.
Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі

Балалар,айтыңдаршы сендер құстар туралы не білесіңдер?

Құстар үй және дала құстары болып екіге бөлінеді.

Ал үй құстарының бізге тигізер пайдасы қандай?

Олардың етін жеиміз,олар бізге жұмыртқа береді!

Ал,балалар,сендер құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер?

Оларға жем береміз,үйшік саламыз!

Бүгін біз Спандияр Көбеевтің (балаларға автордың портретін көрсету)«Құстың ұясы» деген әңгімемесімен танысамыз!

Құстың ұясы

Спандияр Көбеев

Балалар ойнап жүріп, ағаштың үстінен бip құстың ұясын көрді. Бұл

ұяның iшiндe балапандар отыр екен. Балалар балапанды алып үйіне әкелді.

Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың,- деп. - Шешесіз

балапандар тұра алмайды: балаларынсыз шешeci қайғырады, далада құр өліп

қалады ғой»,- деді.

Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.


Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты ойыны»

Ойын: «Үй және дала құстары»

Шарты: Әуен ойнап тұрғанда барлық құстар шашылып жүреді,әуен тоқтағанда үй құстары тауық қораға,дала құстары орманға қашады.

Тіл ұстарту жаттығуларын қайталау

«Ғай-ғай мынау отырған торғай», «Қарға қарға қарғалар,қар үстінде жорғалар»

-


Сурет бойынша сурақ-жауап

.


Ағашты сындыруға болмайды!

Құстың ұясын бұзуға болмайды!


Қорытынды.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңбер жасап құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау –саламат болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
3161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі