жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құтты болсын Жаңа- Жыл! балабақша
Г.Альменова,
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі.Шу ауданы.
Құтты болсын Жаңа – жыл!
Мақсаты:Шырша ағашымен таныстыра отырып , табиғатты қорғауға, балаларды адамгершілікке, достыққа баулу. Ескі және жаңа-жыл туралы түсінік беріп, «Шырша тойын» қызықтау арқылы тіл байлығын дамыту.
Ортада безендірілген шырша тұр.Көңілді музыка әуені баяу естіледі.
Бөлме бұрышында шырша бейнеленген. Балалар мәз-майрам.
Тәрбиеші:Жаңа-жыл келді жерімізге,
Әкелсін құт береке елімізге,
Жақсылықпен қуаныш жылы болып
Қиындықты жолатпасын бәрімізге.
Тәрбиеші:Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сән қилы,
Қызық-қызық сырлар бар.
Жаңа-жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге,
Соныменен, балалар
Жаңа-жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка айналады)
Бауырсақ:-Неткен шықырлаған аяз,бораны қоса соғуын қарашы. Қайтсам ба екен. Жо...Жоқ, мен қайткен күнде де баруым керек. Мен шырша тойын тамашалағым келеді. Ах,қолым-ай!
(Орман шетінен түлкі шыға келеді)
Бауырсақ:-Ей сен кімсің? Қайдан шықтың.
Түлкі:-Мен бе,Мен бір қумын, жүрген жерде айқай мен шумын.
Бауырсақ:-Бұл кім болды екен? Қумын дейді,шулымын дейді
(Бауырсақ ойланып, басын қасып тұрғанда, балалар даусы
«түлкі» деген жаңғырық береді) Ааа, таптым, таптым Түлкі екенсің ғой.Мұнда неғып жүрсің , қолың бос па?
Түлкі:-Ал бос делік, не айтпақшысың? Борандатып қайда барасың?
Бауырсақ:-Не айтушы едім, Ана жақтан жаңа-жылға арналған кеш болғалы жатыр деп естідім. Қашанғы қашып жүре бермекпін, Шырша тойын тойламаққа бара жатырмын.
Түлкі:-Әй бауырсақ мен де кеттім сенімен.
(Орман шетінен қоян шыға келеді)
Қоян:-Борандатып қайда барасыңдар?
Бауырсақ:-Бұл қайсысы тағы? Сен кімсің?
Қоян:-Жайырақ сөйлеңіз. Мен сылдырдан қорқамын, ал қорықсам, орғып,орғып жортамын.
Бауырсақ:-Бұл кім болды екен, бас қатырып жұмбақтап тұрған.
(Бауырсақ ойланып, басын қасып тұрғанда,балалар даусы «қоян» деген жаңғырық береді) Ааа, таптым, таптым Қоян екенсің ғой.Батырым, қорықпай бізге ілес,шырша тойын бірге тойлайық.
Қоян:-Келістім.
(Орман шетінен балпаңдап аю, тиын шығады)
Аю:-Тәтті ұйқымды бұзып,орманда дүрліктіріп жүрген кім өзі?
Бауырсақ:-Өзіміз асығып жатқан кезде,қайдан кез болдыңдар?Кімсіңдер?
Аю:-Кім дейсің бе,ал тауып ал, қыс бойы жатамын тәтті ұйқыға батамын.
Бауырсақ:-Бұл ұйқыбас кім екен. Е, білдім,білдім.Аю екенсің ғой.
Анауың кім, талдан-талға секіріп жүрген.
Тиын:-Мені менсінбей тұрсыңдар ғой байқауымша.
Бәсе мен кіммін,
Жаңғақ жауған орманда,
Күндіз қорек айырам,
Кеш блғанда жатамын,
Құйрығымды жамылып.
Бауырсақ:-Міне, сұмдық бұл қайсысы тағы да, сендер танисыңдар ма?
Бәрі хормен:-Бұл тиын ғой,бұларды да шырша тойына ала кетейік.
Аю:-Мына боранда ненің тойы,жолдың бәрін қар жауып қалған, боран болса мынау, адасып қалсаңдар қайтесіңдер?
Бауырсақ:-Жоқ адаспаймыз, мына жіптен ұстасақ тура тауып барамыз.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ оны саған кім айтты?
Бауырсақ:-Маған бұл жолды ормандағы Аяз ата айтты,өзі осы жолмен кеше ғана кетті, ертерек барып балаларға дайындайтын сыйлығым бар деп.
Тиын:-Бауырсақ ,бізді шырша тойына шақырып тұрсың, өзің болсаң жалтырап киініп алыпсың, Бізді әшекейсіз тойға кіргізер ме екен?
Бауырсақ:-Достар, сендер мені қолдап тұрғанда, мен де сендерді ренжітпеуге тырысамын.Бөлісе білсек, бәрімізге жетпейме,мінекей менің әшекейлерімнен бәріңе бөліп берейін.
(Мойнындағы жылтыр әшекейлерінен достарына таратады)
Бауырсақ:-Уақытта бір шама болып қалды, тезірек жүрейік,кешігіп қалармыз.
Түлкі:-Тыңдаңдар, біз келіп қалдық. Біреулер ән шырқап жатыр ғой.
(Осы кезде залда музыка әуені баяу естіледі)
Аңдар:-Сәлеметсіңдерма балалар-деп, ән біте бере, ішке кіріп келеді. Балалар сәлемдеседі.
Бауырсақ:-Балалар, мен сонау орманнан жол-жөнекей бір топ достарымды ертіп, шырша тойын қызықтауға келдім. Өздеріңмен бірге болуға рұқсат па екен?
Тәрбиеші:-Бауырсақ, бізбен бірге тойлағандарыңа әрине қарсылғымыз жоқ. Солай ма балалар?
-Ия.
Біздің балалар шырша тойына өте үлкен дайындықпен келді, ән шашуларын ала келді. Ал сен ертіп жүрген достарыңның тойға тартар сыйлары бар ма? Онсыз қызық болмайды. (Бауырсақ басын сипап тұрып қалады)
Түлкі:-Әрине құр алақан емеспіз.
Тиын:-Ән де , би де бәрі табылады.
Қоян:-Өнерсіз емеспіз.
Аю:-Баю,баю, бал жинайды аю.
Тәрбиеші:-Міне керемет, балалар біздің ортамызға қандай өнерлі аңдар келген. Біз олармен танысып, дос боламыз ба?
-Дос боламыз.
-Өнерін тамашалайық.
Түлкі:Түлкі бикеш мен едім,
Аңқауды алдап келемін.
Алау жақса балалар
Мен де билеп беремін.
Қоян:Мен қоянмын, қоянмын
Аппақ қарға бояндым
Дос табайын жақсы деп
Ертенменен ояндым.
Аю:Шүкір,шүкір күйлімін
Өзгелерге сыйлымын
Той біткеннен қалғам жоқ,
Мұндай тойда болғам жоқ.
Тиын:Мен тиынмын, тиынмын,
Ақ мамықтай киіндім.
Ән мен биге үйірмін.
Келіп алыс орманнан
Алдарыңа иілдім.
Түлкі:Достарым жыл келеді
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұри көреді.
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аңдар би билеп шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды
қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп
ән салайық.
Ән: «Аппақ, апппақ
жапалақтап»
Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем
не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі!
Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын
айтып береді екен?
Ерасыл:
Жасыл шырша
орманнан,
Бізге арнайы
келіпті.
Ойыншығын
балалар,
Шыршаға әсем
іліпті.
Назерке:
Әсем шырша
сәнденген,
Өз аңдарын
күтеді.
Жаңа жылмен бірге
біз,
Орманға кеп
жетеді.
Алиби:
Тамаша,
тамаша,
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы,
Көз тоймайды
қараса.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырайын, соны шешесіңдер ме?
Балалар: -Иә.
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
(Аяз ата)
Тәрбиеші:Балалар енді жаңа-жылдық мерекемізге Аяз-атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз-ата! Аяз-ата!-деп айғайлап шақырады.
Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр
ғой деймін, шақырайық, қол
соғайық.
Балалар: Аяз ата,
Ақшақар!
Аяз
ата: Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана
бір парақ,
Дайындалдым жыл
бойы,
Жолға шығар келді
уақ!
Шақырымды
жүздеген
Басып өту мен
үшін
Жаңа жылдың
түнінде
Жасыл шырша
түбінде.
Кездессем деп
сендермен,
Таратсам екен
сыйлықтар,
Одан асқан не сый
бар.
Қуаныш сыйлау
балаға
Одан зор бақыт бола
ма!
Сендерді көргеніме сондай
бақыттымын!
Балалар, Мына шыршамыз
көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның
шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат
шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту
керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат
шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша
жарқырайды.
Аяз
ата: Балалар, менің қарша қызым
қайда жүр екен, кім тауып береді екен
маған?
Атыхан
Нұрали:
Мұздан моншақ
тағынып,
Күміс қырау
жамылып.
Ортада тұр
Ақшақар,
Көптен күтіп
сағынып.
Ерасыл:
Кел билейік
сенімен,
Деймін тартып
жеңінен
Еріп кетпе
Ақшақар.
Адамдардың
демімен.
Алдияр:
Міне тағы келіп
тұр,
Жаңа бір жыл
балалар.
Жадыратып жер
үстін
Төрімізге ол
шыққан.
Еркайым:
Аспан жерге
төгеді,
Ақ күмісін
уыстап,
Жаңа жылда
келеді
Бізге қарай
жылыстап.
Нұрай:
Жүзімізге күлкі
ойнап
Қанаттанды
жанымыз.
Жаңа жылды біз
тойлап
Шаттанамыз
бәріміз.
Аяз
ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің
Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін
кідірмес.
Аяз
ата
Мен де, жұмбақтап жіберсем
қайтеді?
Ертегідей
орманнан
Көктей өтіп
келеді.
Сұңқар бойлы бір
сұлу
Табыңдаршы, аты
кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар
кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар!
Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу
шырша! Мен бір ойын
білемін:
Үйретейін
сендерге
Мен бастайын, ал, сендер
аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр,
келе жатыр....
Балалар: Жаңа
жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең
атын тез ата, келеді
бізге.....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер
әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын –
күлкі таралсын.
Құтты
болсын....
Балалар: Жаңа
жыл!
Тәрбиеші: Балалар, бізде қазір қандай жыл?
Балалар: Тауық жылы.
Тәрбиеші: Келе жатқан жыл қалай аталады?
Балалар: Ит жылы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз тауық жылы мен ит жылын ортаға шақырайық.
Тауық:Сәлеметсіңдер ме, балалар.Сендердің киімдерің қандай әдемі. Мен ескі жылмын, сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім:
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегіміз болсын мәнгі ашық аспан.
2018 жыл қадам басқан,
Гүлденіп, көркейе бер Қазақстан!
Ит жылы: Сәлеметсіңдер ме, кешікен жоқпын ба? Мен сондай асықтым,жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым.Жаңа жылмын ғой! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.
Тауық жылы: Мен тағы бір қонақпын,
Он екі жылда оралар.
Үлкендерге ақ ниет,
Сіздерге де ақ ниет,
Сіздерге де мың рахмет! Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Ал достар, тауық жылының бізге деген реніші жоқ шығар, құрметпен тауық жылын шығарып салайық.( Ескі тауық жылы балалармен қоштасып кетеді)
Балалар: Қош бол, тауық жылы, қош
бол!
Алихан: Тыныштығын
елімнің
Сақтайтұғын жыл болам
Өздеріңмен жас достар
Еліміздің барысын
Баптайтұғын жыл болам
Егеменді еліме,
Бақ береке дарытып
Нұрын төгер жыл болам!
Тәрбиеші:-Рахмет, Жаңа жыл, енді бұл жердің иесі өзіңсің.
Хор: «Жасыл бағым жайнаған»
Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба?
Жаңа жыл: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?
Аяз ата: Иә қолғап менікі...
Тәрбиеші: Балалар бір - біріңе қолғапты тақпақ айту арқылы, Аяз атаға қолғабын табыстайық
Алтынай:Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге
Асқартау, қарлы шың.
Әміржан:Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Нұрдана:Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Әдемі: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Нұрали: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Айсұлтан: Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ.
Ән: «Шыршаға бардық»
Би:«Пингвиндер»

Мирас: Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Мариям: Ән шырқалды көңілді,
Күй шертілді өмірлі.
Тақпақ айтып достарым
Өнерімен көрінді.
«Ақшақар» биі:
Би:
«Аңдар»
Ән: «Аяз ата»
Ән: «Аю»
Би: «Періштелер»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар
таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен
қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз,
барлығың да көңілді, әдемі бала
екенсіңдер.
Аяз
ата:
Жаңа жылда, балалар, тек
қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу
өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек
жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар,
балалар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген