жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құтты болсын Жаңа жыл!
Мақсаты: Мерекелік шара өтетін залды әсем, талапқа сай безендіруіне мән беру. Тәрбиеленушілерге мерекелік көңіл күй сыйлау. Кейіпкерлердің карнавалдық киіміне көңіл бөлу. Кейіпкерлермен тәрбиеленуші бүлдіршіндер арасында достық қарым-қатынас орнату. Ата-анамен балабақша арасында байланысты нығайту. Ән,би,көңілді ойындар арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Ақ көңілім айналды, аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын жаңа жылда
дей, келе жаңа жылдық «Жасыл шарша жанында» атты кешімізге қош келдіңіздер. Ал,балалар,Жаңа жылды қарсы алуға бәрің дайынсыңдар ма?Олай болса,бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымыздан шашу шашайық.
Жаңа жыл, жол болсын.
Тынбасын жарқын ән
Камбада мол болсын
Ақ маржан – алтын дән Нұрислам
Келді міне жаңа жыл,
Қуанайық қарсы алып.
Асыр салып ойнайық,
Шырша айналып ән салып. Инабат
Ах, какой хороший,
Добрый дед Мороз !
Ёлку нам на праздник,
Из лесу принес. Ернұр.
Всем очень хорошо,
Весело сегодня.
Потому что к нам пришел,
Праздник новогодний. Алуа
Нам праздник веселый,
Зима принесла.
Зеленая елка к нам,
В гости пришла. Аққуан
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны Б Кәусар
Шыршасы жайнап,
Көзіңді тартар.
Балалар сайрап,
Тақпағын айтар. Ерасыл
Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз атамен қосыла. М Ернар
Даламызға қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді.
Қартыңызға жалпыңызға
Жалынды сәлем береді. К Кәусар
Осы кезде залға мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір: Ой,мыналар той тойлап жатыр ғой маған айтпай.Мынау шырша ғой.Шыршаны қазір бүлдірем.Неге мені тойға шақырмадыңдар?
(Мыстан шыршаны құлатқысы келеді және балаларды қорқытады)
Жүргізуші: Мыстан әже,біз шырша тойын тойлағалы отырмыз.Қазір,Аяз ата мен Ақшақарды шақырамыз. Бізбен бірге шырша тойын тойлаңыз.
Мыстан: Тойға қатысатын мені әдемі көйлегім жоқ қой.
Жүргізуші: Әже біз қазір сізге көмектесеміз.
Жүргізуші: Ақ таяғы қолында,
Ойын, күлкі жолында.
Күтеді оны шартарап,
Сый дорбасын арқалап,
Жаңа жыл сайын келетін
Ол кім?
Балалар: Аяз ата, Ақша қар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар,ендеше Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз ата -ауууууууууууу, Аяз ата - ууууууууууу,Аяз ата-ауууууууу
(Ортаға қонақтарды шақырады, Аяз ата келеді. Ақшақар жоқ)
Аяз ата: Сәлеметсіңдерме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жыл бақыт әкелсін.Шыршаларың қандай әдемі.Тамашаааа!!!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе ата төрлетіңіз. Алыс жолдан шаршап келдіңізғой,Біздің балалардың сізге дайындаған өнерін тамашалаңыз. Балалар байқадыңдар ма?Аяз ата қасында Ақшақар жоқ,қайда ол?
Аяз ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан,аяқ асты жоғалып кетті.
Мыстан кемпір: Ендеше Ақшақар мен болам. Мені сиқырлы таяғыңмен Ақшақарға айналдыршы.
(Жылтыр матаның ішіне мыстан мен ақшақар тығылды).
Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:
Жалмауыз кемпір,
Ақшақарға айналсын,-дейді.
(Мата астынан көрінбей мыстан кемпір кетіп қалады да,мата астынан ақшақар шығады.)
Ақшақар: Сәлем, достар, аман ба?
Келіп жеткен сендерге,
Ақшақармын арайлы.
Жауған аппақ қарымен,
Қуаныш елге тарайды.
Балалар, қандай әдемі киінген. Мерекелік көңіл күйлері де тамаша екен. Ой, мына шыршаларың неткен әдемі ойыншықтармен безендірілген. Бірақ шамы неге жанбаған? Ата, мына сиқырлы таяғыңызбен шыршаның шамын жағып, кешімізді одан әрі жарқырата түсейік.
Аяз ата: Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат,
Би билейміз айнала,
Балаларды таңырқат.
(Шырша шамдары жанып, кеш әрі қарай жалғасын табады).
Жүргізуші: Безеніпті шырша да,
Түрлі моншақ таққандай.
Көз тоймайды қараса,
Ойыншықтары көп қандай.
Ал, балалар бәріміз,
Қол ұстасып алайық.
Шыршамызға бәріміз,
Көңілді ән салайық.
Ән: «Шырша шырша шыршамыз». Орындайтын: топ бүлдіршіндері.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші: Ал, балалар келіңдер,
Мерекеге сән беріп,
Тақпақ айтып беріңдер.
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың. Жандарбек
ТамашаТамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдыз
Көз тоймайды қараса Нұржан
Жаңа жылың жол болсын,
Басқан қадамың оң болсын,
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын. Айғаным
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылда жайнаймыз,
Шаттанамыз бәріміз. Дәмехан
Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз ата, ақшақар,
Біздермен мәз болады Ө Ернар.
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз. Нұрғиса
Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз Назерке
Шанамызға мінеміз
Мәз-мейрам боп жүреміз
Жарысамыз бәріміз
Жарасып тұр сәніміз Рахман
Қорықпаймыз аяздан
Шымшыса да бетімді
Аппақ қарды кешеміз
Киіп алып етікті Ердос
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап. Раяна.
Жүргізуші: Келді міне жаңа жыл,
Қуанайық қарсы алып.
Асыр салып ойнайық,
Би билейік айналып.
Жүргізуші: Ендеше ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.Полька биімен орындайтын:
Ернұр мен Инабат,Нұрислам мен Дәмехан, Аққуан мен Алуа, Нұрсерікпен Асима,Нұрғиса мен Арайлым
Ақшақар: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешіп көріңдерші.
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айғай, шу.
Балалар: -Түлкі!
Түлкі келеді
Түлкі: -Сәлеметсіңдерме, балалар!
Ия, ия, мен Түлкімін. Орманда ең әдемі, ең сұлу менмін!(құйрығын сипайды)
О! Шырша қандай керемет!
Ойыншықтары ілінген,
Шамдары жарқыраған,
Бақшаларың сәнденген!
Ақшақар:-Түлкіжан, қандай жақсы келгенің!
Ойнай – ғойшы бізбенен!
Түлкі: -Ойынды өте ұнатамын, бірақ алдыменен жұмбақ жасырамын. Жұмбақтарды шешу білесіңдер ме?
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.(аю)
Сықырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Түлкі:-Жарайсыңдар, бөбектер!
Жүргізуші: -Рахмет, Түлкі, жұмбақтар балаларға өте ұнады балалар шешуін жылдам тапты.балаларға өте ұнады. Біздің қадірлі қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.
Түлкі: -Рахмет, балалар!
Жүргізуші: Түлкіжан сен бізбенен бірге «Шыршаға жет » ойынын ойна.
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа баулу.
Ойын шарты:Екі бала екі жағында қарама-қарсы тұрадыШыршаның астында бір сыйлық болады,Содан көңілді әнмен екі бала екі жақтан ,бір аяқпен секіріп сыйлыққа жету керек.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар түлкіжан.
Жүргізуші :Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген,
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз!
Ән: Белый снег.
Жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Билейік бәріміз.
Би:Снежинка биі орындайтын:Раяна,Назерке ,Айғаным,К Кәусар,Б Кәусар, Жаннұр,
Жүргізуші: Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2018жылы ит жылы біз үшін берекелі де меркелі, жемісті, жағымды жаңалықтар мен телегей табыстарға толы жыл болды. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, жандарыңыз әрдайым жадырап жүрсін. Ескі жылымыз есіркеп, көкейімізде тек өз қуанышын қалдырсын.
ит жылы, 12 жыл айналып келгенше қош сау болыңыз!
Балалар енді ескі жылмен қоштасатын уақыт жетті.
Ортаға ескі ит жылы келеді.
Ит жылы: Жыл бойы адамдармен дос болдым бәрі мені құрметтеді, енді сендермен қоштасатын сәтте келіп жетті.
Балалар:Қош сау болыңыз.
Жүргізуші:Даланың да, қаланың да
Думандатып отбасын
Тағы міне, Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын.
Доңызжылы:Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Жүргізуші:Қош келдіңіз,жаңа жыл ,жаңа жыл ,тек қана жақсылыққа толы жыл болсын,төрлетіңіз біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Келді, міне, жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын –дей, келе кезекті Төлегенқызы Дәмехан орындауында: Жаңа жыл әні.
Жүргізуші: Әкелді жыл ырыс құт,
Әлемде той тыныштық.
Ән салайық тамаша,
Би билейік жаңаша
Гном биі орындайтындар:Нұркелді,Ердос,Нұрасыл,Берекет,Рахман,ӨЕрнар,М Ернар,Жандарбек, Ерасыл.
Жүргізуші: Жасыл шырша жанында,
Көңілдіміз бәріміз.
Тақпақ айтып, ән айтуға,
Әрқашанда дайынбыз.
Кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпағына берейік.
Жасыл желе жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Келді сұлу шыршамыз,
Көптеп күтіп сағынған. Асима
Төрлет енді жаңа жыл,
Үлестір құт береке.
Көп қуаныш ала жүр,
Көп болсыншы мереке. Жаннұр
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған.
Келді сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған. Нұрасыл
Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Сыйлықтар алдық. Нұркелді.
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарат басталды,
Аяз оны басқарды. Нұрсерік
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз. Айнұр
Жаңа
жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын
риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Арайлым
Қандай әсем шыршамыз,
Ойыншықтары әдемі.
Бақшамызға әкеліп,
Қойып кеткен кім еді. Берекет
Аяз ата:Жарайсыңдар, балалар. Бәріңде бүгінгі кешке жақсы қатыстыңдар. Маған сендердің барлық өнерлерің ұнады. Ән айтуларың, мың бұрала билегендерің, жыр шумақтарды айтқандарың өте әдемі болды. Өнерлерің өрге жүзсін балапандарым. Менде құр қол келмедім. Өнер көрсеткен барлық балаларға мынадай сый сыйапат әкелдім. (сыйлығын көрсетіп, балаларға әкелген сыйлығын үлестіріп таратады да қоштасып шығып кетеді).
Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын байтақ ел,
Жүректегі сөзін бүгін айттты ел.
Бір-бір жасқа бәрімізді үлкейтіп,
Он екі айдан кейін бізге қайта кел-деп,-отбасыларыңа бақыт,қуаныш, бірлік,тірлік ала келсін.Алдымыздағы бүлдіршіндеріміз ешқашан ауырмасын деніміз сау, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді. , бүгінгі ұйымдастырған кешімізді аяқтаймыз.
Келесі құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
«Манашы» бөбекжайы МКҚК
«Құтты болсын, жаңа жыл!»
(ертеңгілік)
Өткізген тәрбиеші: Кульмуханова Н.
Желтоқсан, 2018жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген