жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Құтты болсын Жаңа жыл"
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу арқылы
мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды жасыл шыршадан шеңбер айналып жүріп еркін би билеп, ән орындауына мүмкіндік жасау.
(Зал әсем безендірілген, балалар музыка әуенімен қаз – бір бірінен ұстап залға кіреді.)
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Күншуақ» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші: - Балалар шыршаны қараңдаршы қандай әдемі? Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі, бізге қонаққа Ақшақар мен Аяз Ата келу керек едіі, неге олар кешігіп жатыр екен? Әлде біздерді таба алмай адасып жүрме екен. Жүріңдер балалар олай болса біз оларды орманнан іздеп көрейік? Ал балалар біздер орманға немен барамыз? Қане, ендеше бәріміз пойыз құрып, пойызбен барайык.
(Балалар жүргізушінің артынан пойыз болып, шыршаны бір айналып шығады.
Жүргізуші: - Міне, балалар қараңдар біз орманға келдік анау тұрған кімнің үйі? Өзі аппақ ұлпа қармен жамылған әдемі үй екен, үйдің қасына барып қоңырауын соғайын (Қоңырау соғылды үйдің ішінен Ақшақар шығады)
Ақшақар: - Сәлеметпе, балалар! Сендер орманда қыдырып жүрсіңдер ме?
Жүргізуші: Ақшақар біз сені Жаңа жыл мерекесіне шақыра келдік, сендер келмегесін біздер алаңдап іздеуге жолға шықтық.
Ақшақар: - Ой, балалар рахмет мені шақырғандарыңа. Мен сендермен бірге Жаңа жыл мерекесіне барамын. Ендеше жүріңдер, балалар ән айтып барайық
Ән : «Орманда туды шыршамыз»
Жүргізуші:
Айлин: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Дильназ Мұратова:
Мы ждали этот праздник
Когда же он придет.
Наш славный, наш нарядный
Веселый Новый Год!
Айзере:Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Арнұр: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Ойын: «Шыршаны безендір»
Шарты: балалар екі топ болып бөлініп тұрады (3 баладан) , содан соң ортадағы ойыншықтармен жылдам шыршаны безендіруге кіріседі. Бірінші безендірген топ жеңіске жетеді.
Алихан: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Аружан Е.Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Ән: «Шырша»
Жүргізуші: - Балалар біз шыршаға арналған әнімізді орындап бердік, ал ол көңілсіз тұр... неге? Менің ойымша шыршаның шамдарын жағу керек. Қалай жақсақ? (ойланып тұрады)
Ақшақар: «Мен білем, шыршаның шамдары жағылу үшін сиқырлы құлыптарын ашу керек, ол үшін алтын кілт керек.
Жүргізуші: Алтын кілт кімде бар?
Ақшақар: Буратинода
Жүргізуші: Ендеше, балалар, Буратиноны шақырайық
Балалар: Бу ра ти но!!! (үш рет)
Буратино жүгіріп шығады
Жүргізуші:Буратино, алтын кілтің бар ма?, бізге шыршамыздың құлыптарын ашып шамдарын жағып бересін бе?
Буратино: Ия, ендеше сендер менің биімді билеп бересіндер...
Буратино биі...
Буратино алтын кілтпен құлыптарын ашып, шырша шамдарын жағып береді.
Аяжан:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Тамерлан:
К нам в гости елочка пришла,
И светит нам огнями.
Пусть наши гости Новый Год
Встречают вместе с нами!
Әділ:
Жасыл желен жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Мади:
Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Айдана:
Здравствуй, елочка, лесная,
Серебристая, густая!
Ты под солнышком росла
И на праздник к нам пришла.
Ты пришла на радость к детям
Новый Год с тобой мы встретим,
Дружно песню заведем,
Весело плясать пойдем.
«Шамшырақ» әні
Ойын?
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін
бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен
бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар
ойынды.
Хормен
жауап айтыңдар!
Қарға
мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа
жыл!
Ақшақар:
Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын
тез ата,
Келеді бізге....
Балалар:
Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін
кәделі!
Сендер әрі......
Балалар:
Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала
жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты
болсын.....
Балалар: Жаңа
жыл!
(3 рет)
Жаңа жыл туралы кім тақпақ біледі?
Дильназ Мейрамхожа:
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
Ерсайын:
Мол сыйлықпен келер ол
Шырқатып ән салар ем
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Ортаға көңіл – күйі жоқ мұңайып Ақшақар шығады.
Ақшақар: - Балалар менің атам келмей жатыр. Орманда адасып кетті ме екен? Бәріміз бірге дауыстап іздейікші. Мүмкін дауысымызды естіп, бізді тауып алар.
А – У Аяз Ата! (бірнеше рет)
Аяз Ата: Ой, айналайындар! Амансындарма, ұлдарым есенсіңдер ме қыздарым. Жаңа жыл құтты болсын! Сендер қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер! Шыршаларың қандай жарқырап тұр!
Аяз ата:
Қуаныштан жүздерің,
Шат күлкіге бөленіп
Аталарың сендерге
Шаршап келді, алыстан.
Отырайын дем алып
Мағанда ән арнаңдар.
Жүргізуші: Аяз ата сіз демалып отырыңыз балалар сізге арнап ән, тақпақтарын жолдайды.
Арсен: Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық
Аяна: Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан
Балаларға базарлық
Алып келді алыстан
Аяулым:
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ көрпеге оранып,
Ал балалар, билейік,
Ойнайық та күлейік.
Аяз ата қуансын
Донғаланып жүрейік
Елнұр:
Аппақ тоңға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Мөлдір:
Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз
Керемет қой жаңа жылғы әніміз
Ән айтамыз бәріміз де қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.
Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші: балалар, балабақшада жылы ғой, Аяз ата ондайға үйренбеген , еріп кетпесін.... Қане, қасына көп қар жинайық
Ойын: «Қар жинау»
Жүргізуші: - Ортаға өлең жолдарымен бүлдіршіндерді шақырайық.
Алибек
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата әже, әке шеше
Құтты болсын Жаңа жыл!
Алинур:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына
Қайнар:
Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді
Қартыңызға, жалпыңызға
Бәріне сәлем береді.
Аяз ата оралып.
Мирас:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық Аяз атаны.
Аңсар:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл.
Кира:
Я сижу, подарок жду,
Хорошо себя веду...
Дед Мороз, смотри, учти:
Не шалю уже почти.
Аружан У.:
Не ойласан Жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балақан.
Аяз атаның қоштасу сөзі:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Жүргізуші: Жаңа
жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ
сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың
белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне,
жатырмыз, қауқылдасып...
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Мерекеміз Жаңа жыл,
Тойында қызық
думан бар.
Жаңа жыл бұл жаңа
өмір:
Сайранда туыс туғандар!
Бақытты
болып жыл сайын,
Осылай басты
қосайық.
Ашық болсын әрдайым,
Тыныштық
тойын жасайық!
МКҚК «№ 1 Балабақша»
Ертеңгілігі
Ортаңғы топ
Тәрбиеші: Багаманова Р.М.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген