15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Құтты болсын Жаңа жыл"
Масаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір – біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Білімділігі: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Жүргізушінің сөзі: Құрметті ата – аналар, қонақтар,
балалар, сіздерді бүгінгі келіп жеткен жаңа жыл
мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл
әрбір шаңыраққа құт береке, ырыс алып келсін.
Біздің Еркетай тобымыздың «Құтты болсын, Жаңа жыл »
атты ертеңгілігімізді қабыл алаңыздар.
Балалар залға кіреді
Шыршаның сөзі: Балалар қараңдаршы шыршаға неткен
әсем шырша, ойыншықтары көп әдемі екен,
бірақ бірдеме жетіспейтін сияқты, мына жерде
менің шыршаларымда бар екен. Канекей шыршаларым,
шыршаға арнап шырша биін билеп,
шыршаны жарқыратып, жандандырайық.
Шырша биі.
Жүргізуші сөзі: Балалар канекей шыршамызды жарқыратып,
жандандырайық. Қанекей балалар 1,2,3 шырша жан3
(Шыршаның жануы)
Жүргізушінің сөзі: Балалардың жаңа жылға арналған
тақпақтарын қабыл алыңыздар.,
М.Бақдаулет:
Ақ қырауға малынған. Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған. Сәлем берді жұртына.
Қарақат:
Мұздан моншақ тағылып. Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр. Ақшақар. Көптен күтіп сағынып.
Қарақат:
Мұздан моншақ тағылып. Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр. Ақшақар. Көптен күтіп сағынып.
Жасмин:
Әдемілеп біз ілген. Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шаршамыз. Ән шырқайық баршамыз.
Мұх.Ерқанат:
Жасыл желен жамылған. Асыл моншақ тағылған.
Жұмагул
Қуантып елді. Жаңа жыл келді
Өсетін болдым. Бір жасқа енді.
Ай.Бақдаулет:
Шыршамызда керемет. Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр.Аяз ата сағынған
Айдын:
Қалып едік сағынып.Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып.Шыршаларға шам іліп.
Асылай:
Тамаша, тамаша. Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы.Көз тоймайды қараса
Інжу:
Ақ сақалды таяқты.Қалың қырау қабақты.
Аяз ата аямай, бізге сыйлық таратты
Нұрайша:
Сақалы аппақ күмістей.Тістері аппақ күріштей.
Қызы ала шапаны. Сағындым аяз атаны.
Жүргізуші сөзі: Тыныш2, балалар бізге біреу қонақа келе жатқан сияқты.
Аққаланың сөзі: Сәлематсындарма балалар мында не болып жатыр.
Жүргізуші сөзі: Келіңіз төрлетіңіз бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Аққала сөзі: Мына жерде әдемі шыршалар, мына жерде аққалалар отыр екен, қәне, аққалалар ортаға шығып би билеп көңіл көтерейік.
Аққала биі.
Жүргізуші сөзі: Аққала бізге көмек керек болып тұр,
Аяз ата мен Ақшақарымыз кешігіп жатыр, сіз көрген жоқсызба.
Аққала сөзі: Иа, иа, мен мана келе жатқанда Аяз ата мен Ақшақарды көріп едім, сіздерге келе жатырған ғой мен қазір Аяз ата мен Ақшақарды шақырып келейін.
Қоян мен Қасқырдың келеді
Қояның сөзі: (қорқып тұрады) балалар балалар қасқыр мені жемекші құтқарыңдаршы.
Жүргізуші сөзі:Қоян2 қорықпа бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Қасқыр, Қоян келіңдер бізге қонақ болыңдар.
Қоянның сөзі: Қасеке, Қасеке мына жерде менің көжектерім отыр екен. Көжектерімізбен би билеп, өнерімізді тамашалаңыз.
Аққояндар биі
Қасқырдың сөзі: Рахмет, көжектер сендердің сыйлықтарыңа риза болдым. Қоян енді саған тимеймін. Жаңа жылды бәріміз жақсы қарсыалайық
Аққаланың сөзі: Балалар міне мен Аяз ата мен Ақшақарды алып келе жатырмын. Қане балалар Аяз ата мен Ақшақарды қарсалайық.
Жүргізуші сөзі: Балалар орнымыздан тұрып бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Аяз ата, Ақшақар2
Аяз атаның сөзі.
Жүргізуші сөзі: Төрлетіңіздер, қош келдіңіздер,
Аяз ата мен Ақшақар жолдан шаршап келген боларсындар
жайғасып отырыңыздар. Біздің балаларымыз өнерлі,
әдемі тақпақтары бар. Қабыл алыңыздар.
Тақпақ:
Нұрберген:
Далада қар борайды. Ақ мамыққа орайды.
Жігер:
Қызыл ала шапаны. Сағындым аяз атаны
Асия:
Аппақ тонга оранып.Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан.Аяз ата оралып
Омар:
Жаңа жылым мол болсын.Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл, Бізге құтт ы жыл болсын.
Нұр. Ерканат:
Азя ата келіп тұр. Бізге салем беріп тұр.
Тамерис:
Салеміңді қайтейін. Конфет жегім келіп тұр.
Данияр:
Аяз ата қандайсын. Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал тағып ап, Бізді неге алдайсың.
Ақшақар би.
Жүргізуші: Балалар енди биз ескі жылмен коштасайық.
Мешін сөзі: Салеметсиздерма балалар мен ескі жыл мешінмін.
Жүргізуші сөзі: Балалар ортаға Санта клаустарды шақырайық.
сантаклаус биі:
Аяз ата сөзі:
Ойын: Қар жинау.(Шарты балалар жерже жатыган карды
шелекке жинауы керек, кім көп жинайды сол бала жеңіске жетеді.)
Сиқыршы келуі
Сиқыршы сөзі:
Тауықтың келуі:
ЖҮРГІЗУШІ:Балалар бізге кім келді. Тауық (БАЛАЛАР АЙТАДЫ)
Тауық: Сәламатсыздарма балалар. Мен келип жеткен жаңа жылмын. Енди сендермен бір жыл бойы бірге боламын.
Аңдардың келуі: Тышқан, аю, тулкі
Аю сөзі
Жүргізуші сөзі: Қош келдіңіздер, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.
Төрлетіңіздер, келіңіздер сіздерге арналған ойнымыз бар.
(Кез келген музыка)
Ойын. Кім қатты (Шарты кез келген музыка жібереміз,
музыка тоқтағанда қатып қалады, кім қозғалса сол ойынан шыгады.)
Хор.
Сөз соңында: Ьала бақшамыздың меңгерушісі: Гүлнар Каменқызына сөз кезегін береміз
Бала бақшамыздың әдіскері: Тоғжан Көшербайқызына сөз кезегін береміз
«Өркен» ясли бақшасы
«Еркетай» тобы.
Тәрбиешілері: Құдасбекова Ү
Жұмасатова Н

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген