400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»


Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Ит, Доңыз, Аязата, Ақшақар, Клоун, балалар, Жалмауыз кемпір.


Музыка ойнап тұрады.


Жүргізуші: Армысыздар қонақтар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?


Балалар: Жаңа жыл мерекесі!


Жүргізуші: Балалар, ортамызда жарқырап тұрған не?


Балалар: Ол -  шырша!


Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?



Тауда туып Тауда өсіп Алдияр Ф

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген Амир Ж

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз


Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз Нурдос Е

Көптен күтіп сагынған.



Орысша тақпақтар айтылады


Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар

(шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)


Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені қаптан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша, жарық екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен

бірге ойын ойнап ән салайыншы.


Ән «Шырша жыры»


Клоун жұмбақ жасырады

Жерде қар бар.

Суда мұз бар,

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгіл болады? Қыс



Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын

Тауып көрші сен оны Аққала



Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады Аяз



Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады Қар


Клоун: Жарайсыңдар балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.


Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?


Балалар: Аязата мен Ақшақар.


Жүргізуші: қәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.


Балалар: Аязата, Ақшақар (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.


Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге соншама айқайлап жатырсыңдар?!


Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?


Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!


Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?


Жалмауыз кемпір: Жоқ.


Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!


Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)



Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Аяз ата бізге адаспай келу үшін кішкентай Гномдардан көмек сұрайық.


Би «Гномиков»


Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, солай ма екен!


(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығлып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )


ИТ кіреді

Ит: Жалмауыз кемпірге шәуілдеп: Қастық жасағаныңды қоймайсың ия кемпір. Сен бізді алдасаң, мен сені алдап кеттім. Сенің алып тастаған жол белгісін мен мыны иіс сезгіштігімнің арқасында тауып алып орныныа қадап қойдым. Қорықпаңдар , саспаңдар балалар аяз ата мен ақшақар міндетті турде келеді.


Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.


Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр гой деймін, шақырайық, қол соғайық,қарсы алайық


Балалар: Аязата, Ақшақар! (деп 2 рет қайталайды)


Аяз ата мен Ақшақар, доңыз кіреді.


Аязата:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?


Балалар: Ия Аяз ата


Ақшақар: 

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....


Балалар: Жаңа жыл!


Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге


Балалар: Аязата!


Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....


Балалар: Әдемі!


Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.

Құтты болсын


Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)


Аяз ата:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!


Балалар: Бір екі үш шырша жарқырай түс (3 рет айту керек)

Шырша жарқырайды.?



Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.

Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар!Мыны бейтаныс қонақты танымадық қой?


Аяз ата: Ит қане келе ғой. Балалар қане тыңдаңдар мына ит жылы сендерге бір жыл бойы адал қызмет жасады. Енді иттің орнын келе жатқан жылымыз доңыз басады. Біз сендермен мына досымыз ескі жылды итті құрметпен шығарып салайық. Қане достым сау бол. Біз саған дән ризамыз.


Ит: Ал жолдастар, қонақтар қоштасатын уақытта жетті. Келер Доңыз жылында ауырмай сырқамай аман есен болыңыздар. Сау болыңыздар.


Аяз ата: Ал Доңыз қош келдің арамызға. Бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға деген тартуларын тамашалаңыздар.


Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән кұрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.


Ән: «Елочка»


Жүргізуші:Аяз ата біздің бүлдіршіндер жаңа жылға арнап тақпақтар дайындап келіпті


Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың Али


Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке – шеше

Құтты болсын Жаңа жыл Сұлтан


Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де. Айару О


Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған, Айдын

Сәлем бepді жұртына.


Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан, Самир

Аяз ата оралып.





Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып

Жолын қойдық жарық қып, Азат

Шыршаларға шам іліп.


Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды Еркеназ

Ол да көптің бірі болып.



Би: Ақшақарлар биі


Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр Бекзат

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр


Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы Ислам

Көз тоймайды қараса.


Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын Арина

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын


Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз Іңкәр

Аяз Ата келгенде

Билейміз, ән саламыз.

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын Нартай

Шырша келді ортаға


Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, Сая

Мықты болу өзіңнен.


Ойын: «Жібер мені» ойын Аяз атамен


Аязата: Балалар сендер мені жеңдіңдер. Жеңістеріңе сай мен сендерге сыйлық әкелдім.Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады. Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.


Аязата:

Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, мықты болыңдар.


Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Сау болыңдар, балалар


Балалар:Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар! «Кұтты болсын Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды.Осындай керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа жылымыз құтты болсын! Отбастарыңызға тек бақыт қуаныш нұры жаусын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі