400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл ертеңгілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Тышқанның және т.б персонаждардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Доңыз, Сиқыршы,Тышқан, балалар, ата – аналар.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Хор: «Жаңа жыл»

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Доңыз: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,
шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық

Хор: «Аяз ата келді»

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Балалар сендер бүгінгі мерекеге тақпақ жаттадыңдарма?Қане,айтыңдаршы. (Малика, Інжу, Ахметали, Алдияр, Т.Дария, Іңкар, Аслан, Елназ, Қайсар, Мұртаза)

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.


Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.


Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр


Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын


Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!


Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!Ал,енді біздің бір топ қыздарымыздың биін тамашалаңыздар!

Би: «Жасыл шырша » биі (Дария, Адина, Іңкар, Інжу, Малика, Дария, Аруназ, Аяна)

Жүргізуші: Жарайсындар!

Ойын: «Кім жеңеді?» (Шарты:4 орындықпен – 5 бала шығарып,музыка әуені басталғанда балалар айналып жүреді орындықтарды,әуен тоқтағанда орыдыққа отырып қалу керек. Отыра алмай қалған бала ойынға қатыспайды,солай орындық санын азайтып отыру керек.Ойынды 2 рет қайталау керек.)

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата – аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: Қане, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған?

Жүргізуші: Балалар,сендер Ақшақарға,жаңа жылға арнаған тақпақтарыңды айтып беріңдерші,мүмкін Ақшақарда көп ұзамай келіп қалар.(Алина, Айбар,Айғаным, Ақбота, Мирас Мади, Аяна)

Тілеймін бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл


Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.


Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.


Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.


Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.


Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.


Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.



Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес. Балалар менің қоржынымда сыйлықтар көп,сендердің бар өнерлеріңді тамашалап болған соң таратып беремін жарайма?

Балалар: Жарайды

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табыңдаршы, аты кім?

Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)

Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Ақшақар:. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Балалар сендер қандай әдемісіңдер,маған ән айтып беріңдерші.

ӘН: Кел жаңа жыл! (топпен бірге)

Ақшақар:Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!

1) Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр….

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге…..

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер бәрің….

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.

Құтты болсын….

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

(Жаңа Тыщқан жылы келеді.)

Жаңа жыл (Тышқан) Тышқан: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі: Қош, қош, Ескі жыл!
Тышқан:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жүргізуші: біздің тобымызмыздың сізге арнаған заманауи биін тамашалаңыз!

Би: «Заманауи би» (барлық топ)

Аязата: Бәрекелді, недеген өнерлі топ.Ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Хор: Аяз ата (ақ қырауға малынған)

Жүргізуші: Бүгінгі жаңа жылға арналған ертеңгілігімізді қорытындылай келе,жаңа жылдық лебізін білдіру үшін балабақшамыздың басшылығына сөз кезегін береміз. Қонаққа келген 1-2 ата-аналарға сөз беру.

Жүргізуші: Ал, енді, естелік ретінде жасыл шырша жанында суретке түссеңіздер болады.











































КМҚК «№37 бөбекжай - балабақшасы »



















«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

(Ертеңгілік)





















Тобы: ІІ кіші топ «Достық»

Тәрбиешілер: Қаламбек С









2019-2020 оқу жылы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі