жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
«Құтты
болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты:
Балаларға
мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның
қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне,
балалардың Аязатаның, Ақшақардың,
Қоянның карнавалдық киімдеріне назар
аударту; көңілді ойындар ойнату, достық
қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар
ойнату.
Қатысушылар:
Жүргізуші,
Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, Аққала,
балалар, ата - аналар.
Музыка ойнап
тұрады.
Жүргізуші:
(жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар.
Басталады Жаңажылдық карнавал, маска
да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында
қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата
шақырғанның бірідағы қалмайды. Басталады,
басталады, жаңажылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық!
(қолшапалақтау, балаларекі –
екіденкіреді)
Жүргізуші:Сәлеметсіздер
ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп,
әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін
балалар, қандай мереке?
Балалар:Жаңа
жыл!
Жүргізуші:Балалар,
ортамыздағы әсем не?
Балалар:
Шырша!
Жүргізуші:
Шыршамыз
қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!
Енді балалар, шыршаны айнала ән айтайық.
Ән: Жаңа жыл
Келді міне, жаңа жыл,
Шаттық сыйлап әр үйге.
Жаңа бақыт, жаңа нұр,
Үлкен, кіші, сәбиге.
Айдай ару Ақшақар,
Көмекшісі сол екен,
Аяз ата Ақшақар,
Сыйлықтары мол екен.
Жүргізуші:
-Жарайсындар, қандай жақсы ән! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Сайқымазақ: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы. Қане, балалар көңілімізді көтеріп бір би билейікші!
Би:
"Құртақандар" (гномдар). Барлық
бала билейді
Жүргізуші:
Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі
киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз,
көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің
жаңа жылдық мерекемізге кім
жетпейді?
Балалар:
Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші:
кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар
дауыспен айқайлайық.
Балалар:
Аязата, Аязата (деп 2 рет
айтқанда, есік
ашылады
да, Қоян
кіріп
келеді.)
Қоян:
Ойпырмай,
түрлерін
қара!
Неге тамақтарынды
жыртып
жатырсыңдар?!
Жүргізуші:
Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті
адам
алдымен
амандасып
алады
дегенді
білмейсің
бе?
Қоян:
Білсем
бұйырмасын!
Жүргізуші:
Мұны
тіпті
мына
бүлдіршіндеріміз
біледі.
Ал, саған
тіпті
ұят.
Саған
ешкім
үйреткен
жоқ
па?
Қоян:
Жоқ.
Жүргізуші:
Сен өзі қайдан шықтың? БізАяз
атаны
шақырып
едік
қой?!
Қоян:
Ал,
мені
мерекеге
неге шақырмайсындар? Аяз
ата
сендерге
бәрібір
келмейді,
өйткені мен ормандағы
жол
көрсететін
белгіні
алып
тастадым,
енді
ол
жол
таба
алмайды
ха - ха - ха (деп
секіреді)
Жүргізуші:
неге олай
еттің?
Аязата, Ақшақарсыз
қандай
жаңа
жыл
келмек?
Қоян:
Ә, бәлем, солай
ма
екен!
(осы кезде
боранның
гуілдеген
дыбысы
естіледі.
Қоян
тоңа
бастайды
да, біреулердің
киімдерінің
астына
кіріп,
ата – аналарға
тығылып,
соңында
шыршаның
астына
тығыла
бастайды
)
Аққала кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен Аяз атаның жолын көрсетіп тұратын белгілерді кім ауыстырып тастағанын білгім келеді. Соны іздеп жүрмін.
Балалар:
-Қоян
Аққала:
-Қоян қайда? Шық бері
Қоян:
-Кешіріңдерші мені, енді олай жасамаймын. Мен де мерекеде сендермен бірге жаңа жылды қарсы алғым келеді.
Жүргізуші:
-Жарайды
бір жолы кешірейік.
Алыстан Аязатаның
дауысы естіледі.
Жүргізуші:
Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін,
шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды
ұмытайық!
Балалар:
Аязата, Ақшақар!
Аязата:
Сәлеметсіңдар
ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз
ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл
бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды
жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа
жылдың түнінде
Жасыл шырша
түбінде.
Кездессем
деп
сендермен,
Тарасам
екен
сыйлықтар,
Оданасқан
не сый бар.
Қуаныш
сыйлаубалаға
Одан
зор
бақыт
бола ма!
Сендерді
көргеніме
сондай
бақыттымын!
Ақшақар:
Сәлем,сәлем балалар
Барша ата-аналар
Келіп қалды мінекей,
Қар ханшасы-Ақшақар!
-
Сәлеметсіз
бе,Ақшақар!
Ақшақар:
-
Балалар,
мына
шыршамыз
көңілсіз
тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы
сөздерімізбен
оның
шамдарын
жарқыратайық!
Қуант
бізді,
таңырқат
шамдарыңды
жарқырат!
(3 рет
айту
керек)
Балалар:
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Жүргізуші:
-Балалар шыршаны айнала ән шырқайық.
Ән: Сәлемет пе, Аяз ата!
Таяғы бар, қолында,
Қар борайды соңында,
Қандай сыйлық бар екен,
Арқалаған қабында.
Сақалының ұзын-ай,
Саудыраған мызын-ай,
Жарқыраған оттары,
Жаңа жылдың қызығы-ай.
Жүргізуші:
-Аяз ата, балалардың жаңа жылға арналған тақпақтарын тыңдаңыз
1.Ай-Назым:
Жасыл
шырша орманнан,
Бізге
арнайы келіпті.
Ойыншығын
балалар,
Шыршаға
әкеліп іліпті.
2.Ернұр:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
3.Аңсар:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
4.Жанель:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
5.Мирас
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Келе жатқан жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
6.Қамар-Сұлу:
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән-жырды,
Шырқатайық өлеңді.
7.Амирхан:
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын ақшақар
8.Салима:
Қандай әсем шартарап,
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.
9.Ай-Ару:
Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе аман алыстан,
Сәлем, Аяз атамыз.
10.Айя:
Жаңа жылда жаңаша,
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша,
Аппақ аяз атамыз.
11.Еңлік:
Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті-ақ,
Маған кәмпит көп берсең,
Тағы айтамын тақпақ.
12.Кирилл:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Аққала:
-Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
-Ия!
-Ендеше, қар лақтыру ойынын ойнайық
Ойын: «Қар лақтыру»
Аққала:
- Балалар, мына жер жылы екен, мен еріп кетуім мүмкін. Мен енді қайтайын. Сау болыңдар!
-Сау болыңыз, Аққала.
Аязата:
-Енді балалар қандай өнерлерің бар, тамашалайық. Мен сендерге көп сыйлықтар алып келдім.
-Сұлу қыздарымыз сізге би билеп береді.
Би: Қуыршақтар. Қыздардың барлығы қатысады.
13.Ерасыл:
Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
14.Аружан:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Орандың ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
15.Дарын:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
16.Мейіржан:
Базарлықты балалар,
Әкеліпті ол тағы
Қарасып деп тамсанып,
Безендірдік шыршаны.
Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Балаларға сыйлықты.
17.Тимур:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
18.Айбар:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл,
Ата-әже, әке-ана,
Құтты болсын жаңа жыл.
19.Дияр:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
20.Исахан:
Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
21.Жансерік:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
22.Музафар:
Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл.
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр.
Би: «Көңілді балалар» биі.
Қатысатындар: Амирхан, Жансерік, Ернұр, Музафар, Айя, Қамарсұлу, Мирас, Жанерке, Карина, Айбар, Кирилл, Аделя, Ерасыл, Мейіржан, Дарын
23.Карина:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
24.Шахниза:
Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
25.Жанерке:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты көп алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
26.Аделя:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
27.Аниса:
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойында әзір – бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
Би: «Шалала».Қатысатындар: Жанель, Айару, Исахан, Еңлік, Тимур, Дияр, Аниса, Салима, Аңсар, Айназым, Аружан. Шахниза
Жүргізуші:
-Балабақша меңгерушісі Жанат Нүсіпжанқызына құттықтау сөз беріледі.
Аязата:
Бәрекелді,
бәрекелді. Ақшақар қызым Сайқымазақ
балам өнерлерін көрсеткен балаларға
сыйлықтарын берейік
Аязата мен
Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар:
Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын
да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз,
барлығың да көңілді, әдемі бала
екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш
көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты
болу өзіңнен.
Ақшақар:
Сау болыңдар, балалар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген