400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құтты болсын жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
«Құтты болсын, Жаңа жыл!» Мақсаты: балаларға меркелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендіргеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар. Қатысушылар: Аязата, Ақшақар, Әтеш, Мешін, Клоун, балалар, ата-аналар. Музыка ойнап тұрады. Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, масқа да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бәріне қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол ұстасу арқылы балалар екі-екіден кіреді) Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып келіпсіңдер. Мына жерде шыршамызда бар екен. Ал, бүгін балалар қандай мереке?
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға меркелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендіргеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар.

Қатысушылар: Аязата, Ақшақар, Әтеш, Мешін, Клоун, балалар, ата-аналар.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, масқа да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бәріне қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол ұстасу арқылы балалар екі-екіден кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып келіпсіңдер. Мына жерде шыршамызда бар екен. Ал, бүгін балалар қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңа жылдық ертегілеріміздің ашудағы құттық сөзін «Еркемай» балабақшасының басшысына сөз береміз.

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі!

Ойыншықтар неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен!

1.Мейіржан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аязата оранып.

2.Ұлжан:

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

3.Нариман:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

4.Айзере:

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

5.Аружан:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

5.Серік:

Жаңа жыл жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шыша жанында

Билип барлық бала жүр.



Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді , қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер балалар силықты ашып көрейік. (көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә бұл мен. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Менде сендермен жаңа жылды қарсыалайыншы!

Балалал: Иа

Клоун: Қазір мен балаларды орман гномдарына айналдырып жіберемін.(Сиқырлы таяқшасымен балақайларды орман гномдарына айналдырып жіберемін.)

Жүргізуші: Қане, гномдар, бірігіп билеңдер!

«Гномдар биі»

Клоун:Жарайсыңдар балалар, жақсылап би биледіңдер.

Клоун: Балалар сендер ойын ойнағыларың келіп тұр ма?

Балалар: Иа

Клоун: Олай болса мен сендерге арнап бір ойын алып келдім. Ойынымның аты «Шыршамызды безендіру».

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді бізге кім жетіспейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне, онда Аязатамызды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Ақшақар (деп 2-3рет айтқанда, есік ашылады)

Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!

Амансың ба жаңа жыл,

Амансың ба достарым.

Сендерді көріп қуанып,

Орманымнан келіп қалдым

Еркемай атта балабақшаға.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңдайды

Ақшақармын арайлы.

Аязата: Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сиқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуат бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат. 3 рет (қолдарын шапалақтатады) (Шырша жарқырайды.)

Жүргізуші: Балалар біздің шыршамызда көңілденді. Қош келдіңіздер, Аязата Ақшақар, алыс жолдан шаршап келдіңіздер.

Әсем әнде биде бар,

Отыр ата сәл демал.

Лана:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оралды ақ көрпеге,

Асқартау қарлы шың.

Шұғыла:

Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Жігер:

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Айлин:

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аязатаны.

Мустафа:

Қыс келді, қыс келді.

Ақтарып ақ қарды.

Жүргізуші: -Ал енді, балалар, өткен жылдың қонағы мешін арамызда жүр екен, ортаға шақырайық.

Мешін:

Ескі жылдың патшасы,

Мешін деген атым бар.

Келе жатқан жаңа жыл

Әтеш деген досым бар

Ескі жылмын қош сау бол.

Жүргізуші: Балалар көңілді шыршаға тойымызды жалғастырайық.

Би: Қол шатыр.

Ақшақар: Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал сендер аяқтаңдар! Қарға үлгіп дала тұр, келе жатыр...

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келді бізге...

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – кү







лкі таралсын.

Құтты болсын....

Балалар: Жаңа жыл!(3рет)

(Жаңа жыл келеді)

Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Тауықпын.

Кукарику, кукарику

Таң атпастан ән салам

Жаңа жылым мен болам

Дауысыммен жар салам.

Жүргізуші: Кәне, балалар бәріміз «Шырша жыры!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязата, Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоуын бәріміз!

Ән: Шарша жыры

Аязата:Бәрекелді, өте өнерлі жақсы балалар екен .Енді сыйлықтарын берейік.

Аязата мен Ақшақар сыйлықтарын таратады.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштастын да мезгіл де келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді әдемі балалар екенсіңдер.

Аязата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Біздің силығымызға риза болсаңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа балалардыңда өнерін тамашалайық. Ал, балаларым сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жылға! » арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларымызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі