жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Құтты болсын Жаңа жыл" мерекесі
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Мақсаты:
балаларға мерекелік көңіл -
күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді
безендірілгеніне, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас
ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар,
Түлкі,
Клоун, аю, ит,
әтеш, балалар, ата - аналар.
Әуен ойнап
тұрады.
Жүргізуші:
(жүргізушінің даусы тыс жерден шығады)
-
Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады
Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша
жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата
шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық
карнавал! Мереке
иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар
екі - екіден кіреді)
Жүргізуші:
Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар!
Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып
кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті
ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай
мереке?
Балалар:
Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді
ашудағы құттықтау сөзін мектеп директоры Отчегарова Р.Б. және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақсылықова Г.М.
беріледі.
(Құттықтау сөз және грамоталар үлестіріледі.)
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды
қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән
салайық.
Ән: «Аппақ, аппақ
жапалақтап» (ХОРОВОД)
Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен
көп! Ал, енді, біздің
кішкентай даярлық тобының балаларының өнерлерін
тамашаласақ.
0 «А» сыныбы
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы
тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар
балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр!
Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер,
балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты
ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін, көңілді клоунмын. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы.( көңілі түсіп кетеді)
Ал,
мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы
алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды
ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4
орындықпен 2 ата –ана 2 оқушы
шығады)
Клоун: Бәрекелді,
балалар!
Клоун: Балалар, бізде шыршамыз бар,
әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де
бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім
жетпейді?
Балалар: Аязата,
Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен
айқайлайық. Аяз ата
аууууу
Балалар: Аяз ата, Аяз ата (деп 2 рет
айтқанда, есік ашылады да, Түлкі билеп кіріп
келеді.)
Түлкі кірген кезде музыка
қосу . Түлкі залды айналып балалармен бір билеп
шығады.
Түлкі: Ойбай түрлерін қара! Неге
тамақтарынды ауыртып, айғайлап, шулап жатырсыңдар
ммм?!
Клоун: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Түлкі: Білсем бұйырмасын! (ойланып
қалады)
Клоун: Мұны тіпті мына
бүлдіршіндеріміз біледі. Ал,
саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Солай емеспе,солай солай солай
ғой .
Түлкі: Жооооооқ.(майысып айтады).
(Сол кезде аю есінеп, керіліп жатады.)
Аю: Әййййййй, бұл не шу. Менің ұйқымды кім бұзды? Мұнда не болып жатыр ?
Клоун: Ой, Аюбай аға, бұл жерде жаңа жыл мерекесі болып жатыр. Бәріміз көңілді мерекеде би билеп, ән салудамыз. Сіздің оянып, біздің мерекеде көңіл көтергеніңіз дұрыс болар. Келіңіз, бәріміз бірге 1 «а» сыныбының өнерлерін тамашалайық.
1 «а»
сыныбы:
(Сол кезде аю мен клоун мәз болып « жарайсыңдар, жарайсыңдар» деп
балаларды мадақтап жатады)
Клоун: Түлкішек, түлкішек, Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Түлкі: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп майысып, билей жөнеледі.)
Жүргізуші: Түлкішек, неге олай еттіңіз ,
енді қайттік? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл
келмек?
Түлкі: Ә, бәлем, солай ма екен!
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Түлкі тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
(Алыстан Аязатаның дауысы
естіледі.)
Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар келе жатыр
ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды
ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аяз ата:
Сәлеметсіңдер
ме,
балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты
ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту
керек)
Балалар:
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады)
Шырша жарқырайды.
Аяз ата:
Балалар, менің қарша қызым қайда жүр
екен, кім тауып береді екен маған?
Жүргізуші: Ал, ендеше, Аяз ата балаларымыз сізге аздаған өнерлерін көрсетпекші, соны тамашалақ қалай қарайсыз?
2 «а» сынып оқушылары
Аяз ата: Жақсы, жақсы.
Аяз
ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің
Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай өнерлі балалардан кейін
кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік
өнер
көрсеткен балаларға.
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табынаршы, аты кім?
Балалар:
Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар:
Сәлеметсіңдер
ме,
балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі,
неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар:
Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді
бізге.....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер
әрі....
Балалар:
Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар:
Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл ( Ит
жылы): Кім
десендер, мен жаңа жылмын,Итпін.
Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала
келсін.
(Сол кезде қытқылдап Әтеш келеді)
Әтеш: Қыт –қыт –қыт менің Итекеш досым менің жылымда Егеменді елімізде көптеген игі істер көп болды. Мысалы: Экспоның ашылу салтанаты...және т.б. Сондықтан да сенің жылыңда да көп жақсы істер атқарылсын. Ал, енді менің қоштасатын кезімде жетті. Менің кішкентай достарым өз өнерлерін көрсеткісі келіп тұр екен. Қазақстаным жайнай берсін дей келе, 4 « а» сыныптың орындауындағы «Жаса Қазақстан » биін тамашалаңыздар. Қош сау болыңыздар!
(Құт-құт-құт деп ұшып кетеді)
4 « а» сынып оқушылары: «Жаса Қазақстан» биі
Жүргізуші: Бәрекелді. Аяз ата, Ақшақар , сайқымазақ, аю, түлкішек, мына жерде тағы да өз өнерлерімен тамсандыратын өнерлі балақайлар келіп қалыпты. Солардың өнерін тамашаласақ, қалай қарайсыздар.
3 «а» сынып оқушылары:
.
Клоун: Аяз ата , Ақша қар балаларға
сыйлықтарын таратып беретін кез келіп қалды ғой деймін. Солай ма,
балалар? (деп мәз болады)
Аяз
ата: Әрине, балақайлар. Қарша қыз,
сен маған балақайларға сыйлықтарын үлестіріп беруге көмектесіп
жіберсең.
Аяз ата мен Ақшақар
сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Аяз ата ,
балақайлармен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді,
өнерлі,
әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Сау болыңдар!
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар!
Осымен, біздің бүгінгі «Құтты болсын, Жаңа жыл!» мерекесі өз мәресіне жетті. Жаңа жыл тек қана жақсылық пен қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген