жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Құтты болсын,Жаңа жыл!"
Балалар әуен ырғағымен бірінің соңынан бірі кіріп,әсем шыршаны айналады.
(Балалар орындарына отырады. Ортаға екі бала шығады).
1-бала: Қыс қызығы тамаша 2-бала:Жаңа жылда жол болсын!
Ойнаймыз біз таласа Әрбір үйде той болсын!
Думанымыз жалғассын Берекелі жыл болсын!
Жаңа жылға тамаша Ақ дастархан мол болсын!
Жүргізуші: «Жаңа жылым бақыт сыйласын,
Көгімізде бейбіт құсы самғасын.
Төгілтіңдер Жаңа жылдың жақсы әнін,
Қуанышпен арайлансын ақ таңын!» дей келе «Қарлығаш» тобының «Құтты болсын ,Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.Олай болса шыршамызды айналып «Шырша жырын» айтайық.
Ән: «Шырша жыры»
3-бала:Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
.4-бала:Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп тағынған
5-бала:Қуантайық баршамыз
Ортамызда шыршамыз
Бүгін келді қонаққа
Аяз ата ,Қарша қыз
6-бала:
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр
түгел шолып.
Қарсы алғалы
жаңа жылды,
Ол да көптің бірі
болып.
7-бала:Қайда
қызық болса думан,
Аяз Ата
сонда болды.
Күндіз үйде ойнап
бізбен,
Балалармен бірге
болды.
8-бала:Тілеймін
бар әлемге
Жаңа бақыт,жаңа жыр
Ата –әже,әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл!
(Музыка ойнайды Мыстан сыпырғысына мініп алып,ұшып келеді).
Мыстан: Пай-пай!
Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның
кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе
екен?(Осы
кезде Мыстан төменге еңкейіп, шыршаны
түбірімен жұлып алғысы келеді. )
Жүргізуші: Мыстан
кемпір! Мыстан оған мән бермейді де
шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап
жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға!
(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді:
-Туу!Маңдайдағы терін сүртіп,
тұрып.Мына шыршаның тамырының терең
отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. (Сол
кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп
қалады да): Мынау қандай қызық кілт өзі,
осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып
көрген, сандықтың кілті болар. Сол
сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып
еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға
тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты
ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына
бip байып қалармын!Мыстан
Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан
бip таяқ түседі.
Жүргізуші: Балалар,
Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті
ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде
шырқап,атамызды шақырайық!
Балалар:
Аяз
ата,Аяз ата,Аяз ата.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата
жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге
кетемін.
Аяз Ата:
Айналайыным-ау, не болып қалған саған,
ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар:
Жоқ,жоқ. Ауырып
тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді,
үйге қайтамын.
Аяз Ата:
Қызым-ау, не айтып тұрсың!
-Қарашы,біз тойға келдік!
-Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяз
Ата:
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым!
Қандай
жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен
амандасады)
Аяз Ата: Рахмет,рахмет
балаларым! Кәнекей
қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды
көтер. ( Ақшақар
басын көтермей тұрады.)
Аяз
Ата: Қарашы,
балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада
әсем безендірілген екен. Бәрі де тым
сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын
жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
(Сол
кезде Ақшақар жылап тұрып)
Ақшақар: Ата,мен
шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды
жоғалтып алдым!Осы
кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір
мен-ақ өзімнің таяғыммен шамдарды
жағайын ,- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз
ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны
қатырып тастайсыз.
Аяз Ата: Ақшақар,
сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар:
Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Жүргізуші: Жаңа
мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып,
қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп
алды, сол емес пе екен? Кәне,
Аяз
аталар ,іздеп
көріңдерші, сол затты мүмкін тауып
берерсіңдер.
Аяз
Ата: Жарайсың,
көмекшілерім!
Жүргізуші: Кәне,бізде
шырша жағуға көмектесейік, әнімізді
айтайық.Балалар
қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата
Ақшақарды қасына шакырып, шыршаны
жаққызады.
Ән: «Кел,кел Жаңа жыл»
Би : «Аяз ата»
9-бала:Ал балалар қанекей
Ән мен жырға басайық
. Тақпақ айтып,би билеп
Той думанды бастайық.
10-бала:Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын –жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.
11-бала:Аңсаған қыс келді,
Жауды көп ақша қар
Әппақ ақ түске енді
Жайқалған бақшалар.
.12-бала: Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Шырқатайық ән -жырды
Шырқатайық өлеңді
Жүргізуші:Ақшақар біздің қыздарымыз «Жаңа жыл» әнін шырқап бермекші.
Ақшақар:Жарайды, олай болса бәріміз бірге шырқайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Би: «Тауыс»
Ақшақар:Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар:Иә.
Ойын: «Кім жылдам?
(Бокс қолғабымен кәмпиттерді жинау.)
13-бала:Ақ қырауға малынған
Сақала да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берлі жұртына
14-бала:Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
. 15-бала:Жаңа жыл,жаңа жыр
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
16- бала:Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Күтеміз аяз атаны
17-бала:Жаңа жыл жаңа нұрды ала келсін,
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп қала берсін.
Ән: «Шыршаға бардық».
Ойын: «Боксерлар қолғабы».
(Үрленген шарларды боксер қолғабымен ұрып жару керек.)
Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздарымыз сізге өнерлерін көрсетпекші.
Би: «Латина-Америка»
Аяз-
Ата: Ой!
Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды
бip куантып, тастадыңдар.
: АязАта!
Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз
бе?
Аяз- Ата: Әрине,
барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!
Ақшақар сандықтың кілті қайда
?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей
шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай
кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы
ілініп тұрған кілт пе?
Аяз-
Ата: Иә,сол
кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз
Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті
шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз-
Ата: Қап,
әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз
оны іздеп келейік.
(Осы
кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем!
Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны
ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны
артқа қарай итереді)
copyright -
http://sc-pr.ru
Аяз-
Ата: Мына
ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған
бер,балалар сыйлықтарын күтіn
қалды.
Мыстан: Ойбай-
тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де
керек.
Аяз-Ата: АҺ,
бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi
қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым
мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан
кемпір тұрған бойында қатып
қалады.)
Мыстан: Әй,
Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой,
не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің
ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ,
бермеймін.
Аяз-Ата: А-а,
онда осылай тұра бер. Мен
кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата!
Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар
менің қояр тілегімді орындасын,
жұмбақтарымды шешсін.
(Осы
кезде мыстан қалпына келеді)
Жалпы би.
Аяз ата:Рахмет балалар.Сендер өте өнерлі екенсіңдер.Мен сендерге жай келмей өзіммен бірге сыйлығымды ала келдім.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, осымен «Меруерт» тобының ертеңгілігі аяқталды.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!
МКҚК « №89 Б/б»
Келісілді Бекітілді
Әдіскер: Меңгеруші:
Тасмағанбетова Б.К Суйенбаева Г.М
Алматы қаласы,Алатау ауданы КМҚК«№95 бөбекжай-балабақшасы»
Ертеңгілік:«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Тобы: «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы
Музыкалық жетекші:Дуйсебаева Л.
Тәрбиеші:Байназарова Р.С
Алматы 2019жыл
Безендірілген залға музыка әуенімен балалар кіреді.
Қыс қызығы тамаша Жаңа жылда жол болсын!
Ойнаймыз біз таласа Әрбір үйде той болсын!
Думанымыз жалғассын Берекелі жыл болсын!
Жаңа жылға тамаша Ақ дастархан мол болсын!
Жүргізуші: Құрметті, ата˗аналар! Сіздерді келе жатқан жаңа тышқан жылымен құттықтаймыз.Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді- дей, келе «Қарлығаш» тобының «Құтты болсын ,Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Балалар, қараңдаршы шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз қандай әдемі. Осы шыршамызға арнап жаңа жылдық « Шырша жырымызды» айтайық.
Ән: «Шырша жыры»
1-бала:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
2-бала: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.
Ақ мамыққа бөлеп алады маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
3-бала:Жасыл шырша қош келіпсің
Сені аңсап жүрдік біз
Өзіңменен жаңа жылды
Қарсы алуға келдік біз
4-бала:Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңін де айтамыз.
5-бала: Тілеймін бар әлемге
Жаңа бақыт,жаңа жыр
Ата –әже,әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл!
6-бала: Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын –жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр.
(Әуен естіледі,Ақшақардың шығуы.)
Жүргізуші: Балалар бізге Ақшақар келе жатыр екен. Қане,қарсы алайық.Музыка әуенімен Ақшақар кіреді.
Балалар: Сәлеметсіз бе, Ақшақар
Гном: Ақшақар сіз неге көңілсізсіз?
Ақшақар: Біздер шырша тойына келе жатыр едік, мен Аяз атадан орманның ішінде адасып қалдым. Енді әсем шыршаның шамдарын кім жағады.
Гном: Ақшақар сен жылама. Менің достарым көп. Біз саған мына әсем шыршаның шамын жағуға көмектесеміз.
Балалар:Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Таңырқат, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат 1, 2, 3(Шырша шамы жанады.)
Жүргізуші: Бізде Гномдар Ақшақардың көңілін көтеру үшін би билейді.
Би: «Гномдар»
(Қоянды қуып ішке қасқыр кіреді)
Қоян: Құтқарыңдар, көмектесіңдер. Мені қасқыр қуып келе жатыр.
Қасқыр: Тоқта бәлем, тоқта. Мен сені жеймін.Қасқыр шыршаға соғып құлап қалады.
Қоян: Ой, қасқыр есінен танып құлап қалды. Енді не істеймін. Қасқыр қасеке тұршы.«қоян қасқырды үрлеп тұрғызып алады»
Қасқыр: Ой, қандай әсем шырша. Мына жерде Жаңа жыл тойы болғалы жатыр ма?
Ақшақар: Иә, қасқыр. Сен қоянды жеме. Жаңа жыл болса келіп қалды. Мен Аяз атаны таба алмай, адасып қалдым. Одан да бірігіп Аяз атаны іздейік. Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Балалар Аяз атаны күтіп қалды ғой.
Қасқыр: О, жаңа жыл дейсің бе? Бізде қарсы аламыз ба? Жарайды, қоян мен сені жемеймін, екеуміз дос боламыз.Екеуі айналып билейді.
Бәрі: Біз доспыз.
Жүргізуші: Сендер шынымен де дос болдыңдар ма, ендеше бізбен бірге Жаңа жыл тойын тойлаңдар, ендеше балалармен бірге ән шырқайық.
Ән: «Кел,кел Жаңа жыл»
Жүргізуші: Қоян мен қасқырдың достығына арнап тақпақтар айтайық.
7-бала:Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл.
8-бала: Тілеймін бар әлемге
Жаңа бақыт,жаңа жыр
Ата –әже,әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл!
9-бала:Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.
Сол кезде қуана қутыңдап қу түлкі келеді.
Түлкі: Түлкінің бірімін
Ұсақ емес ірімін
Орман кезіп шарқ ұрып
Қоянды іздеп келемін
Ұзын құлақ ақ қоян
Өзі сондай сақ қоян
Шыға келсең алдымнан
Шап берем де жеп қоям.
Түлкі: Тіміскілеп, иіскелеп.Мен қоянның тәтті исін сезіп тұрмын.
Ә˗Ә˗Ә қайда екен, әлгі қоян(қоянды тап беріп ұстап алады)
Түлкі: қоян мына жерде отыр екен ғой!Мен сені жеп қоямын
Ақшақар: Туу, сендерге не болған, бәрің қоянды жегілерің келе береді екен? Одан да Жаңа жылды қарсы алайық, Аяз атаны іздеп табайық. (жылайды)
Қасқыр: Не істейміз достар? Ақшақарға аяз атаны табуға көмектесейік. Аяз атаны іздеп табайық.
Қоян: Ақшақар жылап отыр ғой, көңілін көтерейік
Түлкі: Достар, таптым, таптым! Мен оны жұбата аламын. Бізің көңілді, сиқырлы биіміз бар. Ол Ақшақардың көңілін көтереді. Бізге мына балалар да көмектессін.
Би: «Аңдар»
Ойын: «Аяз атаның сиқырлы қабы»
Ақшақар: Жарайсың, түлкі досым! Мен сергіп қалдым рахмет! Бірақ маған Аяз атасыз көңілсіз. Маған Аяз атаны тауып әкелесіңдер ме?
Аңдар: Әрине, тауып әкелеміз.(қоян қасқыр, түлкі шығып кетеді)
Жүргізуші: Ал, балалар, біздің достарымыз Аяз атаны тауып әкелгенше тақпақтарымызды айтып, мына Ақшақардың көңілін көтерейік.
10-бала:Кел билейік үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл
11-бала:Аппақ қылып даланы
Аппақ қылып қаланы
Қуандырып баланы
Төрле, төрле, жаңа жыл!
12-бала:О, жаңа жыл кел төріме
Күттік қана сені біз
Қуаныштың желкенінде
Тербеледі еліміз.
13бала:Жаңа жылдың жасұланы
Біз шыршаны қарсы алған
Тамашаға асығады.
Қала, дала ән салған.
Жүргізуші: Аяз атаны бәріміз дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата келші, бізге сыйлық берші- ауу
Аяз ата: Естідім, естідім. Мен мен де келе жатырмын (Доңыз,Аққала келеді)
Амансыңдар ма, халқым!
Амансыңдар ма, балаларым!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем көздерің
Алып келдім сіздерге
Жаңа жылдың жылуын.
Аққала:Амансыңдар ма,балалар! Аяз атаны жолда адасып жүрген жерінен сіздерге алып келдім.
Доңыз: Сәлеметсіздер ме,балалар! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты болсын!
Армысың аманбысың жаңа жылым,
Жаңа жылым!О менің жаңа жырым.
Тышқан жылы келгенше сыйға тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ақшақар: Ата, сізді іздеп қатты қапаландым, жыладым. Мына достарым болмағанда не істер едім. Рахмет достар!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер ! Төрлетіңіздер.Балалар сіздерді күтіп отыр. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Би: «Худ.гимнастика»(Алма)
Жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп, кеңейсін
Ортақ ойы арманы
Жақсы достар көбейсін˗дей, отырып балалардың тақпағына кезек берейік.
14-бала: Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
15 –бала: Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
16-бала:Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
17-бала:Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.
18-бала:Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Ән: «Аяз ата»
Би: «Қуыршақтар»
(Ортаға Доңыз шығады)
Ойын: «Аяз атаның қабы»
Доңыз: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім,ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар
( Ортаға тышқан шығады.)
Тышқан:Келдім міне еліме
Келдім міне жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шығам енді төріме.
Жүргізуші:Жылым келді тағы да
Амандық тілеп еліне
Тышқан жылы қош келдің
Төрлетіңіз төріме
Би: «Микки Маус»
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»
Аяз ата: Балалар, өте тамаша! Енді Ақшақар екеуміздің барар жеріміз әлі көп. Бізді басқа балаларда күтіп отыр. Соған барайық.
Ақшақар: Ата балаларға сыйлық ше?
Аяз ата: Ой, кәрі басым ай ұмытып барады екенмін ғой.(Сыйлықты береді де шығып кетеді.)
Жүргізуші:
Құрметті ата˗аналар, жаңа тышқан жылы
отбасыларыңызға амандық бақыт әкелсін.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген