Материалдар / «Құтты болсын,Жаңа жыл!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құтты болсын,Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жаңа жыл мерекесін қызықты, жақсы көңіл-күймен қарсы алуға, кейіпкер болып ойнауға үйрету.Жаңа жыл туралы тақпақтар айтқыза отырып, сөздік қорларын молайту, қызықтыруға дағдыландыру. Көпшілік ортада тәртіпті, инабатты болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
201
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туғанбаева Айнұр Жұмаханқызы

Астана қаласы

68 «Балбұлақ» балабақшасы

тәрбиешісі




«Құтты болсын,Жаңа жыл!»

Мақсаты: .Балаларды жаңа жыл мерекесін қызықты, жақсы көңіл-күймен қарсы алуға, кейіпкер болып ойнауға үйрету.Жаңа жыл туралы тақпақтар айтқыза отырып, сөздік қорларын молайту, қызықтыруға дағдыландыру. Көпшілік ортада тәртіпті, инабатты болуға тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жаңа 2023 жыл кеп калды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар! Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа бақыт, жаңа нұр, табыс пен береке алып келсін. Жүздеріңіз жарқын, өмірлеріңіз мәнді,орталарыңыз сәнді, келген жылдарыңыз керемет келісіті жыл болсын!

Жаңа жылымымыз құтты болсын !(Балалармен бірге)

Ендеше ересектер «Аққу» тобының Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз!(Балалар орындарына отырады)

Әуен ойналып: Сиқырлы таяқша ұстаған Сиқыршы кіреді.

Сиқыршы:Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Сиқыршы:Мұнда әлі шырша жаңбаған ба? Ал сендер неге көңілсіз отырсыңдар? Олай болса шыршамызды жағу үшін Аяз атамызды бәріміз бірге шақырайық!!

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата....

Әуен ойналып: Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.

Жалмауыз кемпір: Оооооо мұнда не болып жатыр? Не деген әдемі шырша, не деген әдемі балалар? Мынау әдемі жайқалған шыршаларынды жулып аламын қазір....

Тәрбиеші: Тоқтай тұр, Сен бұлай ашуланба Жалмауыз кемпір! Сен оданда жаңа жылды бізбен бірге көңілді етіп қарсы ал! Біз би билеп, ән айтамыз! Сенде бізбен бірге би билеп, ән айтсаңшы..... Жалмауыз кемпір: Жо жооқ, мен той тойлап, көңіл көтергенді жек көремін! Қатысқымда келмейді мұндай жаңа жылға. Сол себепті Аяз Атаны Сиқырлап қамап тастадым. Сиқыршы: Жалмауыз кемпір бұл не жасағаның ? енді балалар жаңа жылды Аяз Атасыз қалай қарсы алады? Балалардың көңілдерін түсірдің ғой .Сен не себепті бұлай жасадың?

Shape1 Жалмауыз кемпір: Ия.... Себебі Мені барлық балалар жек көреді, менен бәрі қорқады, Жаңа жыл мейрамына тек Аяз атамен Ақшақарды шақырады, ал мені шақырмады. Сол себепті Аяз атамен Ақшакарды сиқырлап қамап тастадым. Сиқыршы:Балалар ендеше Жалмауыз кемпірде бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алсын жарайма? Қарсы емессіңдерме? Балалар: Жоқ қарсы емеспіз!

Жалмауыз кемпір: Кешіріндер балалар мен бірақ Аяз атамен Ақшақарды сиқырлап тастаған соң оларды кері қайта сиқырлап қамаудаң босата алмаймын! Сиқыршы: Ол жайлы уайымдамаңдар менің сиқырлы таяқшам бар емеспе? Снип, снап, снурре ! (Сиқырлы әуен естіледі...) Тәрбиеші: Ал балалар ендеше, Аяз атаны бәріміз бірге шақырайық! Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.......

Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме,балалар! О, қандай әсем, бұл жер! Қандай сүйкімді балалар! О,қандай керемет мереке!

Shape2 Ақшақар: Сәлеметсіздер ме қонақтар ,балалар?

Сүйсіндірген маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Аяз ата:Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асуалармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз ата!Біз сізді асыға күтіп отырмыз.

Аяз ата: Неге шыршаларың жанбаған.Кәне ,бәріміз бірге шыршаны жағайық.

Қуант таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Балалар барлығы: Шыршамыз, жарқыра, жарқыра!

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата жолдан шаршады.Шаршамыздың шамын жағып көмектесті ғой, біз де ән – жырдан шашу шашайық.

«Шырша» әнін қабыл алыңыз!

Тәрбиеші: Балалар біздің ескі жылымыз қайда? Балалар ескі жылымызды шақырайықшы?

Біздіңі ескі жылымыз қалай аталады?

Балалар: Барыс

(әуенмен барыс кіреді)

Барыс: Салеметсіңдер ме? Балалар!

Балалар: Амандасады.

Тәрбиеші: Барыс жылы «Аққу» тобына көптеген жақсылықтар, жетістіктер әкелді. Сізге рахмет! Ендеше Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз!


Тәрбиеші: Рахмет балалар! қандай өнерлі балаларсыңдар! Барыс жылы біздің балаларымыздың тақпақтары ұнадыма?

Барыс (ескі жыл): : Ұнады рахмет балалар! Мен сендермен қоштасайын.

Балаларым балғындарым.

Алғысым көп айтар менің

Дәл осылай артықырақ,

Қарсы алыңдар Қоян жылын.

Тәрбиеші: Аяз ата, балалардың барлығы, сізге өнерін көрсетіп жатыр. Енді, сыйлық күтіп отыр.

Аяз ата: Мен сендерге сыйлық дайындағанмын. Оны жаңа жыл алып келді.

Жаңа жыл қайда екен?

Қоян: (Жана жыл): Жаңа жыл, жаңа жыл!

Мен жаңа жыл Қоянмын

Жаңа келіп таныстым.

Еңбек еткен жандарға

Көл – көсірмен табыспын.

Жақсылыққа бөлеймін.

Тыныштықты тілеймін.

Береке мен ырысты

Мен жыл боламын табысты.

Тәрбиеші: Әз, жаңа жыл қош келдің, қазағыма, еліме, отаныма.Әр жыл сайын осылай балалардың керемет күлкісімен бірге Жаңа жылды қарсы ала берейік.

Балалар енді Аяз ата, Ақшақармен бірге ойын ойнасақ қалай болады?

Ойын: «Шыршаны безендіру»(Ортаға екі ана шығады..)

Тәрбиеші: Рахмет Аяз ата! Ойын ойнап бойымыз бір сергіп, көңіліміз көтеріліп қалды ғой.

Ал ендеше балаларымыздың «Конфетка» биін тамашалайық!

Қалған балаларымызда сізге дайындаған тақпақтарын айтып берсін!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар Балалар!Аяз ата сізге «Аққу» тобының Ұлдана деген бүлдіршіні хат жолдапты.(Әуенмен хат оқылады)

Көрініс «Шынайы қуыршақтар»

Біздің осындай биші, өнерлі балаларымызбен қоса вокалға қатысатын әнші балаларымыз бар!

Ән: «Жаңа жыл» вокал орындаушылары орындайды.

Жігіттеріміздің биін қабыл алыңыздар! Би «Джентельмендер»

Тақпақ: 1 бала: Бар баланың қонағы

Төрлеп ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай.

Қашан мырза болады.

2 бала Жасыл шырша қош келіпсің.

Сені күтіп жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды

Бір күтуге келдік біз.

3 бала: Тақпақтарды жаттадық.

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып.

Бізге риза болсын деп.

4 бала: Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша

5 бала: Біздің Бавлабақшада

Шырша тойы болады

Аяз ата Ақшақар

Біздермен мәз болады

6 бала: Жаңа Жыл Жаңа Жыл

Жаңа Жылға Жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

7-бала: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

8 бала: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле Жаңа Жыл

Молшылықты жыл болсын

Тәрбиеші:Балалар бәріміз бірге бірге ән айтайық!


Ән: «Сиқырлы ата»

(Аяз ата балаларға сыйлықтарын таратып, балалармен қоштасып, шығып кетеді.)








Тәрбиеші:

Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,

Балалар мен жастарға, кәрімізге,

Ашық аспан астында ойнап-күлсек,

Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек,

Алланың нұры жаусын әр үйге

Жақсылықты тілеймін бар әлемге

Жаңа-жылда әр үйге бақ дарысын,

Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.

Жаңа қоян жылы елімізге, жерімізге, бақшамызға құт, береке алып келсін.

Осымен біздің тобымыздың дайындаған ертеңгілік кеші аяқталады.

Тамашалағандарыңызға , рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!