«Құтты болсын,Жаңа
жыл!»
Мақсаты:балаларға мерекелік көңіл-күй
тудыру,шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар
аударту,көңілді ойындар ойнату,достық қарым-қатынас
ояту.
Жүргізуші:Қандай жақсы
шыршамыз,
Ән шырқайық,
баршамыз.
Тақпақ айтып,би
билеп,
Жаңа жылды
бастайық.
Құрметті әріптестер балалар
көптен күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті.Биылғы жаңа жыл
баршамыздың отбасыларымызға бақыт,береке,ынтымақ алып келсін.Сендер
бүгін,сәнді киініп әдемі болып кетіпсіңдер.Мына жерде орман
аңдары,сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті.Ал,балалар
бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа
жыл!
Жүргізуші:олай болса жаңа жылға
әнімізді орындап жіберейік.
Хор: «Жаңа жыл туралы
ән»
Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді
ашуды бөбекжай-бақша меңгерушісі Қарлығаш апайға
береміз.
Жүргізуші: Балалар,бізде шыршамыз
бар,әдемі киінген балаларымыз бар,енді біздің жаңа жылдық
мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аяз
ата,Ақшақар!
Жүргізуші: кәне, онда Аяз ата мен
Ақшақарды шақырайық,бар даусымызбен
айқайлайық.
Балалар: Аяз ата Ақшақар деп екі рет
айтқанда Түлкі мен Мысық Базилио келеді қолдарында ара бар.Екеуі
мына ақшаны қалай бөлісеміз деп кіріп
келеді.
Түлкі:Қайтадан саған 500 т өзіңе
1000 т деп бөлесің ба?
Мысық:Ой мында не болып
жатыр?
Түлкі: қара Базилио мына ағашты әдемі
екен осыны кесіп алып сатсақ көп ақша табамыз.Екеуі жақындап
шыршаны кеспек болып арамен әрекет
жасайды.
Қара Базилио мына бір кілт
тұр.Орманда көрген үйшіктің есігінен емес па?Білесің бе онда тәтті
иіс шығып тұрды.
Мысық: Мүмкін онда ақша да бар
шығар?Түлкі шыршаны таста оданда үйшікке барайық тамаққа тойып
жейміз,жылынамыз,бай боламыз.
Түлкі:Шынымен кілтті тық
қаштық.(екеуі кетіп қалады)
Жүргізуші: Балалар бұлар Буратинодағы
түлкі мен Базилио бұлар неге келді екен. Қайтадан Аяз ата мен
Ақшақарды шақырайық .
(Аяз ата,Ақшақар,Жаңа жыл
Жолбарыс кіреді)
Аяз
ата:Амансыңба
ұлдарым
Әппақ ару
қыздарым
Келіп кеткен
жап-жаңа
Құтты болсын
жылдарың.
Әнуар:Жаңа жылға
сәніміз
Біздің айтар
әніміз
Келдің бе аман
алыстан
Сәлем,Аяз
атамыз.
Аяз
ата:Шыршаның шамы неге жанбаған
кәне жағайық.
Жүргізуші: Аяз ата шыршаның шамын жағу
үшін сізді күттік.
Аяз
ата: Олай болса шамдарын
жағайық.
Қуант бізді, таңырқат
шамдарыңды жарқырат! (3 рет қайталау
Жүргізуші:Қош келдіңіздер,алыс жолдан
келдіңіздер.
Әсем әні де,биі де
бар.
Отыр ата,сәл дем
ал.
Шырша шамдарын жақтық ендеше
шыршаға арнап ән шырқайық.
Хор: «Шыршаға
бардық»
Жүргізуші: Аяз ата біздің
балаларымыз шеттерінен өнерлі,тақпақты да жақсы
айтады.
Бекжан
Әкелсін жыл
ырыс-құт,
Әлемде болсын
тыныштық
Ән салайық
жаңаша
Жаңа жылым
тамаша!
Фариза
Сақалы аппақ
күмістей
Тістері аппақ
күріштей,
Қызыл ала
шапаны
Сағындым аяз
атаны!
Дильназ
Қараңдар мынау
шыршаға,
Неткен әсем
көрікті.
Жаңа жылдық
думанға,
Аяз ата
келіпті.
Ғибрат
Ал, балалар
билейік,
Ойнайық та,
күлейік.
Аяз ата
қуансын,
Тақпақ айтып
берейік!
Еркеназ
Жаңа жылмен,
Жаңа
жылмен
Құттықтаймыз
әрине.
Әкемізді,
анамызды
Қонақтардың
бәрінде!
Жүргізуші:Балаларымыздың тағы да жаңа
жылға арнаған әнін тыңдайық.
Ән:
«Шырша»
(Дильназ,Инабат,Мүслім)
Аяулым
Тілеймін мен бар
әлемге,
Дос көп болсын Жаңа
жыл.
Ата-әже,
ата-әже,
Құтты болсын Жаңа
жыл.
Дидар
Жаңа жыл, Жаңа
жыл
Жаңа жылға жаңа
жыр
Жасыл шырша
жанында
Билеп барлық бала
жүр
Бекнұр
Тамаша.
Тамаша!
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса.
Олжас
Жаңа жылда
балалар,
Тек қуаныш
көріңдер,
Ауырмаңдар
ешқашан,
Мықты болып
өсіңдер!
Әнуар
Тауда туып, тауда
өсіп
Шырша келді
ортаға
Қандай жақсы
шыршамыз
Ән шырқайық
баршамыз.
Дияр
Тамаша сый
алып,
Келді Аяз
атамыз
Шаттанып,
қуанып
Шырқап ән
айтамыз.
Жүргізуші: Аяз ата көрдіңізбе біздің
балалар шетінен өнерлі Сезім қызымыздың орындауында «Жаңа жыл»әнін
тыңдаңыз.
Мейіржан
Келіңдер,
келіңдер,
Тақпақ айтып
беріңдер.
Жомарт Аяз
атадан,
Сыйлық алып
көріңдер!
Нұрай
Жаңа жылым мол
болсын
Басқан қадам оң
болсын
Төрле, төрле Жаңа
жыл
Бізге құтты жыл
болсын.
Мүслім
Ақ қар жапты
даланы,
Ақ жамылды
айнала
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді
ортаға.
Инабат
Әдемілеп біз
ілген
Ойыншықтар
тізілген.
Қандай әсем
шыршамыз,
Ән шырқайық
баршамыз!
Ерзат
Аппақ тоңға
оранып
Базарлықты мол
алып,
Келді алыс
сапардан
Аяз ата
оралып.
Сезім
Жасыл желек
жамылған
Асыл моншақ
тағылған
Міне сұлу
шыршамыз
Көптен күтіп
сағынған.
Нұрислам
Келді міне Жаңа
жыл,
Қарсы алайық
бәріміз.
Күліп ойнап, би
билеп,
Ән салайық
бәріміз.
Жүргізуші: Әуеледі
әніміз
Жаңа кірді
сәніміз
Аяз ата мен
Ақшақарға
Би билейік
бәріміз.
Би: «Джингл
бенс»(қыздар)
Жүргізуші: Аяулым қызымыздың орындауында
ән «Жаңа жыл келді»
Аяз
ата: Ал енді мен балаларға әкелген
сыйлықтарым бар еді.Ол алыста үйшіктің ішінде.Ол үшін сендер
балалар цып,цып,цып деп айту керек.
Балалар:Цып,цып,цып.(Ортаға үйшік
келеді)
Аяз
ата: Кәне ақшақар қызым кілт
қайда?
Жүргізуші: Аяз ата қандай кілт туралы
айтып тұрсыз анау шыршада ілініп тұрған емес
пе?
Аяз
ата: Ия
Жүргізуші: Ол кілтті түлкі мен Базилио
мысық екеуі алып кеткен.
Аяз
ата: Қап олай болса мен оларды
іздеп келейін.(Ақшақар мен Аяз ата кетіп қалады.Екінші жағынан
Базилио мен Түлкі келеді)
Түлкі: Кәне үйшік маған алдымен
түлкіге артымен айнал.
Мысық: Неге маған артымен саған
алдымен.Жоқ маған алдымен түлкіге артымен
айнал.
Түлкі: Тыңда Базилио сен үйшіктң
немен ашпақшысың кілт менде емеспа.
Мысық: Әкел кәне
кілтті.
Түлкі: Бермеймін.
Аяз
ата: Қап бәлем мында екенсіңдерғой
ұрлықшылар.Кәне кілтті беріңде.Балалар сыйлық күтіп
отыр.
Түлкі: Неге береміз бізге де сыйлық
керек.
Аяз
ата: Олай болса мен сендерді
қатырып тастаймын.
Түлкі мен
Мысық: Керек емес аяз ата алағой
кілтті.(екеуі қашып кетеді)
Аяз ата балаларға сыйлықты
таратып береді.
Аяз
ата: Ал балалар біз енді кетеміз
келер жылы кездескенше.
Жүргізуші: Жаңа жыл отбасымызға жаңа
нұр,жаңа шуақ,табыс пен береке,қуаныш пен береке алып келсін.Келесі
жаңа жылда кездескенше аман сау-болайық.