400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құттықтау сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құттықтаулар

Сабақтың мақсаты: құттықтаудың түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін таныту. Құттықтауға байланысты қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін үйрету

Сөздік қор мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Талдау түрлерін қайталау арқылы емле-ережелерді үнемі жадыда ұстау

Мемлекеттік марапаттауларды білуге, жанындағы адамдарға немқұрайлы болмау, мейірімді әрі елгезек болуға баулу

Сабақ түрі:      жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары

Сабақтың құрал-жабдықтары: үлестірмелі қағаздар, қанатты сөздер мен сабаққа қатысты жеке жазбалар

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысы мен сабақ өткізуге дайындығын тексеру

ІІ.Өткен тақырыпқа шолу

Кластер

Байланыс түрі               хат түрлері

халыққа қызмет көрсету

ІІІ. Жаңа сабақ

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Құттықтау»

Бұл сабақта құттықтау деген не, құттықтаулардың түрлері мен мәтіні туралы

әңгімелейміз. Жаңа сөздермен танысамыз. 

 

Ой қозғау. Құттықтау дегенде сендерге бірінші қандай ой келді?

 Біреуді құттықтау, мейрамға байланысты, біреудің жетістігіне құтты болсын айту

- Иә, құттықтау деген сөздің ұғымы әртүрлі. Құттықтаулар түрлі мерекелік шараларда қолданылады.

- Ендеше құттықтаудың түрлеріне тоқталып көрейік...

 

Түрлері: 1) Ресми құттықтаулар, мемлекеттік марапаттаулар- Елімізге қатысты өзге мемлекеттердің құттықтаулары, ҚР-ның марапаттаулары

               2) Мерекелік құттықтаулар- түрлі мейрамдарға байланысты түрлі деңгейдегі (отбасылық, құрбы- достар т.б) құттықтаулар

Құрметті досым!

Туған күнің құтты болсын! Денсаулығың мықты өмір жасың ұзақ болсын. Оқуда озат, ата-анаңа мейірімді бол. Әрқашан да қадамыңа гүл бітсін!

Шын жүрекпен-досың.....

 

-Бұл қандай құттықтауға жатады?

Мұндай құттықтаулардың мәтіні еркін, сөздері құбылмалы болады.

Ресми құттықтаулардың мәтіні ресми іс қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге  болмайды.

Мысалы,

Осыған орай еліміздің марапаттау белгілері де бар

 


«Құрмет» ордені                        «Алтын қыран»

«Ерлігі үшін»                             «Халық қаһарманы»

«Жауынгерлік ерлігі үшін 

Салыстыру стратегиясы

Ресми құттықтаулар Мерекелік құттықтаулар

У. Жаттығу жұмысы

Гүлшоғында жазылған тапсырмаларды орындау

 А. Құттықтау, марапат,орден, мейрам сөздеріне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау

 

 Ә. Сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасау

Мемлекеттік марапаттаулардың барлығының да атаулары мемлекеттік тілде.

Аяулы анашым, мейрамыңыз құтты болсын.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20 жылдығы құтты болсын!

УІ.Сабақты қорытындылау.

Сонымен, құттықтау дегеніміз 

Кубизм.  Құттықтау

 1.Анықта.    Құттықтау дегеніміз-

2. Топтастыр

3. Аяқта Құттықтау  мәтінінде қолданылатын стиль түрлері: ресми іс                                                  қағаздар стилі мен көркем әдебиет стилі

4. Жинақта. 

УІ. Үй тапсырмасы.

Ресми құттықтауға баспасөз бетінен мысал қарастырып келу

УІІ. Бағалау. Сабақ барысындағы жұмыстар бойынша белсенділік танытқан оқушылардың білімін бағалау









Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілімді: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.  Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем   Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.  Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне: Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем! Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен. Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын Туған ана тіліңде сөйлемесең, – дегім келеді. Сырдың сыршыл ақыны Ә.Тәжібаев «Біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде: Күркіре, көңілім, Қобызым, гуле, бұрқыра! Күн жаңа туды Ерлікке ғана ұмтылар. Елдікті қорға, Елдікті бастар ерлікті айт. Сарының сенің Рух берсін жуас жұртыңа Жырла, тілім, жырла! - дейді. Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!   



















Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі: - түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл; - ежелден жазба мәдениеті бар тіл; - әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар; - демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл; - құрылым-құрылысы кемелденген тіл; - егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі