жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі
Өтетін уақыты: |
28.10.2015 жыл |
Коучинг сессияның тақырыбы: |
Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі |
Мақсаты: |
Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру 2. Әр отбасының, мұғалімнің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. |
Міндеттері: |
1.Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын, жауапкершілігін арттыру. 2.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ұмтылдыру. 3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру 4. Оқу- тәрбие үрдісінде мектептің, ата-ананың тығыз байланысты үйлесімді жүргізу. |
Күтілетін нәтиже: |
Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғынады, тиімділігіне көз жеткізеді.Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар: |
Құзіретті тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау. |
Тапсырмалар: «Танысу» тренингі (5 мин)
|
Балаың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуде жарасымдылық мектеппен ата-ананың әлеуметтік ортаның бірлесіп жұмыс істеген жағдайда үйлесімділік табады.Ендеше бүгінгі коучингімізді танысу тренингінен бастайық.Ортаға ата-аналар, мұғалімдер «Шаттық шеңберін» құрайды.Шеңберіміз-көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып біз- бір-бірімізге жылылық, жақсылық сыйлайық.Ата-ана, мұғалімдер есімдеріне сын есім қосып айту арқылы тілектер айтады. Еркін атмосфера орнату , жақынырақ танысу, мұғалім мен ата-ананың жеке тұлғаның қасеттерін тану, білу мақсатындағы қарым- қатынас мәдениетін орнықтыру. Жемістер таңдау арқылы топқа бөлініп отырады. Жасыл жеміс (алмұрт) -ақылдылықтың, кеңпейілділіктің белгісі, сары жеміс (банан) - байлықтың, молшылықтың нышаны, қызыл жемісті (алма) таңдағаныңыз – бақытқа, қуанышқа кенелгеніңіз.
|
Қызығушылығын ояту (10 минут) «Тұлғаны тану» жәрмеңкесі» кофе-брейк. (5 мин)
|
Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзінде»: бейне роликтен көрсет.«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқанынын ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған сайын маңызы арта түседі.Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған ізгілікті, шынайы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда.
|
"Ой шақыру" әдісі (5 мин)
|
Білімі мен тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі қандай болмақ? Топтарға жалпы тапсырма: -Құзіретті тұлға деген кім? Құзіретті тұлғаға қандай қасиеттер тән? Тұлға қасиетін ашатын сөздер тауып жазады. Сол сөздерден кластер құрастырады. (қабілетті, өмірге сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті, мақсатшыл, қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды) |
Мағынаны тану
(25 минут) |
Құзіреттілікті қалыптастыруға арналған бейнеролик көрсетіледі. «Мен жастарға сенемін» бейне ролик Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «мен» ментолитетін және белгілі бір құзіреттілікті қалыптастыру негізгі субъект болмақ." Құзіреттілік - белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді" - деп көрсетеді.
|
Практикалық жұмыс (10 мин)
|
Топтық тапсырма: 1- топ Осы сөздердерді негізге ала отырып, құзіретті тұлға қасиеттерін ашу. 2- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай? 3- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады.
|
"Болжам" әдісі немесе "ой жалғау" тренингі (5 мин) |
Қарындаштың 5 қасиеті. Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп: -Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз гой, иә? –деп сұрайды. -Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды. Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді. Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді. Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астарлы ой: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді. Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астарлы ой: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді. Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астарлы ой: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді. Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді. Бұл сыни ойлауға арналған тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері өздері ой түйіп айтады. Қою қара курсивпен жазылған сөздер көрсетілмейді.
|
Құрастыру ойыны (10 мин) |
Құрастыру бөлшектері арқылы бір заттың макетін құрастыру.Құзіретті тұлғаны қалыптастыру идеясы болуы шарт. Сұрақтар : Сіз осы затты жасауға қандай мақсат қойдыңыз? Қандай іс- әрекет болды? Сол жолда сізге не қажет болды және қиындықтар кездесті ме?
|
Ой толғаныс (10 минут) Түйінді ой Кері байланыс (5 мин)
|
Бағдаршам арқылы топтар бір - бірін бағалайды. "Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы коучингты бағалау. |
Қорытынды: (5 мин) |
«Түсінісу теоремасы» Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. -Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? - - Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?
Бала
– кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл
жан. Оның ойының тазалығы, арының
тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты
болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап,
танып білсе, оның алдынан кең әлемнің
есігі де солай ашылмақ.
|
Дереккөздер: |
ғаламтор мәліметтері. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген