жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі
|
Алматы облысы Балқаш ауданы Береке орта мектебі МДШО мкм ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған орыс тілі пәнінің мұғалімі Калыкова Рауан Амагелдіқызы Коучинг тақырыбы: Блум таксаномиясы. |
|
|
Коучинг тақырыбы: |
Құзіретті тұлға қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі |
|
Мақсаты: |
Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру 2. Әр отбасының, мұғалімнің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. |
|
Міндеттері: |
1.Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын, жауапкершілігін арттыру. 2.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ұмтылдыру. 3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру 4. Оқу- тәрбие үрдісінде мектептің, ата-ананың тығыз байланысты үйлесімді жүргізу. |
|
Күтілетін нәтиже: |
Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғынады, тиімділігіне көз жеткізеді.Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді. |
|
Сабақта туындаған негізгі идеялар: |
Құзіретті тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау. |
|
Тапсырмалар: «Шаңырақ» тренингі (3мин)
10 мин
Ой шақыру. (10 мин)
Практикалық жұмыс (7 мин) 1.Ой жалғау тренингі
Кофе-брейк.-10 мин
2. Ерікті микрофон 5-мин
Кері байланыс (5 мин) |
Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық Уықтар боп иіліп Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық. Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Суретте жасырылған оқушы, мұғалім, ата-ана бейнелерін таңдау арқылы 3-топқа бөлініп отырады.. Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзінде» : «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқаныны ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»деген ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған сайын маңызы арта түседі.Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған ізгілікті, шынайы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов : «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын.Білімі мен тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі қандай болмақ? Топтарға жалпы тапсырма: Құзіреттілік (құзырлылық)дегеніміз... 1.Құзырлылық туралы түсінік. Құзырлылық деген не? Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық (латын тілінде «соmpetens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.Құзырлылық маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «мен» ментолитетін және белгілі бір құзіреттілікті қалыптастыру негізгі субъект болмақ. Құзіреттілік -белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді - деп көрсетеді. Топтық тапсырма: 1- топ Құзіретті тұлға қасиеттерін ашу. 2- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай? 3- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады. Қарындаштың 5 қасиеті. Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп: -Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз гой, иә? –деп сұрайды. -Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын. Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына қарындаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала қарындашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды. Ол: -Мен көріп жүрген қарындаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар. Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді. Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді. Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол қарындашқа жанына ауыр тиеді, бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астарлы ой: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді. Үшіншіден, Қарындашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астарлы ой: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді. Төртіншіден, қарындаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астарлы ой: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді. Бесіншіден, қарындаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді. Бұл сыни ойлауға арналған тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері өздері ой түйіп айтады.Қызылмен көрсетілген сөздер көрсетілмейді. Сергіту -сәті
-Бұл кезеңде ата-ана, оқушылар, мұғалімдер бір-біріне өздерін толғандыратын сұрақтар қояды
Кері байланыс: «Ашық айтсам...» жаттығуы
Ашық айтсам...» Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________ Менің есімім_____________________________________________ Менің коучинг барысында түйгенім____________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Бәрінен де маған ұнады_________________________________ Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді? ______________________________________________________________________________ ұсыныс_________________________________________________ Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?_______________________________ _________________________________________________________________ |
|
Қорытынды: (5мин) |
«Түсінісу теоремасы» Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.
Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?(Ата-аналарға кеңес )
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан.
Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға
байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе,
оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген