жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Құзіреттілікке негізделген білім беру мазмұнын ұйымдастыру
Құзіреттілікке негізделген білім беру мазмұнын ұйымдастыру
М.С.Бағылбекова - Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының
оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену барлық Қазақстандықтардың алдында тұрған зор міндет. Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған.
«Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасымыз ұстаным еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. Аталған мақсатқа жету үшін ұстаздардың алдында зор міндет тұр.
Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән беріліп,көптеген игі істер атқарылуда. Соның бірі ТжКБ мекемелері педагог қызметкерлерінің 20 қараша-15 желтоқсан аралығында шет мемлекеттерде,атап айтқанда Ұлыбритания,Чехия, Малайзия,Финляндияда тағылымдамадан өтуі. Жамбыл облысынан осы бағытта 22 педагог тағылымдамадан өтсе, мен Қазақстан колледждерінің 25 педагог қызметкерімен Ұлыбританияның Глостершир елді мекенінде орналасқан INTO University of Gloucestershire оқу орнында «Академиялық ағылшын тілі және педагогикалық білім» тақырыбында тағылымдамадан өттім.
Тағылымдаманың мақсаты оқу үрдісінде еркін және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, академиялық оқыту контекстінде қабылдау, оқу, жазу және сөйлеу, грамматика және жалпы сөздік дағдыларын дамытатын ағылшын тілінің жалпы деңгейін дамыту.
Тағылымдама қорытындысы бойынша студенттер келесі нәтижеге жетті:
-Үлкен сенімділікпен сұхбаттасу;
-Базалық білімді қайталау;
-Тереңдетілген жалпы және академиялық сөз қорын қалыптастыру;
-Өз оқуың бақылау және дамыту жолдары туралы ұғым қалыптастыру;
-Оқыту құралдары,өзін өзі оқыту арқылы өз біліміндегі прогрессті бағалауды үйрену;
-Тыңдау,оқу,жазу,сұхбаттасу дағдыларын дамыту;
Осы
білімді жетілдіру шеңберінде ағылшын
тілін меңгерумен қатар келесі негізгі
тақырыптық мәселелерді қарастыруға
мән бердік:
-
Англияның білім беру жүйесі (мектепке
дейінгі, мектеп, арнайы және жоғары
білім берудің негізгі деңгейі )
- Англиядағы оқу орындарының материалдық-техникалық базасы
- Оқу үрдісіне қатысу арқылы оның ұйымдастырылу жүйесін танып,білу
Тағылымдамадан алған білім бізге келесі мүмкіндік берді:
- Модульдік оқыту технологиясын енгізуде оқу үрдісін ұйымдастыру
- Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдалану
- Ақпараттық технологияларды, викториналарды, дидактикалық ойындар мен тесттерді оқу үрдісінде мобильді қосымшалар арқылы тиімді пайдалану
Тағылымдама барысында шет елдік оқытушылар тұлға аралық қарым-қатынасқа негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдаланды. Оқу процессі барысында презентациялар,топпен жұмыс,ой қозғау әдісі,іскерлік ойындар,рольдік ойындар,сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою сынды интерактивті оқыту түрлері арқылы студенттің жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру,топтасып оқып үйренуге жағдай жасау,өздерін – өздеріне бағалату,іс – әрекет барысында білім алу әдістерін пайдаланды. Ол “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырумен қатар сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде педагогтің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.
Оқытудың мазмұны құзіреттілікке негізделген модульдік оқытуға негізделді.
Қазіргі таңда колледждерде кезең -кезеңімен құзіреттілікке негізделген модульдік оқыту жоспары енгізілуде. Модульдік оқу жоспары 2 жұмысшы біліктілігі мен орта буын маманы деңгейлерінің базалық, кәсіптік, арнайы модульдерінен тұрады. Әр модуль практикалық жұмыспен бекітіліп, аралық, қорытынды аттестациямен бағаланады. Модульдік оқу процесінің жоспары негізінде сабақ кестесі құрылады. Осы ретте Ұлыбританияның Глостершер университетіндегі апталық сабақ кестесі модульдік оқыту технологиясын енгізуде оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіруге өз септігін тигізуде.
Сабақ кестесінің мазмұнын келесі параметрлерді құрайды:
UNIVERSITY OF GLOUCESTERSHIRE
Weekly Programme: недельная программа:
Class: GE1
Course: General English Hours per week : 15 Часы
Level: Al_Tutors: Jane/Louise/Lynda Уровень:Al
Course book: Empower Al Week beginning: 11th December 2017
Учебник: Empower Al Начало недели 11 декабря 2017 года
Outcomes for this week; By the end of the week students will have.......
Результаты за неделю; К концу недели студенты должны уметь .......
Predicted content of listening, listened for general underst an ding and for the main idea
Понимают общий смысл и выделяют основную идею
Predicted content, read for general understanding, main ideas
Читает для общего понимания, выделяет основные идеи
Practised vocabulary for buying goods, food, entertainment and routines
Практический словарь для покупки товаров, продуктов питания, развлечений и процедур
Practised spelling correctly, using punctuation and correcting, and writing a note
Правильно знать орфографию, используя пунктуацию и исправление, а так же записку
Used English/English dictionary, recording new vocabulary, organising and correcting work Используемый английский / английский словарь, запись нового словаря, организация и корректировка работы
Practised pronunciation of word stress, question intonation and contractions
Практическое произношение слова, отсутсвие стресса, интонация вопроса и сокращения
Practised using countable and uncountable nouns, ed + ing adjectives, past simple and time adverbials)
Практика, использующая счетные и несчетные существительные, ed + ing прилагательные, прошлые простые и временные наречия
Monday Понедельник |
Wednesday Среда |
Thursday Четверг |
Friday Пятница |
Elisabeth/Becky |
Elisabeth/Becky |
Elisabeth/Becky |
Charlotte H./ |
1.The weather Погода |
Making plans Составление планов |
What did you do? Что ты сделал? |
Presentation preparation Подготовка презентации |
Mixed skills Weather vocabulary anc Ppast tense review Смешанные навыки Лекарство. Лексика и прошедшее время |
Mixed skills Going to for plans Смешанные навыки Переход к планам
|
Mixed skills talking about past holidays/activities Vocabulary of transport and expressions + go Смешанные навыки, говорящие о прошлых праздниках / занятиях Словарь транспорта и выражения + go |
|
Empower 9 b p,74-75 |
Empower U.12A |
Empower 9A p.72-73 |
|
2.Customs and traditions Обычаи и традиций |
Invitations Приглашения |
Christmas and New Year Рождество и Новый год |
Presentations |
Speaking + intonation |
Speaking + writing |
Speaking + reading |
|
Modals of permission and obligation Говорить + интонация Модальности разрешения и обязательства |
Polite language and going to review Говорить + писать Вежливый язык и обзор |
Vocabulary and review of going to for new Year Выступление + чтение Словарь и обзор предстоящего нового года |
|
Reward Elem. U.31 Elem Res Pk |
Empower 12C p. 100-101 |
Reward Elem u.24p.56 Book of Days |
|
Осыған байланысты «Ветеринария» мамандығының « Ветеринарлық санитар» біліктілігіне арналған оқу тәжірибе сабақтарының сабақ кестесін ұсынып отырмын:
Тобы: 2/ Ветеринария Жалпы сағат саны: 18
Оқыту нәтижесі, студенттер игеруге тиіс білім мазмұны
|
1.Ауылшаруашылық малдарын әртүрлі әдіспен бекемдейді 2.Қоректік орындарды дайындайды,микроскопия жасайды 3.Ветеринарлық сараптама жүргізеді 4.Жануарлар қоңдылығын анықтайды |
||||
Апта күні |
Дүйсенбі |
Сейсенбі
|
Сәрсенбі |
Жексенбі |
Жұма |
Оқытушы |
Р.Сарсенбиев |
Е.Исабаев
|
|
Е.Байсеитов |
|
Өткізілетін орны |
|
Жеке сектор
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Қоректік ортаны дайындау |
Ауылшаруашылық малын бекемдеу,байлау
|
|
Мал мен құстарды союға дайындау. Ет өнімдерінің қоңдылығын анықтау |
|
Модуль |
КМ 01 Жануарларды күтіп баптау және ауруларын ажырату |
КМ-02 Жануарлардың хирургиялық және акушерлік ауруларын тану |
|
КМ 03 Мал өнімдерін ветеринарлық санитарлық сраптау |
|
Студент білуі тиіс |
Микроскопия жасау,микробтарды қолдан өсіру |
Малды бекемдегенде қауіпсіздік ережелері,бекемдеу әдістерін білу |
|
Мал құстарды союға дайындауды,жануарлардың қоңдылығын анықтауды,мал союдың гигиенасы |
|
Құрал-жабдықтар
|
Қоректік орта,микроскоп |
Станок,арқан, бұғаулар |
|
Микроскоп, трехенелоскоп, петри шыны-ыдыстары |
|
Өндірістік оқыту,оқу тәжірибелік сабақ өткізуде сабақ кестесінің мұндай құрылымы дәстүрлі сабақ кестесіне қарағанда бірқатар сұрақтарға жауап берер еді:
1.студенттерге, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті оқу нәтижелерін бағалаудың
нақты критериилері қолжетімді болады
2.қорытынды баға қою кезінде ағымдағы бағалармен қатар оқытудың соңғы нәтижесін
шыңайы бағалау талабы қолжетімді болады
3.студенттер оқу бағдарламасын игерудегі әр түрлі себептермен болған үзілістерін жоюға
тырысады
4. студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға колледждің материалды-техникалық базасының сәйкестігі дер кезінде анықталады
5. әр модуль бойынша қалыптыстырылатын құзіреттіліктердің бірізділігінің өзара
байланысы сақталады.
Тағылымдамадан өту үшін оқытуға кандидаттың бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағалау үшін кіріс бақылауы жүргізіліп студенттер ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша 3 топта бөлек оқытылды. Тағылымдаман өту барысында әр аптаның соңында оқытушылар студенттерге тапсырмалар орындату, апталық оқу мазмұнына сәйкес жазба жұмыстарын жаздыру,жеке сұхбаттасу арқылы келесі мәселелерді анықтап отырды:
- студент прогрессі
- студенттің оқу бағдарламасын меңгеруі
- студенттің жақсартуды қажет ететін тұстары
- келесі сабаққа қажетті студентке әрекет ету нүктелері
Тағылымдама қорытындысы бойынша модульден шығу сынағы алынып, әр студентке бірнеше параметрлер бойынша анықталған деңгейдегі сертификат беріліп,
модульдік оқыту нақты біліктілікті бағалау арқылы аяқталды.
Осы бағытта туденттің білімін бақылау парағын ұсынып отырмын:
Құлан ауылшаруашылығы колледжінің 1513000 ветеринария мамандығының студенті Исақұл Маржанның 151303 2 Ветеринарлық санитар біліктілігі бойынша құзіреттілігін бақылау парағы
КМ |
151303 2 – Ветеринарлық санитар |
КМ 01 |
Жануарларды күтіп-бағу және ауруларын ажырату |
|
Ветеринарлық бақылау нысандарындағы ветеринарлық-санитарлық зерттеулер |
|
Індеттану микробиологиясымен.
|
КМ 02 |
Жануарлардың хирургиялық және акушерлік ауруларын тану |
|
Малдәрігерлік хирургия |
|
Акушерлік гинекология және көбеюдің биотехникасы |
КМ 03 |
Мал өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптауға дайындау |
|
Өсімдік және жануар текті өнімдердің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау |
КӘСІПТІК МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША СТУДЕНТ БІЛЕДІ:
№ |
ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАТЫН БІЛІМДЕР |
КМ 01
|
КМ 02 |
КМ 03
|
1 |
Микробтардың құрамы мен құрылысы |
|
|
|
2 |
Микроскопия жасау және микробтарды қоректік орталарда өсіру |
|
|
|
3 |
Жалпы індет ауруларына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру |
|
|
|
4 |
Сойылатын малдардың қондылығына сараптама жүргізу |
|
|
|
5 |
Сойылатын малдарды,құстарды тасымалдау құжаттарын толтыру |
|
|
|
6 |
Малды қабылдау құжаттарын толтыру |
|
|
|
7 |
Ерекше қауіп төндіретін өнімдердің ағзаға немесе қоршаған ортаға келтіретін зиянын анықтау |
|
|
|
8 |
Өнімдерді өңдеу мекемелеріне қойылатын талаптар |
|
|
|
9 |
Хирургиялық инфекцияны алдын алу шараларын ұйымдастыру |
|
|
|
10 |
Хирургиялық жұмыстарды ұйымдастыру |
|
|
|
11 |
Залалсыздандыру түрлерін,әдістерін,автоклавпен залалсыздандыру |
|
|
|
12 |
Анестезия жүргізу.Қан ағызу,қан құю әдістерін меңгеру |
|
|
|
13 |
Сынған сүйекке гипс салу әдісін,таңғыштарды,таңғыштық компресстерді |
|
|
|
14 |
Малдарды піштіру әдістерін,тентек тоқтыларға ота жасау |
|
|
|
КӘСІПТІК МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША СТУДЕНТ АТҚАРА АЛАДЫ
№ |
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР |
КМ 01
|
КМ 02
|
КМ 03
|
1 |
Залалды заттармен жұмыс атқарады |
|
|
|
2 |
Микроскопия жасайды |
|
|
|
3 |
Ауру малдан зағадат алады |
|
|
|
4 |
Өлген малдан зағадат алады |
|
|
|
5 |
Малдың денесіне гигиеналық жұмыстарын атқара алады |
|
|
|
6 |
Дәрілік заттарды ажырата алады,ұсына біледі |
|
|
|
7 |
Мал кешендерді заласындадырады |
|
|
|
8 |
Малдың союға жарамдылығын ажыратады |
|
|
|
9 |
Етті тасымалдау құжаттарын толтыра біледі |
|
|
|
10 |
Малды союға дайындау құжаттарын рәсімдейді |
|
|
|
11 |
Ветеринарлық санитарлық және гигиеналық талаптарды орындайды |
|
|
|
12 |
Жарамсыз өнімдерді қайта өңдейді |
|
|
|
13 |
Жарамсыз өнімді утильдейді |
|
|
|
14 |
Форма 2 куәлігін толтырады |
|
|
|
15 |
Инфекциялармен күреседі,жараға ену жолдарын болдырмайды,алдын алады |
|
|
|
16 |
Залалсыздандыру жұмыстарын автоклавпен атқарады |
|
|
|
17 |
Таңғыштарды пайдаланып, сынған сүйектерге гипс салады |
|
|
|
18 |
Еркек малдарды піштіреді |
|
|
|
19 |
Тентек тоқтыларға трепанация жасайды |
|
|
|
20 |
Ұрғашы малдың күйлеуін ажыратады,жануарды ұрықтандыруды біледі |
|
|
|
21 |
Гинекологиялық ауруларды ажыратады |
|
|
|
Еңбек нарығы сұраныстарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау мақсатында колледждің тұрақты дамуын басқаруды жетілдіріп, нақты кешенді шаралар белгілеп, педагогикалық үрдісті инновациялық идеялармен қамтамасыз ету бағытында ізденіспен еңбек етейік. Басты мақсатымыз студенттерге түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беріп және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау деп білейік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Course book: Empower Al
Глостершир университетінің ұсынған таратпалы дидактикалық материалдары, сабақ кестесі
Құзіретттілікке негізделген эксперименттік оқу жұмыс бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25.12.2009 жылғы №595 бұйрығымен бекітілген 1513000 Ветеринария мамандығының үлгілік оқу бағдарламалар жинағы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген