400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҚАБІЛЕТТІ ШИРАТАТЫН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширататын тапсырмалар жүйесін дайындаудың талаптарын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы








ҒЫЛЫМИ ЖОБА



Тақырыбы: «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҚАБІЛЕТТІ ШИРАТАТЫН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ»



Павлодар облысы Тереңкөл ауданы

«Тереңкөл ауданының Қызылтаң жалпы

білім беретін орта мектебі» мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі: Турсунова Бакытгуль Кайраковна







Зерттеу жұмысының көкейкестілігі:

Құзыреттілік - білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқудың арқасында алған білім алушының жалпы қабілеті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемелекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті.

Білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде мемлекет тарапынан қолға алынып, болашақта атқарылатын істер жоспарына енгізіліп, күн тәртібіне қойылып отыр.

Қазіргі таңда сабақта оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширататын тапсырмалар құрылмаған. Сонымен қатар құзыреттілік қабілет, ширату, талап туралы ұғымдарына түсінік ғылыми еңбектерде аз берілген. Оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширататын тапсырмалар жүйесін дайындау талаптары толықтай зерттелмеген. Сол себептен аталған қайшылықты шешу үшін зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде алып отырмыз.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширататын жеке мүмкіндігі анықталса, әр оқушының ішкі қабылдау мүмкіндігіне сәйкес тапсырмалар жүйесінің талаптары құрылса, онда оқушылардың құзыреттілік қабілеті ширайды.

Зерттеудің нысаны, пәні: Қазақ әдебиеті, 7-сынып.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширататын тапсырмалар жүйесін дайындаудың талаптарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

- құзыреттілік қабілетті анықтау;

- құзыреттілік қабілетін ширату;

- жүйелі тапсырмалар құрудың талаптарын табу;

- оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширататын тапсырмалар топтамасын айдарымен арнайы курс бағдарламасының талаптарын құру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бүгінгі таңда оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширату мәселесі басымдық пәнге ие болу көзделеді. Бұл жағдайда әр оқушының жеке мүмкіндігін диагностика арқылы бағамдап, оның нақтылы қай деңгейде екендігін межелеп, талапқа сай тапсырманы нұсқалы түрде құру. Деңгейліктерінің көрсеткіштері: қайталаным деңгейі (репродуктивті), эмпирикалық деңгей, эвристикалық деңгей, проблемалық деңгей, шығармашылық деңгей, креативтік деңгей, эзотерикалық деңгей.

Құзыреттілік қабілетті ширататын тапсырмалар дайындауға байланысты дидактикалық, ғылыми-теориялық негізде тұжырымдауын, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай құзырлы тұлғаны қалыптастырады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемаларына қатысты тірек ұғымдар мен басым бағыттарды айқындау үшін ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектерді талдау, зерделеу, сараптау, оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жайын, оның проблемаларын анықтау мақсатында әлеуметтік-педагогикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, сұхбат, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін қорыту) қолданылады.

Жобаның құрылым жүйесі:

І тарауда Оқушылардың құзіреттілік қабілеттерін ширату, қабілет туралы, оның талаптары туралы теориялық негізде қарастырылған.

Л. М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері» деген анықтама береді.

Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында «құзыреттілік» ұғымына «Білім беру құзырлары - бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығы»деп,-анықтама береді.

Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау қажет. Кез-келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады»,-деп, анықтама береді.

Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына-оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бередік.

Құзыреттілік ең алдымен оқушылардың ақпаратты сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Оқушы қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті бола алады.

Қабілет-бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.

Ширату-қатайту, қарқындату, бар күшін салу.

Талап-ынта, жігер, ықылас, міндет, жауапкершілік.

Өзіндік жұмыстарды қолдану арқылы құзыреттілік қабілеттерін ширатудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау қажеттілігі туындады. Біз өз зерттеу жұмысымызда осы ерекшеліктерді ескеріп, зерттеу мәселесінің шешімін іздестіру мақсатында ең алдымен оқушылардың құзыреттілік қабілеттерін анықтау кезінде компонентерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтадық.

Жоғары деңгейде оқушы өз ойын еркін түрде баяндайды, мәселені толық ашып көрсете алады. Қосымша құралдарды (вербальды және вербальды емес құралдарды) сауатты пайдаланады, мәселені шешуде шынайы қызығушылық танытады, білуге қызығушылығы басым, топтық қарым-қатынасты орнатуға бейім; диалог, пікірталаста ақпараттың талап етілетін мазмұнын шығармашылықпен қабылдайды, диалогқа, талқылауға белсенді араласады, топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді белгілейді.

Орта деңгейде оқушы өз ойын оқытушы жетекшілігімен ғана түсіндіре алады, мәселені баяндайды, қосымша құралдарды толық пайдалана білмейді; мәселенің шешімін оқытушының талап қоюымен іздейді, шешімін өз бетімен табуға сенімсіз, қатесін табады, бірақ оны түзете алмайды, қарым-қатынас орнатуда білімді мақсат тұтпайды, диалогты ұйымдастыруда енжар, диалог аясында әріптесінің пікірін тыңдайды, топта топтық жұмысты орындау барысында міндеттерді бөліседі.

Төмен деңгейде оқушы қарапайым үлгідегі тапсырмаларды орындайды, мағыналық құрылымда бағдар жасай алмайды, ойы шашыраңқы, мәселені шешуге қызықпайды, топта енжар, оқу материалының тек кейбір бөліктерін қабылдайды, топтық жұмысты ұйымдастыра алмайды, топта негізінен орындаушы қызметін атқарады, топтық пікірталастарда белсенділік танытпайды.

Оқу үдерісін ұйымдастыру мен оқушылардың білім деңгейін бағалауды бірінші кезеңге қойып, оларды арнайы ережелер бойынша өткізу, жаңа жүйеде өздігінен жұмыс істеуіне аса зор мән беріліп отырғанын анғартады.

Оқыту жағдайындағы оқушылардың өзідігінен орындайтын жұмыстарының тапсырмалар жүйесі.

Біздің пікірімізше, біз ұсынып отырған педагогикалық жүйедегі құралдар түрлерін біріктіретін жетекші идея – оқушылардың білім алу кеңістігінде өздігінен орындайтын жұмыстарды ғылыми-әдістемелік нұсқауларға сай жасау барысында өздігінен білім алу, біліктілік, шығармашылық қабілеттерін, дағдылары мен іскерліктерін дамытумен қатар, оларды өмірде қолдана білетін, мәдениеті мен дидактикалық қабілеті қалыптасқан тұлға дайындау болып табылады.

Зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттеріне орай қазіргі жаһандану заман талаптарына сай нәтижесінде - білім сапасы жоғары, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, құзыретті маман қалыптасады.

ІІ тарауда Оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне орай тапсырмаларды құру талаптарын қойылған. Мысал ретінде 7-сыныптағы Қ.Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңі алынды.

Мақсаты: Оқушылардың құзыреттілік қабілетін ширату, қойылған талаптарды өздігінен орындайтын жұмыстарын сапалы орындату арқылы анықтау. Олардың жеке тұлғалық қабілеттерін нығайту, құзыреттілік қабілеттерін дамыту.


Тапсырмалар:



І Қанатынан қаңтардың қары бүркіт,

Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.

Қырағы көз бүгінде қарауытып,

Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.


Санағанмен өлімнен өмірді артық,

Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып,

Тұла бойы құрыстап,

Шабыт қасып,

Денесі де кетіпті ауыр тартып.

  1. «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» демекші, қыран құс туралы шағын эссе жазыңдар.

  2. Қыран құстар туралы мақал-мәтел табыңдар.

  3. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқыңдар.

  4. Өлеңдегі қия, зәбір, құрыстап сөздеріне түсінік беріңдер.

  5. Өлеңнің идеясын ашыңдар.

  6. Басқа да ақын жазушылардың құран құс туралы қандай шығармаларын білесіңдер. (Абай «Қансонарда бүркітші шығады аңға», С.Сейфуллин «Қара бүркіт», С.Мұқанов «Лашын»).


ІІ ...Бауырында таулардың пұшпағы аунап,

О, жастық-ай!

Ауылдан ұшқан аулақ!

Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,

Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!

  1. Үзіндіні мәнерлеп оқыңдар.

  2. Қыран құстың суретін салыңдар.

  3. Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен салыстыра отырып, сипаттама беріңдер

  4. Таулардың пұшпағы, құрыш тырнақ, қоладай қайырылып, тышқан аулап сөз тіркестеріне түсінік беріңдер.

  5. Символ туралы түсінік беріңдер.

  6. «Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,

Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!» деген өлең тармақтарынан нені аңғардыңдар?



ІІІ Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп,

Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп

Қалғаны ма?

Ендеше

Бұл тірлікті

Қырандарша өтейін тәрк етіп!


  1. Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін

аудиотаспа арқылы тыңдату.

  1. Қыран құсы, құсбегілік жайында не білесіңдер? «Аңға шыққан кездегі

қыран құстың суретін салып, әрекетін бейнелеңдер.

3. Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп, жастықтың әрі кетіп, қырандарша

өтейін тәрк етіп деген жолдардағы сөз тіркестеріне түсінік беріңдер.

4. Өлеңге поэтикалық талдау жасаңдар. Көркемдегіш құралдарды табыңдар.

5. Өлеңді композициялық құрылымына талдаңдар.

6. Қандай бақыт қырандарша өмір сүру деген тақырыпта ойтолғау

жазыңдар.




ІV Қыран еді бұл неткен құдіретті!

Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті.

Көрген кезде осыны

Шіміркеніп,

Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!

  1. Б. Тлеухановтың «Елім менің» әніне қыран құстың биін қалай билер едіңдер.

  2. Бұл шумақта адам өмірінің қай кезеңдері бейнелеген?

  3. Аңшылыққа шыққан қыран құстың суреті беріледі. Суретке қарап сөйлем құрастырыңдар.

  4. Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  5. Ақынның суреттемелік шеберлігін танытатын сөз тіркестерін көрсетіңдер.

  6. Қыран құсының құдіреттілігі жайлы ойтолғау жазыңдар.



V Сабақ алып шежіре көне күннен,

Бәрі көздің өткізіп елегінен,

Қыранша өмір сүргенің

Қандай бақыт!

Қандай бақыт

Қыранша өле білген!


  1. Шежіре, елек, қыранша өмір сүру сөздер мен сөз тіркесіне түсінік беріңдер.

  2. Қыран қандай құс? Сипаттама беріңдер.

  3. Өлең құрлысына қарай талдаңдар.

  4. Символ туралы түсінік беріңдер.

  5. Осы шумақ арқылы ақынның айтпақ ойын ашып әңгімелеңдер.

  6. Бұл шумақта адам өмірінің қай кезеңдерін бейнелеген? Ойтолғау жазыңдар.


ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеліп отырған тақырыбымыз бойынша бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, құзыреттілік қабілеттерін ширатуға талаптар қоя отырып, тапсырмалар жүйесін дайындау жолдарын қарастырдық.

Оқушылар құзыреттілік тапсырмалар орындау арқылы сөздік қорын, дүниетанымын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.

Дегенмен, жүргізілген зерттеу өзекті, әрі күрделі де, көп салалы мәселе болғандықтан, оның барлық қырларын бір ғана зерттеуде қамтып шығу мүмкін емес. Біздің осы жүргізген зерттеу жұмысымыз аса күрделі үдерістің бір ғана қырын ашып көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012 ж.

  • «Қазақ әдебиеті» оқулығы, 7-сынып, Алматы-Атамұра, 2012 ж. 213-214 б.б.

  • Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағы.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2012 ж. №11, 59-63 б.б.

  • Ғаламтордан суреттер.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі