15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
құзыреттілік талаптары
Мұғалімге қойылатын құзіреттілік талаптар
Р/с |
Құзіреттілік түрлері |
Критерийлері (қойылатын талаптар) |
деңгейлер |
||
А (алдыңғы) |
В (ортаңғы) |
С (төменгі) |
|||
1 |
Психологиялық- педагогикалық құзреттілігі |
Оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру және түсіну қабілеті |
Үнемі оқушыларды ынталандыратын әдістерді қолданады |
Ынталандыру әдістерін оқта-текте қолданады
|
Ынталандыру әдістері сирек қолданылады. Нәтиже бермейді. |
Оқыту барысында оқушыны дамыту қабілеті |
Үнемі дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолданады. |
Дамытушылық қағидаты тұрақты емес |
Оқыту әдісінің дамытушылық сипаты жоқ |
||
Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтау, оларды жоюға көмектесу қабілеті |
Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда (реттеуде) жүйелілік қалыптасқан. |
Қиындықтарды анықтау мен оны жою жолдары нақты емес |
Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда жүйелілік жоқ |
||
Өз бетінше оқуға үйрету, оқуға рефлексия жасай білуін дамыту қаблеті |
Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждендіріп отырады. |
Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге уәждендіру тұрақты емес.
|
Өз бетінше оқу мен рефлексия жоқ. |
||
Р/с |
Құзіреттілік түрлері |
Критерийлері (қойылатын талаптар) |
деңгейлер |
||
А (алдыңғы) |
В (ортаңғы) |
С (төменгі) |
|||
2 |
Қарым-қатынастық құзыреттілігі |
Оқытушылық диалог құра білу, оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесіуін ынталандыру қабілеті |
Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып, оқушымен тиімді диалогтік қарым-қатынас орнатады |
Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыруға бағытталған оқушымен тиімді диалогтік қарым-қатынас тұрақты емес
|
Оқушымен диалогтік қарым-қатынасқа түспейді, табысты оқуға жағдай туғызбайды тұрақты емес |
Сыныптағы оқу барысында оқушылар арасында пікір алысу және пікірталас жүргізетін орта құра білу. |
Тұлғалық қасиеттерінің эмоцианалдық жайлылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және мақсатты түрде сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын құрады
|
Оқытуда бірлескен орта құру үшін сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын сирек қолданады |
Сыныпта табысты оқуға арқау болатын оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру дағдысы жоқ |
||
Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарау, тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті. |
Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғары кәсіби қарым-қатынас мәдениетін көрсетеді.
|
Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде селқостық танытады |
Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерді жоюға көмектесе алмайды, табысты оқу ортасын құрмайды. |
||
Р/с |
Құзіреттілік түрлері |
Критерийлері (қойылатын талаптар) |
деңгейлер |
||
А (алдыңғы) |
В (ортаңғы) |
С (төменгі) |
|||
3 |
Оқытуда АКТ-ны қолдану құзіреттілігі |
Сабаққа дайындалуда MS Office Word бағдарламасын білуі
|
Жүйеленген файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, үнемі қолданатын таныстырылымдары бар (өткізілетін сабақтарының 100 %-да) |
Файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, үнемі қолданатын таныстырылымдары жүйленбеген. Үнемі қолданылмайды. (өткізілетін сабақтарының 70 %-да) |
Сабақ жоспарларының, тапсырмалардың, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының, фильмдерінің электронды форматы бар, бірақ толық емес.(өткізілетін сабақтарының 50 %-да) |
Сабаққа қатысты таныстырылым мен ресурстар дайындауда Power Point бағдарламасын қолдануы |
|||||
|
«Интернет» жаһандық желісін қолдануы |
Отандық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді |
Отандық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді (аптасына 4 күннен кем емес) |
Отандық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген, бірақ белсенді жұмыс істемейді (апта 1 күн-н аз) |
Отандық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелмеген. |
Халықаралақ кәсіби педагог-қ желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді. |
Халықаралақ кәсіби педагог-қ желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді. (аптасына 4 күннен кем емес) |
Халықаралақ кәсіби педагог-қ желілер мен қоғамдастықта тіркелген, бірақ белсенді жұмыс істемейді. (аптасына 1 күннен аз) |
Халықаралақ кәсіби педагог-қ желілер мен қоғамдастықта тіркелмеген. |
||
Сабаққа дайындықта интернетті қолданауы |
Сабаққа дайындықта интернетті белсенді қолданады |
Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде ғана қолданады |
Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде жүйесіз қолданады |
||
Сайтпен жұмыс жүргізу. |
Өзінің сайты бар, блогер ретінде жұмыс жүргізеді. |
Өзінің сайты жоқ. |
Өзінің сайты жоқ. |
||
|
Электронды пошта (e-mail), қарым-қатынас бағдарламаларын пайдалана білуі |
Электронды поштаны үнемі қолданады |
Электронды поштаны үнемі қолданады |
Электронды поштасы бар, оны қолданады |
Электронды поштасы жоқ |
Оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас бағдарламаларының біріне тіркелген (Skype, ICQ, Agent т.б.) |
Оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін көптеген желілік байланыс түрлерінің (Skype, ICQ, Agent т.б.) кемінде бірі бар. |
Оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас бағдарламаларының (Skype, ICQ, Agent т.б. ) бірінде тіркелген, бірақ аз қолданады |
Оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынас бағдарлама-ларының біріне тіркелген (Skype, ICQ, Agent т.б.), бірақ ешқайсысын қолданбайды. Жүзбе-жүз кездесу және телефон байланысымен шектелген.
|
||
Сабақ үдерісінде мультимедияны қолдану |
Фото мантаждар қолдану
|
Сабақ барысында мультимедияны жүйелі және тұрақты қолданады (ауқымды, жүйеленген мәліметтер жинағы бар) |
Сабақ барысында мультимедия мүмкіндіктерін тұрақты қолданады Өткізілген сабақтарының кемінде 70%-да (жинақтау қоры қалыптасу үстінде, пән бойынша білім мазмұнының 100% қамтиды)
|
Сабақ барысында мультимедияны сирек қолданады Өткізілген сабақтарының 50%-нан аз (материалдары жинақталмаған және толық емес. Пән бойынша білім мазмұнына сәйкес. |
|
Бейне фильмдер үзінділер қолдану
|
|||||
Аудио файлдарды қолдану |
|||||
Р/с |
Құзіреттілік түрлері |
Критерийлері (қойылатын талаптар) |
деңгейлер |
||
А (алдыңғы) |
В (ортаңғы) |
С (төменгі) |
|||
4 |
Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілік |
Сабақты жоспарлау қабілеті |
Әдістемелік талаптарға сай, шығармашылықпен дайындайды. Қол жетімді және ыңғайлы, түсінікті |
Сабақтың жоспары арқылы сабақтың құрылымы, барысы жайлы мағлұмат алуға болады. |
Сабақтың жоспары жасалған, бірізгілік басым. |
Сабақ уақытын дұрыс пайдаланып және реттей білу қабілеті |
Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөледі, тиімді жұмыс жүргізе біледі.
|
Сабақтың әр кезеңіне дұрыс көңіл бөледі, жүйелілік сақталмайды. |
Сабақтың кезеңдеріне дұрыс мән бермейді. |
||
Оқушының топтағы нәтижелі жұмыс істеуін ұйымдастыру қабілеті |
Жұптық, топтық жұмыстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отырады. |
Жұптық, топтық жұмыстарды сирек жүргізеді, оның маңыздылығына көңіл бөлмейді. |
Жұптық, топтық жұмыс жүргізбейді, ұйымдастыра алмайды. |
||
Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу қабілеті |
Тиімді әдіс-тәсілдердің элементтерін сабақтастыра отырып, нәтижелі. Тиімді пайдаланады.
|
Әдіс-тәсілдерді пайдаланады, өзгертуге құлықсыз. |
Сабақта дәстүрлі немесе бір ғана әдісті пайдаланады, жүйелі әдіс-тәсіл жоқ. |
||
Оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай жұмысты саралау қабілеті |
Әрбір оқушының мүмкіндігіне, жас ерекшелігіне қарай тапсырма береді. Түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі.
|
Оқушылардың мүмкіндіктеріне сирек көңіл бөледі, тұрақсыз. |
Деңгейлік тапсырмалар бермейді. Оқушылардың мүмкіндіктерін мүлдем ескермейді. |
||
Р/с |
Құзіреттілік түрлері |
Критерийлері (қойылатын талаптар) |
деңгейлер |
||
А (алдыңғы) |
В (ортаңғы) |
С (төменгі) |
|||
5 |
Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі |
Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті |
Оқушыларды жұптық, топтық жұмыста бағалау үшін әр сабақ бойынша дискрипторлар негізінде критерийлер жасайды. |
Оқушыларды жұптық, топтық жұмысын бағалауға арналған критерийлерді сирек жасайды. |
Оқушылар білімін бағалаудың нақты критерийлерін жасамайды. |
Оқушылардың жеке жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті |
Оқушының жеке жұмысына қалыптастырушы баға береді, дискрипторлар арқылы критерийлер Дайындайды. |
Оқушының жеке жұмысын бағалауды дайындауда ынталандыру критерийлері сирек. |
Оқушы білімін бағалауда ынталандыру, дамыту әдістерін қолданбайды, жан-жақты бағаламайды. |
||
Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақтылау, оқушының уәжін бағалау арқылы арттыру қабілеті |
Оқушы білімін бағалауда жан-жақты дәлеледер арқылы нақты бағасын қоя отырып, одан әрі білімін арттыру мен жақсы бағаалуға уәжін арттырады, жетелейді. |
Оқушы білімін сыңаржақ бағалайды, жан-жақты бағалау мен талдауға мән бермейді. |
Оқушы білімін талдау мен бағалауда жүйелілік жоқ. Бағалау арқылы ынталандыру, ішкі уәжін көтеру мәселелеріне мән беріп жүзеге асырмайды. |
||
Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілеті |
Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін анықтайды, зерттеушілік әдіс арқылы интерпретация жасайды. Баланың дамуына жақсы, тиімді әсер етеді.
|
Оқушы білімінің ақауын нақты анықтамайды. Үстірт қарайды және түзету шараларын жеткіліксіз жүргізеді. |
Оқушы білімінің кем тұстарын анықтау және оны жоюмен айналыспайды. |
||
Р/с |
Құзіреттілік түрлері |
Критерийлері (қойылатын талаптар) |
деңгейлер |
||
А (алдыңғы) |
В (ортаңғы) |
С (төменгі) |
|||
6 |
Жаңа технологияны тәрбие үдерісіне қолдану құзыреттілігі |
Оқытудың (сабақтың) әрбір кезеңінде тәрбие тұжырымдамасы бағыттарының орындалуын ұйымдастыру қаблеті |
Сабақтың әрбір кезеңде орындалатын тәрбие тұжырымдамасы мен оқыту материалдарын сабақтартыра біледі. Баланың дамуына жақсы, тиімді әсер етеді.
|
Сабақтың әрбір кезеңінде тәрбие тұжырымдамасы бағыттарының орындалуын жүзеге асырады. |
Оқыту барысында тәрбие тұжырымдамасы бағыттарының орындалуын жүзеге асырмайды |
|
|
Сынып сағаттарын өткізу барысында тәрбие тұжырымдамасы бағыттарының орындалуы |
|
|
|
|
|
Сынып сағаттарында оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай жұмысты саралау қабілеті |
Сынып сағаттарын өткізу барысында әрбір оқушының мүмкіндігіне, даму ерекшелігіне қарай тапсырма береді. Түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі.
|
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың мүмкіндіктеріне сирек көңіл бөледі, тұрақсыз. Оқушылармен берілген тапсырма шегінде ғана жұмыс жасайды. |
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың мүмкіндіктерін мүлдем ескермейді. Деңгейлік тапсырмалар бермейді. |
|
|
Сынып сағаттарында жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін (7 модульді) таңдай білу қабілеті |
Сынып сағатында жаңа әдіс-тәсілдердің элементтерін сабақтастыра отырып, нәтижелі, тиімді пайдаланады. |
Сынып сағаттарында әдіс-тәсілдерді пайдаланады, ситуацияға байланысты өзгертуге құлықсыз. |
Сынып сағатында бір ғана әдісті пайдаланады немесе жүйелі әдіс-тәсіл жоқ. |
|
|
Оқушыларды өз бетінше оқуға үйрету, оқуға рефлексия жасай білуін дамыту қаблеті |
Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждендіріп отырады. |
Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге уәждендіру тұрақты емес. |
Өз бетінше іздену мен рефлексия жоқ. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген