Материалдар / Қуантамын Анамды мерекелік ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қуантамын Анамды мерекелік ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Қуантамын Анамды»

(Мереке өтетін зал әдемілеп безендірілген, балалар мерекеге дайын, әсем әуен қосылған)

Жүргізуші: 

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым

Алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды, - деп Қадыр ақын жырлағандай бар өмір, бар тіршілік, ең алғашқы сөзіміз де «Анадан» бастау алады.
Әрине, бұл үлкен  той,  тойларыңыз  құтты  болсын!

Бүгінгі «Айгөлек» тобының «Қуантамын Анамды»  атты  ертеңгілігімізді  ашуға  рұқсат  етіңіздер.

(Сахна  сыртында  автор сөйлеп тұрады, ортаға Бұлт келіп отырады)

Автор сөзі: Әуеде Баланың  Елі  болыпты. Онда  кішкентай, бақытты Аналар мен балалар өмір  сүріпті. Олар  күн сайын ойнайды, ән салады, би билейді және сурет  салады, оқиды  және  әлемді  таниды. Сол  әлемде дана  билеуші – үлкен «Бұлт»  билік  құрады.

Сол  жердегі  балғындар  бақытты  әрі  алаңсыз  өмір  сүреді.

Бірде  мынадай  оқиға  болады.  

(Күн бұлттанып, найзағай ойнап жаңбырдың дауысы естіледі)

Жаңбыр: -О, ұлы  әрі  дана  билеуші Бұлт! 

Сен асқан  көрегенсің  және  елімізді  ақылмен  басқарып  отырсың, сен  көп  нәрсе  білесің  және  қолыңнан  көп нәрсе  келеді. Біздің елімізде  туындаған  мына  дауымызды  шешіп  берші.

Біздің  елдің  халқы, Аналар Балалық  Елінде  кім ең  бастысы әрі  маңыздысы  деп,  біздің  кішкентай  тәрбиеленушілеріміздің  тәрбиесі мен  білім  алуының  сапалы  болуы  ең  алдымен  кімге  байланысты  деп  дауласып  жатыр.

Одан да жаманы Аналар  балаларымызды  әуедегі балабақшаға  бергендеріне  күмәнмен  қарайтын  сияқты. Осылар  балаларға  не    үйретіп  жатыр  дейді.

 

Бұлт: (ойланып қалады) Шынында да  Балалық  Елінде  ең  бастысы  әрі  маңыздысы  кім? Балалар  не  біледі, не істеді? Одан да  балалардың  өздерінен  сұрайық. Не тұрыс!  Шақырыңдар  ортаға  балаларды? 

Халық  өзі  куә  болсын, шынайы  бағасын  берсін!

Жүргізуші: -Иә, дұрыс айтасыз билеуші, Бұлт! 

Айтқаныңыз  орындалады.

(Ортаға  балалар музыка әуенімен ұшақпен ұшып келеді)

Бұлт:-Қане балалар, сендерге білім мен тәрбиені кім беріп жатыр?

Балалар:-Анамыз және тәрбиеші апайларымыз. Апайларымыз да біздің Аналарымыз.

ӘН: «Жан Анашым»

Жүргізуші: -Міне қандай жақсы балалар, ешкімді ренжітпейді. Қане, бүгінгі Аналарымыздың мерекесіне дайындаған әнімізді, биімізді, тақпақтарымызды арнайық.


Хормен:

Келдік міне бақшаға,

Қолыма көп гүл алып.

Құттықтаймын анамды,

Шын жүректен қуанып.

Алақайлап жүрегім,

Қуанышқа толып тұр.

Анамның мерекесі,

Бүгінгі күнге келіп тұр.


Жүргізуші:   

Балабақшам   сүйікті,

Ән салдырды  билетті.

Шынықтырып  денеңді,

Шымырлыққа үйретті.


-Балалар, балабақша  сендерге  ән, би үйретіп, шынықтырып шымыр етті дейді. Сол рас па?

(Балалар жауабы тыңдалады)

Ендеше балалар біз әрқашан жадырап, еңбектеніп, Аналарымызды қуантып жүре берейік.

Ән:  «Болайықшы осындай»

Бұлт: -Қызым, қолыңа қапшықты не үшін ұстап алғансың?

Жүргізуші: -Бұл қапшықтың ішінде үлкен құпия жатыр.

Бұлт: -Бұл құпияны қалай білсек болады?

Жүргізуші: -Бұл құпияны  білу  үшін  біз  осы  қапшықпен  ойын  ойнаймыз. Сол кезде  не бар екенін білесіздер.

Балалар, бізбен бірге ойын  ойнағыларың келе ме?

Ойын: «Көңілді балалар»

Қажетті құралдар: Қапшық, түрлі киімдер (галстук, қалпақтар, көзілдірік, шляпа, жилетка, жануарлар атрибуты,т.б)

Ойын шарты: 

Музыка ойналады. Балалар билеп жүреді. Тәрбиеші  қолындағы  қапшықты бір балаға  береді, ол келесі балаға беру керек. Музыка тоқтағанда  қапшық  кімнің  қолында  қалса, сол бала қапшықтан  көзін  жұмып бір киімді  алып  кию керек. Барлық бала киініп болғанша, ойын жалғасады. Тәрбиеші  балаларға  қандай әдемі  болдыңдар. Сендер  қай киімді  қалай  киінуді өте жақсы меңгерген  екенсіңдер.

Енді қалай шешінетіндеріңді байқайық. Мен беске дейін санаймын. Киімдеріңді  шешіп, мына қапшыққа  салыңдар-деп тапсырма береді.

-Жарайсыңдар балалар, ойынды  керемет  ойнадыңдар. Өте жылдам, ұшқыр екендеріңді  көрсеттіңдер. Рахмет сендерге.

Жүргізуші:

-Балалар біз әуеге немен ұшамыз? (ұшақ, тік ұшақ)

-Өте дұрыс

-Ал, жерде қалай жүреміз? (жаяу)

-Ендеше балалар анаралымызға «Жаяу» биін билеп берейік.

Би:  «Жаяу»

(Дінмұхамед, Айқын, Темірлан, Махамбет, Санжар, Еркебұлан, Аян, Еркежан, Адема, Адина, Тасним, Таңнұр, Айша, Айша )


Ойын: «Анам қонаққа кеткенде»

Ән:  «Аяулы Анашым» 

-Балалар, сендер қандай әуе көлігінің түрлерін білесіңдер?

-Дұрыс балалар.

-Ендеше біздің қыздарымыз сіздерге би билеп берсін?

Би: «Стюардесса» (барлық қыздар)

Жүргізуші: -Уа Бұлт, бұл балалар қандай білімді, тәртіпті еді.

Бұлт: -Дұрыс  айтасың,  бұл балалардың  Аналарына жасаған себеттерін алып келші, мейіріммен Аналарына табыстасын.

(Балалар тақпақтарын айтып, аналарына өздері жасаған себеттерін ұсынады)


Еркебұлан

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анамды мен

Жүрсем деймін шаттандырып.


Тасним

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.


Таңнұр:

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, пәк анам.

Сен керексің қайда да,

Айналайын, ақ анам.


Ардана

Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен-

Құрметті аналар!


Аян:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.


Дінмұхамед

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.


Адина

Жақсылық тілеген,
Анашым – данасың.
Осынау дүниеде,
Біз үшін дарасың.


Еркежан

Ақыл айтып баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам!


Адема
Кемеңгерсің, данасың.

Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын.
Аман болшы, анашым.


Санжар

Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.


Темірлан
Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің .
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің
анашым.


СайбулатоваАйша
Анашым асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің.

Жанерке

Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!


Амина
Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?






Серік Айша

Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді Анашым 


Төлеубай Айша

Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!




Айқын

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.


Махамбет

Аппақ мамам, ақ мамам,

«Мамам!»-деймін шаттанам.

Түн ұйқыңды төрт бөліп,

«Бөпешім»-деп жаттаған

Сендей жан жоқ аяулы

Өзің үшін мақтанам!


ӘН: «Ақ мамам»

Бұлт: - Міне құрметті ата-аналар, «Балалық еліндегі» балалардың өнерін тамашаладыңыздар! Енді күмән келтірмей, нық сеніммен балаларыңызға сенуге болатынын білдіңіздер.

Ендеше, осы балаларға мен бата берейін:

Айналайын балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Мен бір бата берейін,

Қол жайып қабыл алыңдар.

Адам болар баланың,

Қайтармайық талабын.

Әкең менен анаңның,

Жүрегіңе сақтай біл,

Жақсы сөзін дананың!

Бастарыңа бермесін,

Қиыншылық азабын.

Балаларға қонса екен?!

Даналығы бабамның.

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!  

Әумин!


Жүргізуші:

Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

(Қол ұстасып, әуенмен топқа кіреді)



































КМҚК «Бастау» балабақшасы













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!