400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қуаныш жан шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістіктер қорын жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Қуаныш – жан шуағы

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Сыпайылық, шыдамдылық, ізеттілік

Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

  • өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

«Су асты патшалығына ойша саяхат» тыныштық сәтін орындату.

Оқушыларға тыныс алу жаттығуын орындату

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар «Сурет» мәтінінің түсінігін айту сұралады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Әңгімелесу

  1. Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

  2. «Көңіл күйдің жақсылығы – жақсы денсаулық пен жемісті еңбектің кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Мәтінмен жұмыс

Балалардың көз қуанышы

В.А.Сухомлинский

1. Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

2. Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?

3. Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.

Топпен жұмыс

«Көршіңе қуаныш сыйла» атты ойын ұйымдастырылады.

Оқушыларға қатты қағаздардан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің) үлгісі таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазырп, жария етеді және сыйға тартады.

Ойын соңында оқушылар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі, пікірлерін білдіреді.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Дәйексөз

«Қуаныш – Өмір шаттығы»

Халық даналығы

-Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса, жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді.

Халық мақалы

Сергіту сәті

Шаршадым «УҺ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім,

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Аһ!» дедім,

Шарасыз «Еһ!» дедім!

Таңырқап «О!» дедім,

Кейідім «И!» дедім,

Біліп ап «Е!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

Оқушылар бірлесе отырып топпен бірге орындайды.

Дәптермен жұмыс:

Тапсырма: Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.

Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Үй тапсырмасы: Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттап келу.

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.


Оқушылар көздерін жұмып демалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі