400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қуанышты жағдай " психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынасын жақсарту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қуанышты жағдай

Мақсаты: белгілі бір ұжым арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, ұжым мүшелерінің бір-бірі жайлы ақпарат алмасуы, басқаны зейін қойып тыңдау қабілетін дамыту.

Әдісі: психологиялық жаттығу

Нысаны: мұғалімдермен, жоғарғы сынып оқушыларымен, ата-аналармен

Көрнекіліктер: соңғы 3 ай аттары жазылған парақшалар, стикер, магнит, доп.

Қатысушылар саны: 25-30

Барысы: қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Соңғы өткен 3 ай аттары жазылған парақшалар ілініп тұрады. Қатысушыларға стикерлер таратылып, нұсқаулықпен таныстырады.

Нұсқаулық: алдыларыңызда тұрған қыркүйек, қазан, қараша айлары бойынша өздеріңіздің отбасыларыңызда, жеке бас өмірлеріңізде немесе қызметіңізде болған сіз үшін ең маңызды болып саналатын жағдаяттарды есіңізге түсіріңіз. Ол не қыркүйек айында, не қазан, не қараша айында болуы мүмкін. Ол отбасыңыздағы өзгеріс, сіз үшін ең жақын отбасы мүшелеріңіздің қуанышы, қызметіңіздегі карьералық өсу, үйлену тойы, қандай да бір жетістікке жету, армандаған істеріңіздің орындалу т.б. болуы мүмкін. есіңізге түсірген жағдаятты алдыңыздағы стиекерге сурет арқылы бейнелеңіз. Мысалы: үйлену тойы болса –сақинаның суреті, карьералық өсу –баспалдақ, туған күн –тәтті бәліш және т.б. Салған суретіңізді жағдаяттың орындалған мерзімі бойынша алдыңызда тұрған қыркүйек, қазан, қараша айлары бойынша орналастырыңыз. Барлығы тапсырманы орындап болған соң қатысушыларды ортаға шақырып, әр қайсысы есімдерін атап, өздерінің салған суреттерін ауызша түсіндіруі тиіс. Мысалғы: менің атым Айжан. Мен бұл суретті салған себебім, қазан айында жоспарлап жүрген ісіміз аяқталып, өз мәресіне жетті. Яғни мен өз отбасыммен үй тұрғызып, қазан айында жаңа шаңырағымызға кірдік. Бұл біз үшін өте үлкен жеңіс, жеміс, біз отбасымызбен өте бақыттымыз.

Рефлексия: Әр қатысушы өзінің қуанышымен бөлісіп болған соң, барлығы шеңбер бойымен отырып, жаттығуды жалғастырады. Келесі кезекте қатысушыларға тағы нұсқаулық беріледі. Нұсқаулық: қазір барлығымыз бір –біріміздің қуанышымызбен бөлістік, ендігі кезекте әр кім қалауы бойынша допты алып қалаған қатысушыға лақтырып қуанышына ортақ екенін айтып құттықтап, жылы лебізін білдіруіне болады. Мысалғы: Айжан! Мен сені және сенің отбасыңды жаңа қоныстарыңмен құттықтаймын!Отбасыларыңда, тұрғызған шаңырақтарыңда тек береке, бірлік, қуаныш болсын! және т.б.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі