жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қылмыс және жеткіншек
Тақырыбы: “Қылмыс және жеткіншек”
Мақсаты: Білімділік: оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, айналасындағылар іс - әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.
Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез – келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ “Қазақстан”, нақыл сөздер.
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Сенің құқығың – менің құқығым.
3. Не білеміз?
4. Сөзжұмбақ «Қазақстан».
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Қорытынды.
Барысы.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар! “Қылмыс және жеткіншек” атты сұрақ – жауап кешін ашық деп жариялаймыз. Сендер, балалар, бақыттысыңдар. Олай дейтін себебіміз, мыныдай зәулім мектепте, ата – ана мен ұстаздардың мейірімді тәрбиесінде, мемлекеттің қамқорлығында білім алып жатырсыңдар. Әрдайым осылай жайнап, дендерің сау болып жүре беріңдер. Егер қиындыққа ұшырасаңдар, сендерді қорғайтын заң, яғни «Балалар құқығы Конвенциясы», тіпті одан қалса БҰҰ бар екенін әрдайым есте сақтаңдар.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы (21-маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.
Кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, өскелең ұрпақтың адамгершілік – рухани қасиетін, салауатты өмір – салтын қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі.
«Сенің құқығың – менің құқығым» деген бөлімінде сіздер білуіңіз керек құқықтарыңызды біле аласыздар, мұқият тыңдаңыздар:
54-бап: Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса ескерілуге міндетті.
52-бап: Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
Құқық бұзудағы жазаға тарту түрлерімен танысайық:
-
Қылмыстық жауапқа 16 жасқа толған адамдар тартылады.
-
Ауыр қылмыс (адам өлтірілген үшін) жасағандар 14 жастан тартылады.
-
Қылмыс жасаған жасөспірімдер арнаулы мекемелерде жазасын өтейді.
Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттеріне тоқталайық:
-
Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
-
Басқа адамдардың құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға;
-
Табиғатты қорғауға;
-
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті.
Ал, енді осы мағлұматтарды біле отырып тәрбие сағатымызды жалғастырайық.
«Не білеміз?» атты сұрақ – жауап бөлімімізді бастайық:
-
Мемлекеттің негізгі белгілері (әнұран, ту, елтаңба)
-
Біреудің мүлкін ашықтан – ашық алып қашу (тонау)
-
Басқа бір адамның ұжданы мен қадіріне тіл тигізу, масқаралау (қорлау)
-
Әкімшілік жауапкершілікке істеген тәртіпсіздікке орай неше жастан тартылады (16 жас)
-
Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын қандай жазалар (айып салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, тәртібін түзету жұмыстары, тұтқындау еркінен айыру)
-
Әкімшілік құқықты бұзушылық (қылмыс)
-
Батыс Еуропа елдерінде із кезушіні, қылмыстық істерді тергеушіні қалай атайды (детектив)
-
Біреудің мүлкін алдап – арбап иеленіп алу (алаяқтық)
-
Бір істі тергеу кезінде шақырылатын адам (куәгер)
-
Заң бұзушылық келтірген жағымсыз зардабы (зиян)
Бұл сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, енді кішкене мына сөзжұмбаққа көз жүгіртейік.
Сұрақтары:
-
Бекітілген заңдарды жүзеге асыратын ережелер.
-
Қазақстанның жүрегі.
-
Балаларды оқытушы.
-
Ананың бауыр еті.
-
Қол ұшын беру, көмек көрсету...
-
Пікірталас немесе...
-
Белгіленген заңдармен міндеттерді орындайтын адам.
-
Қазақстан елінің белгісі немесе...
-
Еліміздің рәміздерінің бірі.
|
1 |
|
|
|
Қ |
|
|||||||
|
2 |
|
|
|
|
А |
|
||||||
|
|
3 |
|
|
|
З |
|
||||||
|
|
4 |
|
|
А |
|
|||||||
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
Қ |
|
|||
|
|
6 |
|
|
|
|
|
С |
|
||||
|
|
7 |
|
|
|
|
|
Т |
|
||||
|
8 |
|
|
|
|
|
|
А |
|
||||
|
|
9 |
|
|
|
|
Н |
||||||
Жақсы дайындалған екенсіңдер, ал біздің келесі бөліміміз Ситуациялық сұрақтар деп аталады. Бірінші ситуациялық сұрағымызды талқыға салайық.
-
Қазақтың ертедегі аңыз - әңгімесі желісімен.
Баласы көршінің тауық ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне жұмыртқаны қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді.
Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеліп анасына береді. Қорадағы тауықтарға қосып қояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылып, жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің жалғыз ала сиырын ұрлап, сойып жатқан жерріннен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып, жазалауын сұрайды.
Би. Сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанын бағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балаларының аузын ақтан қақтың. Сенің жазаң – дарға асу.
Жігіт. Датым бар, тақсыр!
Би. Датың болса, айт.
Ж. Маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсат етіңіздер.(анасы келеді) Апа, маған тіліңізді көрсетіңізші.(анасы тілін көрсетеді)
Уәзір. Сені жарық дүниеге әкелген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі бар?
Ж. Тақсыр, мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде анам осы тілімен маған жекіп ұрыспай, ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылын айтпаған анамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын.
Б. Әй, балам, бұл сөзіңнің жаны бар, ұрлықшы болуыңа сенің анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітәбі Құранда былай делінеді «Ұры әйел болсын, еркек болсын, қолын шауып тастау керек.» Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын шабыңдар.
Сарбаздар жігіттің қолын айбалтамен шабады. Анасы есінен танып құлайды.
Ж. Бауырларым, менің өкінішті ісімді қайталамаңдар. Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін. Істеген ісім үшін ел – жұрттан кешірім өтінемін.
-
Сұрақ: 1. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме, анасы ма?
-
Сен ұры жігіттің орнында болсаң не істер едің?
-
Бидің шығарған үкімі дұрыс па? Сен бидің орнында болсаң не істер едің?
2. 16 жасқа толған мектеп оқушысы масаң күйде дискотекада билеп тұрған бойжеткендердің мазасын алып, өзімен билеуін талап етеді. Билеуге келіспеген бойжеткендерді балағаттап, арына тіл тигізеді. Осы қылығы үшін оқушыны жауапкершілікке тартуға болама?
3. 8 - сынып оқушысы Әйгерімге үнемі өзінен екі жас үлкен Қайрат телефон соғып тұрады. Бір күні Әйгерім келесі бір телефон диалогында әпкесінің басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әігімесін естіп тұрғанын біліп қояды. Әпкесіне ренжіп еді, ол «Сенің құпияңды әкем мен шешеме айтып қоямын» деп қорқытады. Әйгерім үшін оның құпия болғаны керек еді. Әйгерімнің әпкесінің іс - әрекеті дұрыс па?
Ой талқыға салынады.
Қорытынды. Тәрбие міндеттерін тиімді шешу жолында мектептен тыс ұйымдардың мімкіндігі мол. Білім алушылардың бос уақытын ойдағыдай ұйымдастыру(демалыс, сауықтыру, мерекелер, өзін - өзі жетілдіру, шығармашылық) нәтижесінде балалар пайдалы жұмысқа тартылады, жас өспірімдер арасында жағымсыз ірекеттердің белең алуы азаяды.
Үстіміздегі оқу жылында республика бойынша 616 мектептен тыс ұйым жұмыс істеуде, оған 266 мыңнан астам бала қамтылған.
Балалар арсындағы қылмыстың алдын–алу шараларын өткізуде Республикалық оқушылар сарайының жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ондағы әр түрлі бағытта жүмыс істейтін 272 үйірмеде әр саладағы мамандарды шақырып, пікірталас, дәріс, әңгіме өткізіледі, 6 мыңнан астам бала мен жас өспірім қамтылады.
Дөңгелек үстелге жас өспірімдер арасындағы қылмыс мәселесіне байланысты заңгерлер, психологтар, педагогтар, қалалық ішкі істер бөлімдерінің, құқық қорғау ұйымдарының, ЮНЕСКО, ПРООН, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталығының өкілдері шақырылады.
Қазір елімізде аула клубтарын қайта ашу жұмысы жанданып келеді.
Осы тәрбиелік сауалнамамызды қорытындылай келе, «Біз әуеде құс сияқты ұшуды, суда балық болып жүзуді білгеннен кейін, жерде өмір сүруді ійренуіміз керек.» деген Бернард Шоудың сөзімен аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет.
Қош – сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген