«Тұран» университеті
|
УДК: 343.2 |
|
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тулекова Г. Х. Авторы: Оразғали Еркежан |
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ
Кілт сөздер: қылмыстық жаза, құқықтық жүйе, әділеттілік, қылмыскер, құқық қорғаушы орган, реформа
Қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты – қоғамдағы тәртіпті сақтау, адамдардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Әділеттілік ұғымы адамзат тарихында ерекше орын алады, өйткені ол қоғамның дамуында және моральдық нормаларының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Қылмыстық жаза мен әділет арасындағы байланыс әрқашан күрделі және терең мәселелерді қозғайды, себебі қылмыс жасаған тұлғаға жаза тағайындау әрдайым құқықтық және адамгершілік тұрғыдан өзекті болып табылады.
Қылмыстық жаза – бұл қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаға мемлекет тарапынан белгіленген жазалау шарасы. Жаза адамның еркіндігі мен құқығын шектеу немесе басқа да қолайсыз жағдайларға ұшырату арқылы қоғамға жасаған зиянын өтеуді мақсат етеді. Әділет ұғымы болса, жеке тұлғаның және қоғамның құқықтары мен мүдделерін қорғау принциптеріне негізделеді.
Қылмыстық жазаның мақсаты негізінен қоғамдағы құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыс жасаған тұлғаны тәрбиелеу және қоғамға тигізген зиянын өтеу болып табылады. Қазіргі қылмыстық құқық жүйесінде қылмыстық жазаның бірнеше негізгі мақсаты бар:
1. Жазалаушы мақсат. Бұл мақсат қоғамды қорғауға бағытталған. Жаза қылмысты жасаған адамды жазалап, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
2. Тәрбиелеуші мақсат. Қылмыс жасаған тұлғаны түзету, оған әлеуметтік нормаларды дұрыс түсіндіру және адамның қылмыстық әрекеттерін болдырмау үшін әділетті шешімдер қабылдау.
3. Алдын алу мақсаттары. Қоғамның барлық мүшелерін қылмыстық әрекеттердің салдары мен қоғамның қауіпсіздігі туралы ескерту. Алдын алу шаралары заңды бұзушыларға және мүмкін болатын қылмыскерлерге құқықтық әсер етеді.
4. Қоғамды қорғау. Қоғамның жеке азаматтарының құқықтарын қорғау, қылмыс жасаған адамнан қоғамды қорғау.
Қылмыстық жазалар әртүрлі болуы мүмкін және олар қоғамның моральдық және құқықтық нормаларына сәйкес белгіленеді. Қазақстанның Қылмыстық кодексінде қылмыстық жаза түрлері көптеген санаттарға бөлінген. Олардың ішінде ең кең таралғандары:
∙ Қамау: қылмыскердің белгілі бір уақыт аралығында еркіндіктен айыру;
∙ Айыппұл: белгілі бір қаржылай төлемдер арқылы жазалау;
∙ Түзету жұмыстары: адамның қоғамға пайдалы жұмыстарды орындау арқылы жазалануы;
∙ Өмір бойы бас бостандығынан айыру: ең ауыр қылмыстарға арналған жаза;
∙ Сотталған тұлғаны шартты түрде мерзімінен бұрын босату: белгілі бір шарттармен мерзімінен бұрын босату.
Қылмыстық жаза адамның қоғамға жасаған зиянын өтеуге ғана емес, сонымен бірге түзетуге бағытталған болуы тиіс. Бұл жерде маңызды мәселе – әділеттілік ұстанымының сақталуы.
Әділеттілік: құқықтық жүйедегі маңызды принцип. Әділет ұғымы құқықтары мен міндеттерінің теңдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған адамның жазасын тиісті дәрежеде қабылдау.
Құқық қорғаушы органдар мен сот жүйесінің негізгі міндеті – бұл әділеттілік ұстанымдарын сақтай отырып, заңды қорғау және құқық бұзушылықтарды жою. Әділеттілікті тек қана жазалаумен шектелмей, сонымен қатар қоғамда болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік жағдайларға қарай әділ шешімдер қабылдау қажет.
Әділеттілік пен қылмыстық жазаның арасында тығыз байланыс бар. Егер жаза әділетсіз болса, онда бұл адам құқықтарын бұзушылыққа алып келеді, ал әділетті жаза қалмыскерді түзетеді, сонымен қатар оның қоғамдағы мінез-құлқына оң әсер етуі мүмкін. Қылмыстық жаза әділ болуы үшін оның обьективті, нақты және сәйкес болуы тиіс.
Әділеттіліктің басты принциптері:
∙ Құқықтық тендік;
∙ Жаза пропорционалды болуы тиіс
∙ Түзету мен алдын алу;
Әділетті қылмыстық жаза тағайындаудағы қиындықтар туралы айтып кететін болсақ, кылмыстық жазаның әділетті болуын қамтамасыз ету өте күрделі міндет. Заңгерлер мен құқық қорғаушы органдар қылмыстың нақты ауырылғын, қылмыскердің тұлғасын және оның қоғамға тигізген зиянын ескере отырып, әділ шешім қабылдауы қажет. Бұл шешімдер көбінесе заң негізінде қалыптасқан, бірақ кейде әлеуметтік және саяси жағдайлыр да әсер еті мүмкін.
Қазіргі қоғамдағы бірқатар мәселелер, мысалы, сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау органдарындағы бейтараптық, сондай-ақ сот жүйесінің кемшіліктері әділетті жаза тағайындауды қиындатады. Жазаның тиімділігі мен әділеттілігін қамтамасыз ету үшін құқықтық жүйедегі өзгерістер мен реформалар маңызды.
Құқықтық жүйедегі әділеттілікті қамтамасыз ету үшін реформалар. Қазіргі таңда қылмыстық құқық жүйесінде әділеттілік принципін қамтамасыз ету үшін бірқатар реформалар жүргізілуде. Қазақстанда бұл бағытта бірнеше маңызды өзгерістер жасалып, жаза тағайындау рәсімі оңтайландырылған. Мысалға келтіретін болсақ:
∙ Қылмыстық заңнаманы жетілдіру: әділеттілік қағидатына сәйкес жазаны нақтылау, қылмыстық әрекеттердің салдарын нақты көрсету;
∙ Сот органдарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету: соттың әділ әрі ашық шешімдер қабылдауына жағдай жасау;
∙ Қоғамдық бақылауды күшейту: қоғамдық ұйымдардың қылмыстық жазалардың әділеттілігін тексеру және бақылау арқылы заңның орындалуына бақылау жүргізу;
∙ Психологиялық түзету бағдарламалары: қылмыскерлердің мінез-құлқын өзгерту, оларды қоғамға бейімдеу үшін арнайы психологиялық көмек көрсету.
Қылмыстық жаза мен әділеттің арасындағы байланыс қазіргі құқықтық жүйеде ерекше маңызға ие. Жаза қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін болғанымен, оның әділетті әрі орынды болуы – басты талап. Әділеттілік тек қылмыскерді жазалаумен шектелмейді, ол оның түзелуіне және қайтадан қоғамда тәртіп сақталып, құқық бұзушылықтар азаяды. Сол себепті әрбір қылмыстық іс бойынша әділ шешім қабылдау, қылмыскердің жеке әлеуметтік жағдайын, мінез-құлқын және жасаған әрекетінің ауырлығын ескере отырып, қоғамның әділеттілікке деген сенімін нағайту өте маңызды. Әділеттілік – бұл тек құқық қорғаушы органның міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ мақсаты, себебі ол бәріміздің бейбіт өміріміз бен болашағымызды қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Жалпы бөлім), 2014.
2. Р. Ж. Найманов – Қылмыстық құқық: Оқулық, 2018.
3. С. Ж. Баймұханова – Әділеттілік ұғымы мен оның құқық қорғау
жүйесіндегі орны, 2016.
4. А. А. Шеремет – Қылмыстық құқық теориясы, 2010.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ЖӘНЕ ӘДІЛЕТ
Аңдатпа
Мақала қылмыстық жаза мен әділеттілік ұғымының қазіргі құқықтық жүйедегі өзара байланысын зерттеуге арналған. Жұмысты қылмыстық жазаның мақсаттары мен түрлері, оның ішінде жазалау, алдын алу және қылмыскерлерді түзету мәселелері қарастырылған. Әділеттіліктің қылмыстық жазаны тағайындаудағы маңызына ерекше назар аударылып, әділетті жаза белгілеу барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелер талқыланған. Сондай-ақ, әділеттілік қағидаттарының орындалуы үшін құқық қорғау органдарының алдында тұрған қиындықтар мен реформалардың маңыздылығы көрсетілген. Мақалада қылмыстық жазаның әділ болуын қамтамасыз ету үшін құқықтық жүйедегі реформаларды жүзеге асыру қажеттілігі мен қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мәселелері қозғалған.

УГОЛОВНОЕ НАКАЗАНИЕ И СПРАВЕДЛИВОСТЬ
Аннотация
Статья посвящена исследованию взаимосвязи между уголовным наказанием и понятием справедливости в современной правовой системе. В работе рассматриваются цели и виды уголовных наказаний, такие как наказание, предупреждение и исправление правонарушителей. Особое внимание уделяется значению справедливости при назначении наказания. Обсуждаются вызовы и трудности, с которыми сталкиваются правозащитные органы, и подчеркивается важность соблюдения принципов справедливости для обеспечения эффективного правосудия. В статье рассматриваются также меры по рефермированию уголовной юстиции для улучшения системы наказаний и укрепления доверия общества к правовой системе.
Ключевые слова: уголовное наказание, правовая система, справедливость, правонарушитель, правозащитные органы, реформа
CRIMINAL PUNISHMENT AND JUSTICE
Abstract
The article is dedicated to exploring the relationship between punishment and the concept of justice in the modern legal system. The paper examines the goals and types of criminal punishments, such as retribution, deterrence, and the rehabilitation of offenders. Special attention is given to the importance pf justice in the sentencing process and the challenges that may arise in implementing fair punishment. The article discusses the difficulties faced by human rights organizations and emphasizes the importance of adhering to the principles of justice for ensuring effective justice. It also explores measures for reforming the criminal justice system to improve the punishment system and strengthen public trust in the legal system.
Keywords: criminal punishment, legal system, justice, offender, law enforcement agencies, reform
ФИО: Оразғали Еркежан Ерғалиқызы
Обратный адрес: 24251351@turan-edu.kz
Телефон номер: 87079362329
Электронная почта: orazgalierkeshan385@gmail.com
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз