Мақтарал аграрлық колледжі
"Құқық негіздері" пәні оқытушысы
Ауелбекова Гулжон Жаксыликовна
Сабақтың
тақырыбы: Қылмыстық
құқық ұғымы
Сабақтың
мақсаты:
а) білімділік-оқушыларға қылмыс ұғымын және
түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар
туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында
барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және
балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге
оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін
кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы
түсіндіру.
ә) тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер
мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы
құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие
беру.
б)дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық
білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін
арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге,
өмірде қолдана білуге
баулу.
Сабақтың
түрі:Аралас
Сабақтың оқыту
әдістері: «Дамыта оқыту» технологиясы стратегиясының
элементтері, сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері және
т.б.
Сабақтың көрнекілігі және техникалық
жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап
көрмесі, тірек сызбалар және слайдтар
т.б.
Пәнаралық
байланыс: Саясаттану және әлеуметтану негіздері,
т.б.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана
тазалығына назар аудару.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың
назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын
арттыру.
Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке
отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы
құрылады. 1-команда «Заңгерлер», 2-команда
«Бейбітшілік»
Жоспары:
1. Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру
мақсатында «Әкімшілік құқық субъектілері дегеніміз не?» деген
сұраққа ассоцация жасау.
2. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді
құрметте»- мақал-мәтел
сайысы
3. «Білгенге маржан»- терминдермен
жұмыс
4. «Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның
қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ
жасайды).
5. «Мәзір ойыны» (әр топ сұрақтар беріледі
тезде жауап беру керек).
6. Кім жылдам? - (Пікірталас капитандар
сайысы).
7. Сөз жұмбақ "Құқығым"
8. Әріптер
сыры.
Сабақта жасалатын
әрекеттер:
-топқа
бөлу,
-жеке жұмыс,ой-өрісін тыңдау
(ой-шақыру),
-слайдтармен
жұмыс,
-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа
сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап
береді)
-шығармашылық жұмыстармен
таныстыру,
-эксперттер тобының жұмысы
(бағалау),
-мұғалімнің қорытынды
сөзі.
Оқытушының
сөзі: Құрметті оқушылар!Еліміз тәуелсіздігін алып,
бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата
Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат
қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп
көрсетілген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген
заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық
құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай , тура жолмен
жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына
жетеді.Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қылмыстық құқық деп
аталады.
Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа
жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік
тілейміз.
1-
кезең Сайысымыздың алғашқы
бөлімі Ой қозғау:
Өткен тақырыпты еске түсіру
мақсатында «Әкімшілік құқық субъектілері дегеніміз
не?» деген сұраққа ассоцация
жасау.
2-кезеңіміз
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді
құрметте»- мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде
оқушылар мақал –мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған
жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады. Егер жалғас
дұрыс табылып , екі тілдеде аударма дұрыс берілген жағдайда әрбір
дұрыс жауап 5 ұпай алады,егер бір ғана аударманы дұрыс берсе 3
ұпай,ал аудармалар берілмей тек мақал-мәтелдің жалғасы дұрыс
табылса 1 ұпайдан беріледі.
1.Бір қазаға
екі..........................жоқ.(жаза)
2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі
істі....................табар.(куә).
3.Би екеу болса,
..............................төртеу.(дау).
4.Әр елдің...................басқа, иттері
қара қасқа.(заңы).
5.Елшіге.................жоқ.(
өлім).
6.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң..............,
......................болар.(айғақ,айғақ).
7.Ата-ананың қадірін қадірін балалы болғанда
білерсің, анық достың қадірін,
.............................болғанда
білесің.(жалалы).
8............................істің- арты
игі.(әділ).
9. Жолға шықсаң сайлан, бес
........................байлан.(қару).
10.У ішкен бір
өледі,....................ішкен мың
өледі.(ант).
3-кезең
Білгенге
маржан -(Терминдермен
жұмыс).
1-команда "Заңгерлер"
1. Конституция – ең жоғарғы заңды күші бар
акті.
2. Диспозиция – қылмыстың атауы, белгіленген
мінез - құлық ережелеріне байланысты
талап.
3. Санкция – құқықтың талаптарын бұзғаны үшін
қолданылатын шара.
4. Гипотеза – норманы іске асыру үшін
қойылатын талап.
2-команда
"Бейбітшілік"
1. Материалдық кепілдік – экономикалық
кеңістіктің біртұтастығы, тауарлардың, қызмет және қаржы
құралдарының орын ауыстыруына, экономикалық қызметке бостандық
беру, жеке, мемлекеттік меншіктің түрін қорғау және
мойындау.
2. Үкімет – атқарушы органдар жүйесін
басқаратын, олардың қызметіне басшылық ететін, атқарушы биліктің
жоғары органы.
3. Вето – мемлекет басшысының заңды орган
қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту
құқығы.
4. Демократия – халық билігі, халықты
биліктің қайнар көзі деп тануға негізделген, қоғамдағы саяси ұйым
нысаны.
4-кезең«Біліміңді
көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір
баптарына өзіндік анализ
жасайды).
1-команда
"Заңгерлер"
"Қылмыс - неден пайда болады, қылмыстың алдын
алу жолдары?".
Жауабы:
Қылмыстың қоғамда жасалу
себептері:
Кедейшілік
Жұмыссыздық
Мәдениеттің
төмендігі
Адамгершіліктен
азғындау
Отбасылық тәрбиенің
дәрменсіздігі
Маскүнемдіктің етек
алуы
Нашақорлық
Құқық қорғау органдары қызметінің
қанағатсыздығы т. б. факторларды атауға
болады.
2-команда
"Бейбітшілік"
«Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің
жауапкершілігі».
Жауабы:
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған
кезге қарай 14 ке толған, бірақ 18 ге толмаған адамдар танылады.(78
бап)
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза
түрлері - 79 бап
Айыппұл:
Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру;
Қоғамдық жұмыстарға
тарту;
Түзеу
жұмыстары;
Бас бостандығын
шектеу
Бас бостандығынан
айыру
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын
шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге
тағайындалады
Азамат 14 жастан бастап қылмыстың – кісі
өлтіру (96бап)
5-
кезең Мәзір ойыны : Төмендегі
жағдайларда қандай қылмыс, қылық, кикілжің яғни өзге әлеуметтік
нормалардың бұзылғанын анықтауларың
керек
1 -команда "Заңгерлер"
• Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды. Екеуіде бір – бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады (кикілжің)
• 20 жастағы ағайынды Саша мен Никита 9 сынып оқушысы Аняны есірткіге үйретті (қылмыс )
• Әуесқан сыныптас жолдасының 900 теңгесін ұрлап алды (қылмыс)
• Индира өзіне жаңа Джинсы әпермегені үшін әке – шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды(қылық)
• Рокерлер алаңға түнгі сағат 12 де жиналадыда топ болып көше кезеді (қылық)
• Жабаев Иманбай 2 ай бойы сабаққа бармай жүр, Ол биологиядан беретін мұғалімді жақтырмайды, бірақ ата-анасы оны басқа ауыстырудан бас тартты (кикілжің)
• Жекпе – жек үстінде боксшінің біреуі қарсыласының жағын сындырды (қылмыс)
• 9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша жинаған (қылмыс)
2 -команда "Бейбітшілік"
• Аңға шыққан кезінде Омаров Қадіржан байқаусызда досының қолын атып алды (қылмыс)
• 6 Б сыныбында 3 баланың ата – анасы мектеп жиналысына келмеудіәдетке айналдырған. Себебі үшеуініңде баласының үлгерімі нашар.Олар өз балалары жөнінде жағымсыз хабар естігіс келмейді (кикілжің)
• Иманжанов Бауыржан ылғи әскери комиссариаттан шақыру қағаз алады , бірақ оған барып жатқан ол жоқ,шақыру қағаздарын жыртып тастайды Ол әскерге барудан қатты үрейленеді (қылық)
• Аида ағасы автобуста жымқырып кеткен 100 долларды үйдің бір жеріне тығып тастады. Бұл жөнінде ата- анасына тіс жарған жоқ (қылмыс)
• Абай отбасының жоғалып кеткен итін белгісіз бір жігіт тауып алды. Ит иелері газетке хабарландыру берді.Ит қартайған ауру болсада Абайдың үй іші оған әбден бауыр басып қалған , Ал әлгі жігіт телефон арқылы сыйақы ретінде 30 мың теңге сұрайды. Бұндай ақша Абайда жоқ. (қылмыс)
• Мұрат «Альянс» дүкенінен бейне камера сатып алды.Камера түрлі – түсті етіп түсірмейді. Кепіл берілетін мерзімі өтпесе де дүкен қызметкерлері камераны айырбастаудан бас тартты . Олардың пайымдауынша камераны қалағандай етіп жөндеуге болады, Ал Мұратттың ата- анасы болса қалайда айырбастауды талап етіп отыр (кикілжің)
• Дене шынықтыру сабағында мұғалім балалардың белтемірге тартылуын талап етеді, егер бала 7 рет тартыла алмаса мұғалімнің айтатыны «шикі өкпе, жалқау» (қылмыс)
• Техника қауіпсіздігі жөніндегі инжинер жұмысқа 3 рет мас болып келді (қылық)
• Асанбаев 14 ай бойы қызына алимент төлемей келеді. Ол кездейсоқ , уақытша жұмыстарда жүр (қылмыс)
6-кезең Пікірталас
1-команда "Заңгерлер"
Айгөлек лагерінде демалып жатқан 3 құрбы «Азия Даусы » конкурсына ешкімге айтпастан келіп, концертке билет алмай кіріп кетті.Лагерге таңғы 5 те оралды, келсе ботадай боздап әке – шеше отыр.Лагер директоры Тәрбиеші қыздарда осында түнімен 3 қызды іздеп бүкіл лагер ұйықтамаған.
2-команда "Бейбітшілік"
1 курста оқитын Ержан жүргізуші куәлігін алып екі айдай әкесінің машинасын жүргізді.Көктайғақта ол бір қарт әжені қағып кетіп, қарт әже аяғын сындырып алды. Жас жігіт қатты қорқып ұялы телефоны арқылы әкесін шақыртып екеулеп әжейді ауруханаға алып барды.Сөйтсе әжейдің жақын тусықандары жоқ екен. Ержан ауруханаға күнде келіп тұрды. Азық- түлік, дәрі-дәрмек жағын өз мойнына алды.Ауруханадан шыққаннан кейін әжейді үйіне парып салды. Тіпті екеуі дос болып кетті.
7-кезең. Сөзжұмбақ шешу: «Құқығым»
Мен және
менің
1 Қ
2 Ұ
3 Қ
Ы
5
Ғ
6
Ы
7
М
1. Конвенция қай айда қабылданған? (Қараша)
2. Конвенцияны қай ұйымда қабылдады? (БҰҰ)
3. Құқық бұзушылық деген не? (Қылмыс)
4.ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда
қабылданған? (Тамыз)
5. Заңның 34- бабы не туралы ? (Бала және қоғам)
6. Конвенцияның қабылданғанына неше жыл? (Жиырма)
7. Заң қай жерде қабылданған? (Алматы)
8- кезең. «Әріптер сыры».
1-команда "Заңгерлер"
А- Адам мәселесімен айналысатын ғылым. (Антропология).
Б- 18 жасқа толмаған баланы қалай атайды? (Бала)
В- 1993 жылы 15-қарашада болған оқиғаны ата? (Валюта енгізілді).
Г- Елтаңбаны зерттейтін ғылымды ата? (Геральдика)
Д- халық еркі немесе билігі (Демократия)
Е- ақша белгілерінде бейнеленген мемлекеттік эмблема (Елтаңба)
Ж- Тәуке ханның заңдар жинағы (Жеті жарғы)
З- Мемлекеттік белгіленген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы қалай аталады? (Заң)
К- Ата Заңымыз қалай аталады? (Конституция)
М-Балаларды қорғау күні қай айда? (Мамырда)
2-команда "Бейбітшілік"
П- Мемлекет басшысы (Президент)
О- Қоғамның бастапқы ұясы (Отбасы)
Р- Бүкіл халықтық дауысқа салу (Референдум)
С- Қылмыскерлердің жазасына байланысты үкім шығарады (Сот)
Т- Құжат ( Төлқұжат)
У- Қ.Р мемлекеттік құрылымы (Унитарлы)
Ұ- Біреудің дүние мүлкін құпия түрде алу (Ұрлау)
Х- Мемлекеттік биліктің қайнар көзі? (Халық)
Ш- Құран кітабының заңдары қалай аталады? (Шарихат)
Э- Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердізерттейтін ғылым? (Этнография)
Бекіту :
1. Қылмыс дегеніміз не ? Қылмыс дегеніміз – Заң қылмыс деп танитын
әрекет немесе әрекетсіздік
2.Әрекетсіздік дегенді қалай түсінесің ?- Азаматтың қылмыстың дайындалып не жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында
әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы
3.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері қандай ? -ҚР Қылмыстық Кодексі (79 бап)
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
4. ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды ?- 1997 жыл 16 шілдеде қабылданып 1998 жылдың
1 қаңтарынан бастап күшіне енді
5. Қажетті қорғану дегеніміз не?- Қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз
Бағалау:
Үйге тапсырма : §59
Тақырыпты оқып келу.«Қоғамдағы қылмыстың алдын алу жолдары» атты тақырыпта өз ойларын жазып келу. (Ой- толғаныс)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қылмыстық құқық ұғымы

шағым қалдыра аласыз