|
Ұйымдасқан-ізденушілік
|
Қымыз-қазақ халқының ұлттық
тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Бие
сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар- қазақтар,
қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген. Біздің заманымызға
дейінгі 5 ғасырда грек тарихшысы Герадот, көшпелі скифтер бие
сүтінен қымыз даярлаған- деп жазды. Қымызды даярлау, оның дәмі және
адам организіміне тигізетін әсері жөніндегі алғашқы жазба
деректерді 1256 ж татар жеріне саяхат жасаған француз Вильгельм
Рубрикас қалдырған. Қымыз жөнінде Италия саяхатшысы М. Полоның да
естеліктері бар, ол қымызды татар халқының ең нәрлі сусыны деп
атады және қымыздың дәмділік қасиетін атап көрсете отырып, оны "Ақ
шарпқа" теңеген. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем
болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек
болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып көруге болады. Бие
сүтінің қымыз болып ашуына себеп болатын да осы
қасиеті.
Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да
туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да
туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара
қаласының маңында ашылған.
Балалар сендер қымыздың қандай түрлерін
білесіңдер?
Қымыз дайындау
технологиясы
-сүтті қабылдау, өлшеу;
- сүзу;
- ашытқыны әзірлеу;
- сүтті ашыту;
- қымыздың жетілуі;
- араластыру;
- шөлмектерге құю және тығындау;
- газдау ;
- салқындату және сақтау.
Бие сүтінің құрамында витаминдер мол болады. Оның
құрамында В,С витаминдерімен бірге В2, В12 витаминдері
бар.


|
Балалар мұқият тыңдайды.
Айша:Үш тәулік ашытқан
қымыз; ДӨНЕН
ҚЫМЫЗ-
Нұрасыл:
Төрт тәулік ашытқан
қымыз;
Айзия: Асау
қымыз
- бесті қымыздан да күшті
қымыз;
Мадина:
уыз қымыз-
Жаңа құлындаған биенің уызынан
ашытылған қою қымыз;
Ханшайым: бал
қымыз-
Бал, қант секілді тәтті
қосылып жуасытқан қымыз; Шахсұлтан:түнемел
қымыз-
Қоры мол ыдысқа бие сүтін
құйып, пісіуін жеткізген, содан соң
арнаулы
Торсыққа қотарып алып,екінші
тәулікте сапырылған қымыз; Бейбатыр:жуас
қымыз-
Баяу ашыған немесе саумал
қосқан қымыз; Мерей:қысырдың
қымызы-
Тайы еміп жүрген қысыр биенің қымызы;
қорабалы қымыз-
Мол қордың үстіне күн сайын
сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;
Нұрасыл:сары
қымыз-
Шілде айында шөп әбден пісіп,
биелер қоң жинаған кездегі қымыз;
Мирас:сірге жияр
қымыз-
Бие суалар кезде бірнешекүн
жиналған қымыз; Айдос:саумал-
Енді ғана аши бастаған немесе ащы қымызға биенің
жаңа сауылған сүтін құйып,
Пісіріп, жұмсартқан тұщы қымыз
Адель:
-сүтті қабылдау, өлшеу;
- сүзу;
Жания:
- ашытқыны әзірлеу;
- сүтті ашыту;
Диляра:
- қымыздың жетілуі;
- араластыру;
|
|
Рефлексивтік-түзетушілік
|
Қымыз саба, торсық, көнектер
әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген, ауырмаған, арқасы жауыр
болмаған, семіз жылқының терісі таңдап
алынады.
Балалар бүгінгі оқу қызметіне
барлықтарын өте жақсы қатыстындар!
Балаларға жұлдызша тарату.
|
Әбділнасыр:«Үйірілген сары алтындай сары
қымыз,ауруға ем,сауға қуат,дәрі қымыз» Балалар:Қымыз-биенің ашыған
сүті.Қымызды ашытып,баптау-өте күрделі үдеріс.Қымыз ұлттық тағамның
ішіндегі қадірлі сусынның бірі.
|