400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қымыз-ауруға ем, сауға қуат»

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі»ММ

Автор: Жунусова Альбина Айбекқызы

Сынып: 3 «А»

Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Қымыз-ауруға ем,

сауға қуат»

Ғылыми бағыты: «Таза табиғат ортасы» «Қазақстан -2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі.

Секциясы: Биология

Жобаның басталуы: 2017 жыл

Жоба жетекшісі:Турагулова Гульнур Кабитановна

Аннотация

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: сусын ретінде қымыздың тағамдық қор қатарында алатын орнын, құрамдас бөліктерін анықтау әдісін үйрене отырып, түрлерін, құрамы мен қасиеттері бойынша салыстыру, эксперимент жасау, адам ағзасына тигізетін әсерін білу.

Болжам: қымыздың құрамын, қасиеттерін зертеу арқылы мектеп эксперименттерін жетілдіруге ықпал ететін және әлеуметтік мәселелер қарастырылды.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең – экспериментті жобалау;

3-кезең – жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

4-кезең – эксперимент жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

Зерттеу әдісі: зерттеуде жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау, химия лабораториясында құрамындағы заттарға сапалық реакция жасау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу нәтижесі: сусын туралы пайдалы қажетті тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, адам организміне пайдалы әсерлеріне зерттеу жүргізілді.

Қорытынды: дүниежүзі халықтарының тарихында және күнделікті өмірде ерекше орын алатын қымыз, қымыз ішу, сусынды әзірлеу әдістері және соған байлынысты рәсімдерді зерттей келе адам организміне әсерін байыптау.

Кіріспе

Қымыз – бие сүтінен арнайы ыдыста (сабада) ашытылып жасалатын қазақ халқының көне замандардан бергі дәстүрлі тағамы, қадірлі асы, емдік қасиеті мол сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады.

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз жасалынады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның денсаулығына пайдалы. Қымыз бұрыннан келе жатқан ұлттық тағамдардың бірі. Оны тек сусын ретінде емес тағам ретіндеде өте қажет.

Ғалымдардың пікірлеріне сүйенер болсақ, қымыз – туберкулез ауруына қарсы бірден-бір шипа. Қымыздың құрамындағы дəрумендер адам ағзасына тез тарайды. Оның құрамында қан гемоглобині, эритроциттерді көбейтетін дəрумендер өте көп. Қымыз созылмалы ауруларға таптырмас шипа.

Қазақтың ұлы ақыны, жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өзі қымыз туралы былай толғайды:

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға-ем, сауға-қуат, дəрі қымыз.
Елімнің баяғыдан сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кəрі қымыз!

Рас-ay, қымыз жанға-қуат, ауруға-шипа. Қымыз ішкен адамның қан айналымы жиілеп, холестериннің қызметі қалпына келеді екен. Яғни, табиғи таза өнімдердің арқасында адам денсаулығы мықты болады деген түйін жасауға болады.

Зерттеу бөлімі2.1 Қымыздың шығу тарихы

Халқымыздың дәстүрлі білім мен тәрбиелер жиынтығы – ғұмыр бойы жинақталған тәжірибелердің қорытындысы. Онда талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт озып, қоғам дамыған сайын ерекшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашан да нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын жемісі болып отыр.Қымыз туралы деректер осыдан екі жарым мың жыл бұрын қағаз бетіне түскен. Тарихи деректерге сүйенсек, XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді.

Жалпы қымыздың емдік қасиеттері жөнінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыстың медициналық журналдарында Н.Шванковскийдің, П.Скворцовтың, В.И.Дальдың да бірнеше мақалалары жарияланған болатын. Ұлы орыс жазушылары Л.Н.Толстой Самара қаласында, А.П.Чехов Андреевск санаторийінде қымызбен емделсе, ХІХ ғасырдың ортасында ғалым дәрігерлер С.П.Боткин, Г.А.Захарин, Н.В.Склифосовский де қымызбен емдеу мәселелерін зертеген болатын.

Қазақ жерінде қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылып, мұндағы сырқаттар үшін қымыз дәстүрлі қазақ әдісімен сабада ашытылады. Сол 1910 жылы Торғайда да темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеді. Қазақстанда ең алғаш рет ашылған қымызбен емдейтін орталық – «Бурабай» санаторийі. Қазір елімізде аурудың даму барысына қарай қымызбен емдеу әдістерін Қазақ тағамтану академиясы зерттеуде.

2.2 Қымыздың түрлеріҚымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ең бастылары төмендегілер:

Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз.

Ақ қымыз – әлі ашуы келмеген саумал қымыз .

Бал қымыз — жылқының сүр қазысын қосып әбден бабына келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымыздарға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады.

Бесті қымыз — төрт күн сақталған ашуы әбден жеткен қымыз.

Дөнен қымыз — үш тін сақталған өте күшті қымыз.

Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.

Кәрі қымыз – халықпен бірге жасасып, ежелден келе жатқан қадірлі, атадан қалған асыл ас.

Күздік қымыз – сірге мөлдіретерге дейінгі кезеңдегі күздік шөпке жайылған биенің сүтінен жасалған құнарлы қымыз.

Қорбалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз.

Қою қымыз – жақсы ашып, бабына жеткен, жаз соңындағы немесе ерте күздегі әбден піскен шүйгінді шөпке жайылған бие сүтінен жасалған қымыз.

Сары қымыз – жақсы пісіліп, әбден бабына келген, дәмі үйірілген құнарлы, қою қымыз.

Құнан қымыз – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.

Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда жинаған ең соңғы қымыз.

Тай қымыз – ашығаннан кейін екінші тәулікке ауысқан қымыз.

Тосап қымыз – қымыздың ыдыс түбіндегі тұнып қалған қоймалжың қоюы.

Түнемел қымыз – ашығаннан кейін бір түн тұрған, күн асқан кешегі қымыз. Уыз қымыз – биені алғаш байлап, жаңадан ашылған қымыз.

2.3 Шипалы сусынның дайындалуы

Қымыз – биенің ашыған сүті. Қымызды ашытып баптау өте күрделі процесс.

Қымыз әдетте соғымға сойылған жылқының қыртысы зақымдалмаған, жүні қырқылған шыңылтырланған терісінен тігілген ыдысқа ашытылады. Қымыздың ашытқысы қор деп аталады. Саба мен күбіні ең кемінде бір рет ыстап отыру керек. Дер кезінде тазартып тұрмаса ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығып тұрады. Әжелеріміз негізінен қымыз пісетін күбіні киікотымен ыстайды. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған.

Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдын үстіне құяды. Содан сон оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.

Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.

Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.

2.4 Қымыздың химиялық құрамы

Бие сүтінің химиялық құрамы 1922 жылғы зерттеулер нәтижелерінен белгілі. Бие сүтінің басқа жануарлар сүтімен салыстырғанда, біріншіден, химиялық құрамы әрбір жануардың ағзасында өзінің генетикалық ерекшелігіне байланысты. Бие сүтінің тағамдық сапасы оның құрамында белок, көмірсулар, липидтерге байланысты болып келеді.

Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып келеді: сүттегі қант – 6,7%, жалпы белок – 2,0%, казеин – 50,7%, минералды тұздар – 0,5%, май – 1,3-2,0%, дәрумендер: А дәрумені – 0,125-0,832 мг, С дәрумені – 97-135 мг, В тобындағы дәрумендер, Д дәрумені және Е дәрумені – 0,65-1,05 мг шамасында болады.

Бие сүтінің құрамында минералдық қосылыстардың болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • Сүттің химиялық құрамы биенің физикалық және қоректену жағдайына ауа-райына күтіміне байланысты болады;

  • Қымыз сүт тәрізді ақ- сұрғылт түсі бар, біркелкі болады;

  • Бие сүтінде жалпы белок мөлшері шамамен 2%;

  • Бие сүтінде және қымызда май мөлшері – 1,5-1,9%.

Ғылыми мағлұматтар бойынша қымыздың құрамында мынадай дәрумендер кездеседі, яғни 1 л қымыздағы витамин мөлшері:

  • Витамин А және каротин 0,9-6,9 мг;

  • Витамин С (аскорбинқышқылы) 91-157 мг;

  • Витамин В1 (тиамин) 194-154 мкг;

  • Витамин В2 (рибофлавин) 257-416 мкг;

  • Витамин В12 (цианокоболамин) 3,25-4,05 мкг;

  • Витамин РР (никотин қышқылы ) 299-1060 мкг.

2.5 Қымыздың адам ағзасына тигізер әсері

Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың.

Қымыз құрамында С дәрумені мол, яғни сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар мен белоктарға бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады.

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы» Алматы,  «Қайнар» 1993 ж.

2. Л.В. Әлімжанова «Сүт өнімі» Астана, 1998 ж.

3. З.С.Сейітов «Қымыз және шұбат»  Алматы, 2005 ж.

4. С.Кенжеахметұлы, «Қазақтың дарқан дастарқаны», Алматы кітап 2007 ж.
5. М.Г.Курамшина «Қымыз» Алматы, 1951 ж.
6. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов «Қымыз»   Алматы, «Қайнар» 1968 ж.
7. Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев «Ақ дастарқан» Алматы, «Қайнар» 1987 ж.
8. Л.В.Әлімжанова «Сүт өнімі»    Астана, 1998 ж.
9. Б.Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары» Алматы, 1989 ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
995
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі