жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қыпшақ хандығы
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А хғ.-ХІІІ ғ.басындағы Қазақстан |
Мектеп: «№74 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||||||||||
Күні: 27.11.18ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Доненбаева Мадина |
||||||||||
Сынып: 7 а |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||
Пәні: Қазақстан тарихы |
|||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Қыпшақ хандығы |
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану;
|
||||||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар. Тайпалардың орналасуы,қоғамдық құрылысы,шаруашылығы, көрші елдермен қарым қатынасы туралы біле алады. Оқушылардың басым көпшілігі: X-XIII ғғ мемлекетерді білуді және картаны қолданады ,саяси процестерді түсінеді. Кейбір оқушылар. Қыпшақ хандығы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындайды |
||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Тыңдалым және айтылым;Қыпшақ хандығы туралы видеоролик көру арқылы түсінгенін мәдени тілмен әңгімелейді, талқылайды. Оқылым және жазылым;Мәтінмен танысып жұмыс жасайды, постер қорғауда өздерінің дәлелдерді ұсынады кесте толтырады, тарихи терминдерді дәптерге жазады . Термин сөздер: яланкуг, половцы, кундар, командар, қыпшақ сөздерінің анықтамасын айтады |
||||||||||
Бағалау критерийлері |
1.X-XIII ғғ Қыпшақ хандығы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындайды. . 2.Құрамына кіретін тайпалар мен билік жүргізген хандар ,саяси қарым қатынастары туралы біледі, сипаттайды. |
||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел 6 құндылығы» Мәңгілік ел идеясының «Тарих мәдениет пен тілдің бір тұтастығы» ұлттық тарихи құндылықтарын арттырамыз. X-XIII ғғ қыпшақ хандығының басқа елдер мен қарым- қатынасының жетістіктерініне деген мақтаныш сезімі оянады. Тарихи концепт : Ұқсастық пен айырмашылық , өзгеріс пен сабақтастық |
||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
География, дүниежүзі тарихы |
||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды компьютер кажет... |
||||||||||
Бастапқы білім |
Қыпшақтардың еуразия тарихындағы орынын біледі |
||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Шаттық шеңбері арқылы бір-бірімізге сәттілік тілейміз Топқа біріктіру; Қыпшақтар, половшылар, кундар, командар сөздері жазылған қиынды қағаздар арқылы топқа біріктіру және топ басшысын тағайындау. 1 топ Қыпшақтар 2 топ Половшылар 3 топ Кундар 4 топ Командар Қыпшақтар, половшылар, кудандар, командар сөздердін мағынасын анықтаңыз. Үй тапсырмасын сұрау; Өткен сабақты қайталау мақсатында Доп лақтыру әдісі: қолданылады 1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Найман, керейіт, жалайыр мемлекеті қай жерде, қашан құрылды? 2. Бұл үш тайпаны неге қазақтың байырғы тайпасы дейміз? 3.Тайпалардың саяси құрылысы туралы не білесіңдер? 4.Бұл тайпалардың шаруашылығы қандай? Бағалау критерийі: Найман, керейіт, жалайыр тайпалары туралы біледі, орналасқан жерлерін картадан көрсете алады. Дескриптор: 1.Найман, керейіт, жалайыр тайпалары туралы және қоғамдық құрлысы жайлы оқушылар қосымша деректер арқылы біледі 2. Тайпалардың аумағын картадан көрсете алады.
ҚБ. Бағалау: Шапалақ соғу арқылы Әр топ бір-бірін бағалайды |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер
Топтық жұмыс
Термин сөздер жазылған қиық қағаздар тарату
Картамен жұмыс
|
|||||||||
Сабақтың ортасы (сабақтың негізгі бөлімі) |
Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Жаңа тапсырманы тұсіндіру Сыни тұрғысынан ойлау. Ой қозғау әдісі: 1.тапсырма: Ж.Ж Қыпшақ хандығы туралы бейнефильмді көріп ішіндегі ақпаратты ала отырып, сұрақтарға жеке жауап береді. 1.Бұл бейне таспада қандай тайпа туралы айтылған? 2. Бейбарыс деген кім? 3.Сіздер қалай ойлайсыңдар қыпшақ баласы египетке қалай барды? 4. Ол неліктен Египеттің билеушісі болды? Бағалау критерийі: Бейбарыс қыпшақтан шыққанын, ол құл болып сатылып Египетке барғанын айтады. Дескриптор: Оқушылардың жауаптары дәйекті болуы тиіс. Бейбарыстың қай тайпадан шыққанын біледі. Ол құл боп Египетке сатылғанын, сол елдің билеушісі болғанын ақпарат арқылы біледі. ҚБ.Бағалау: Басбармақ көрсету 2.Тапсырма: Мәтінмен жұмыс «ДЖИГСО» әдісі 1.топ: Қыпшақ Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы туралы айтады. 2.топ: Половшылар Қыпшақтардың қоғамдық құрылысын айтады. 3.топ: Кундар Қыпшақ хандығының саяси жағдайы туралы айтады. 4.топ: Командар Қыпшақтардың шаруашылығытуралы айтады.
3 тапсырма: СТО әдісі. Постер құру арқылы 1Қыпшақ хандығының ерте феодалдық мемлекет екенін дәлелдеңдер. 2.ХІ ғасырда қыпшақтар мемлекетінің құрылуына қандай жағдайлар әсер етті? 3. Қыпшақ ұлысы қалыптасуының себебін атаңдар? 4. Қыпшақтардың құрамына енбеген тайпалар неліктен ХІ-ХІІ ғасырларда өздерін қыпшақ деп атады? Бағалау критерийі: Қыпшақтардың ерте феодалдық мемлекет екенін және құрамында өзге тайпалардың болғандығын, ХІғасыр мен ХІІІ ғасырларда дербес болғандығын біледі. Дескриптор: Оқушылар қыпшақ мемлекеті туралы тарихи қосымша деректер арқылы VIII ғасырҚыпшақтар Орталық Қазақстанда қоныстанады.ІХ-Х ғасырларҚыпшақтар Қимақ қағанатының құрамына кіреді Қыпшақ хандығы монғол шапқыншылығының салдарынан құлайды, бірақ халқы мүлде жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырды. ХV ғасырларда Қазақ хандығы құрылған кезде қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналғандығыни қосымша деректер арқылы біледі. Картадан орналасқан аймағын көрсете алады.
ҚБ. Бағалау: Шапалақ соғу арқылы топтар бір-бірін бағалайды. |
|
|||||||||
Сабақтың соңы
|
Сергіту сәті: Қайық ойыны арқылы сабақты қорытындылау. Оқушылар қайыққа отырғандай тұра қалады да осы тақырыптан бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап бере алмаған оқушы қайықтан түсіп қалып отырады. Бағалау критерийі: Қыпшақтар туралы толық біледі, тақырыптың маңызды тұстарын айта алады. Дескриптор Қыпшақтардың қалай өмір сүргендігін, құрылғандығын, жер аумағын қосымша деректер арқылы анықтайды; -термин сөздердің мағынасын түсінеді. Кері байланыс:Бағдаршам әдісі: Тақтада ілінген бағдаршамға стикермен жапсыру. Қызыл түс- менің түсінбегенім көп Сары түс – мен орташа түсіндім Жасыл түс – мен бәрін түсіндім Үйге тапсырма. Үйге . ВЕНН диаграммасын толтыру: Қарақытайлар мен Қыпшақтардың ерекшеліктері мен ұқсастығын тауып дәптерге жазыңыз.
|
|
|||||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||
|
|
АКТ қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережеслері сақталады.
|
|||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
||||||||||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл болу қажет? |
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген