Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қыпшақ хандығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы
Бекітілді: |
Бөлім: 6.2X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды? |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қыпшақ хандығы. 1 сабақ |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлығы: Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттап, тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдана алады Көпшілігі: Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдайды Кейбірі: Қыпшақтардың дипломатиялық және әскери саладағы жетістіктерін талдайды |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» құндылықтары: Қыпшақтардың елін, жерін қорғауы, әскери өнерін білуі арқылы патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, құрмет құндылықтарын бойына дарыту |
|||||
Сабақтың барысы: |
|
|||||
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. Ұжымдық жұмыс. 10 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2.Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: 1-топ. Ұлы Дала 2-топ. Дешті Қыпшақ 3-топ. Қыпшақ хандығы Саралау: Бұл жерде саралаудың «Бірлесу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға бірігіп жұмыс жасау еркіндігі беріледі. |
Топтарға бөлінеді |
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» |
Фигуралар салынған конверт коверттегі фигураларға жазылған сөздерге қарай топқа бөлу |
||
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі. Ұжымдық жұмыс.
5 мин. |
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді. Оқушыларға орта ғасырлық Қазақстанның саяси картасындағы мемлекеттерді көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу. Оқушылар қазақ халқы - қыпшақтардың ұрпағы екенін болжау арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Сен маған мен саған» әдісі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады. |
Сұрақтар: І. Қыпшақтардың кең байтақ аумақты иеленуінің себептері қандай? ІІ. Қыпшақ хандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатының нәтижелері туралы қандай болжам жасауға болады? ІІІ. Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды? І\/. Қыпшақ хандарының жүргізген сыртқы саясатының нәтижесі қандай? \/. Қыпшақтар ұлан-ғайыр жерге қалай ие болды? Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту. Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. |
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Онлайн мектептің зум экраны немесе өз таңдауыңыз бойынша платформадағы экран
Сұрақтар топтамасы.
Оқулық 6-сынып. |
||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу.
Топтық жұмыс. 15 мин. Оқылым Жазылым. Айтылым |
Тапсырма №1 «Мағынасын анықта кестесі» Оқушылар бөлінген 3 тобына, келесі тақырыптары бойынша интеллект карта дайындап, қорғау:
1-топ. Қыпшақтардың Хорезм елімен қатынастары 2-топ. Қыпшақтардың Киев Русі және Византиямен қарым-қатынасы 3-топ. Қыпшақтардың әскери өнері
Мақсаты: Берілген мағынаны анықтау кестесін орындайды Тиімділігі: Жазылым мен айтылым дағдысы қалыптасады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «нақтылық» тәсілі көрініс табады. |
№1-тапсырма: интелект картасын орындайды және қорғайды. Берілген сөздерге сипаттама береді.
Бағалау критерийі: Қыпшақтардың дипломатиялық және әскери саладағы жетістіктерін талдайды. 1-топ. Қыпшақтардың Хорезм елімен қатынастары 2-топ. Қыпшақтардың Киев Русі және Византиямен қарым-қатынасы 3-топ. Қыпшақтардың әскери өнері
|
Дескриптор: - Қыпшақтардың Хорезм елімен қарым-қатынастарының екі күшті жағын және екі әлсіз жағын көрсетеді (1-топ); - Қыпшақтардың Киев Русі және Византия елдерімен қарым-қатынастарының екі күшті жағын және екі әлсіз жағын көрсетеді (2-топ); - Қыпшақтардың әскери өнер жетістіктеріне дәлел келтіреді (3-топ); - Жұмысты дайындауда және қорғауда «Ұлы Дала» ұғымын қолданып, қыпшақтарға қатысты мәнін түсіндіру (ортақ). Жалпы- 4балл. |
ДК экраны 6-сынып оқулығы |
||
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі. Жеке жұмыс. Жазылым. 10 мин. |
ІІ тапсырма. «Картамен жұмыс» әдісі. 1) Мәтін негізінде қыпшақтардың қоныстанған аумағын кескін картаға түсіру. 2) көрші мемлекеттерді белгілеу. Мақсаты: «Картамен жұмыс» тапсырмасы арқылы мемлекеттердің мемлекеттің шекарасын, көршілес елдерін, астаналарын естерінде сақтайтын болады Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Дәлелдеу» тәсілі көрініс табады. |
Кескін картаға қыпшақтардың территориясын түсіру. 1) Мәтін негізінде қыпшақтардың қоныстанған аумағын кескін картаға түсіру. 2) көрші мемлекеттерді белгілеу. Бағалау критерийі: Қыпшақ хандығының саяси картадағы орнын анықтайды Дескрипторлар: Қыпшақ хандығының аумағын кескін картада дұрыс көрсетеді; Көршілес мемлекеттерді белгілейді; Екі орталығын белгілейді |
Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». .
Жалпы- 6 балл. |
ДК экраны 6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
||
Жұптық жұмыс. 2 мин.
айтылым |
ІІІ тапсырма. «Қолдану» дағдысына негізделген Тестпен жұмыс. Оқушылардың берілген ақпаратты қаншалықты игергенін анықтау үшін join my Quiziz сайтында тест тапсырмаларын орындау ұсынылады. Сабақтан соң тексеріп, кері байланыс беріледі. |
Quiziz сайтында берілген тестті орындап, сабақты қорытындылайды |
Дескриптор: Тест тапсырмаларына жауап беру |
ДК экраны 6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд |
||
Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс: 3 мин. |
І\/ тапсырма: «Менің ойым» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз. Пікір: Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел:Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал:Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір. Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз. |
Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.
Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау. Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады. |
Дескриптор: Менің ойым әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,. |
ДК экраны 6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |