Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар мен
балалар, бүгінгі ұлттық мерекеміз Республика күні құтты
болсын!
Ертеңгілігімізді ашық деп
жариялаймыз!
Жүргізуші:
Барлығыңызды мерекелеріңізбен
құттықтаймыз! Кішкене бөбектеріміз сіздерді қуанта берсін! Еліміз
тыныш, деніміз сау, аспанымыз ашық
болсын!
Бұл мереке салтанатты
болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат
етіңіздер!
Гимн
РК.
Жүргізуші:
Міне, осындай егеменді
еліміз,
Кең жазира ұлан- байтақ
жеріміз.
Туған елін, туған жерін
сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз,
еріміз.
Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын
естіп жүреміз. Осы Отан дегеніміз не? Балалардың
жауабы.
Балалар:
Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері,
туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата
мекені.
Жүргізуші:
Ал енді балалар, біздің
еліміз, Отанымыз қалай аталады?, қай елде
тұрамыз?
Балалар:
Қазақстан
Республикасында.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар
балалар.Ендеше, ортаға мерекеге
арналған жылы лебіздерімен бүлдіршіндерімізді
шақырамыз.
Ортаға
Аяла, Азиз,
Жансұлтан, Нұрислам,
Илигай
келсін.
Аяла:Кенге толы қойнауы
Төлге толы жайлауы
Ол-
біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеуі- ақ
Отан бізде біреу-ақ,
Ол
біздің Қазақстан!
Азиз: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан.
Жансұлтан:Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім,
Отаным - Қазақстаным.
Нұрислам:Гүл
жайнаған Астана
Қазақстан отаны.
Илигай: Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны.
Би: «»(ұлдар мен
қыздар)
Жүргізуші:Республика күнінде шаттық
орнап,
Шығамыз біз ән салып,біздер
жайнап.
Егеменді Тәуелсіз
Қазақстан,
Сыйластықта болады тойын
тойлап.
Жүргізуші:
Жиырма бесі қазанның атаулы
күн,
Тәуелсіздік күніне салатын
үн.
Осы күні тойланар бұл
мереке,
Орындалып патриоттық ән менен
жыр.
Ән:
"Біз бақытты
баламыз"
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар! Біздің балапандарымыз отан туралы мақал-мәтелдерді де
жақсы біледі.
Олай болса
ортаға Ибраһим, Медина,
Дәуірбек,
Б.Сезімді
шақырамыз.

Ойын: «Туыңды жоғары
көтер»
Ән:
«Қазақстаным»
орындайтын тобымыздың
әнші балапаны
Манарбек
Жансұлтанды
шақырамыз.
Би: «»
(жалаушамен)
Жүргізуші:
Олай болса, мерекелік жыр
шумақтарымен ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Ортаға: Айша, Хантөре,
Айсезім, Айша-Бегім,
Гүлсезім
Айша: Отан – асыл анамыз,
Ана сүтін ақтаймыз.
Есейгенде ел болып,
Елді жаудан сақтаймыз
Хантөре:Біз
Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Айсезім:
Тәуелсіз біздің еліміз.
Қазақстан бай жеріміз.
Айша-Бегім:Отан – менің ата-анам.
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Отан туған ауылым.
Гүлсезім: Отан, Отан
бәрінен биік екен,
Мен оны
мәңгілікке сүйіп өтем!
Топтық
би:
Ән: «Отаным»
(хор)
Тәрбиеші: Бүгін, міне еліміздің ұлттық
мерекесін Республика күнін атап өттік. Жүзіміз жарқын болып,
аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы –
сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей
отырып, әрбір атқан таңдарың арайлы да шуақты болсын деп бүгінгі
мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн жақсы
болын, хош сау болыңыздар!