Тақырыбы: «Қыран елім - Қазақстаным»
Мақсаты: Балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Егемен еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Балаларды Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Ту, Елтаңба, шар, жалаушалар.
Кіруі: «Елім»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті әріптестер, балалар, және қадірменді қонақтар. Бүгінгі 25 қазан Республика күніне арналған «Қыран елім -Қазақстаным» атты мерекелік ашық ұйымдастырылған іс әрекетімізге қош келдіңіздер.
Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны
Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Сөзін жазған: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнұран.
Жүргізуші: 1990 жылдың 25- қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан – жақты қарым – қатынас жасайды.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ортасында шұғыла күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті, тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған.
Елтаңба Мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды, авторлары белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уәлиханов. Елтаңбада шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз ал төменгі бөлігінде Қазақстан деген жазу бар.
Қазақстан көлемі жағынан әлемде 9 орында. Бес мемлекетпен шекаралас, олар Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан. Біздің Қазақстанымыз кең байтақ жері бар өте үлкен мемлекет.Әдемі қалалары бар, табиғаты сұлу, өзендері көрікті.
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан- жүректі ұғысқан,
Ата бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын, Қазақстан- Гүлстан.
Ән: «Туған өлкем»
Айзере
Көк туым көтерілді бағым жанып
Елтаңбам әлемге танылды анық
Шырқадым әнұранды бар дауыспен
Арманым атазаңым қабылданып.
Арслан
Отан жерім, Отан суым
Отан қуат, нәр береді.
Отан ұран, Отан туым
Отан мәңгі гүлденеді
Қуат алам өзіңнен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімен.
Ардана
Сүйем сені туған ел атамекен
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің
Сенен артық не табам құшағың кең
Абай
Арыстандай айбаттым
Жолбарыстай қайраттым
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың
Қанша бұлбұл сайраттың
Қазақстан ардақтым.
Би : «Көкке өрле »
Айым
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Құт- береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Асылым
Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
Жандаулет
Көк аспапдай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
Ән : «Егемен ел Қазақстан » Орындайтын: Орынбай Айзере
Рамина
Ақжайық Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Ерболат
Ерлігі бар даңқы бар
Бірлігі бар халқым бар
Отан үшін аянбай
Ұрпағың мәңгі талпынар.
Еркеназ
Отанымды оттан ыстық сүйемін
Сол үшін де отқа түсем, күйемін
Отанымнан өзге менің жерім жоқ,
Туған жердің топырағы да киелі.
Би: «Тәуелсіз қазақтың қызымын»
Нұрай
Отан деген – атамекен
Отан деген- туған жер
Отан- ана Отан-үлкен
Қазақстан – туған ел.
Айдын
Астанам- бағым, баспанам,
Қарыштап алға бас қадам.
Отанымның жүрегі
Елорда – менің Астанам.
Зейнеп
Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Тақия тастамақ»
Би: «Қырандар биі»
Ән: «Туған жер» Орындайтын: Болатхан Амина
Жүргізуші
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Ән: «Туған ел»
Қазақстан- туған Отан алтын бақ
Қазақстан- мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан- көпті көрген қария,
Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!
Сонымен балалар бүгін біз қандай мерекені атап өтіп жатырмыз ?
(25 қазан Республика күні мерекесі)
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қасымжомарт Тоқаев.
Біздің Отанымыз қалай аталады ?
Қазақстан
Жарайсыңдар балалар !
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі 25 қазан Республика күніне арналған «Қыран елім - Қазақстаным» атты мерекелік ашық ұйымдастырылған іс әрекетіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Еліміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қыран елім - Қазақстаным»

шағым қалдыра аласыз