"Қыран елім Қазақстан"патриоттық әндер сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыран елім Қазақстан"патриоттық әндер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Қыран елім-Қазақстан" Патриоттық әндер сайысы

Мақсаты: Балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шар, слайд, гүл, нақыл сөздер

Байқаудың шарты:

-дауыс үндестігі

-сахналық жүрісі, киімі

-орындау шеберлігі


Армысыздар!
ұстаздар,оқушылар,ата аналар! 25-қазан Республика күніне орай "Қыран елім-Қазақстан" атты мектепішілік патриоттық әндер сайысына қош келдіңіздер!Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.

Жүргізуші: 
Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» , «Қазақстан» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!

Жүргізуші: Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел

Болашаққа нық басып, буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

Жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім

Келесі кезекте 1«а» сыныбының қыздарын «Тәуелсіз елдің ұраны» әнімен қарсы алыңыздар

Жүргізуші: Біз -бейбіт ел ұланы,

Өнер білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады

-дей келе 1"б" сынып оқушыларын ортаға шақырамыз . орындайтын әні: «Қазақ болып мақтанамын»

Жүргізуші: Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз ел

Болашаққа нық басып, буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басқан ел!

Ән: "Тәуелсіз елдің ұраныорындайтын 2"а" сынып оқушылары

Жүргізуші: Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!

Жаза алмас ем, топырағыңа тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер

Ән: "Отаным" орындайтын 2"ә"" сынып оқушысы

Жүргізуші: Армысың ата-қоныс , атамекен

Киелі қасиетті туған өлкем.

Саған деген сезімім, сағынышым,

Жыр болып төгіледі жүрегімнен - дей келе

3«а» сынып оқушыларының орындауындағы ән: «Саржайлауым» . Олай болса, қол соғып қошеметпен ортаға шақыралық

Жүргізуші: Самал желі, тау-тасы, таза жері

Саф алтындай, о, неткен ғажап еді!

"Жаңа ғасыр жұлдызы" атанып сен,

Жаса, жайна мәңгілік ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Ортаға 3"ә" сынып оқушыларын шақыралық.Ән: "Қазақ үшін".

Жүргізуші: Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсы көгімде,

Ашық аспан бейбітшілік бейнесін,

Әуелесін Қазақстан жерінде.

Ән«Татулықты күшіміз» орындайтын 3 «б» сынып оқушысы

Жүргізуші: Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,

Мінезі ақыл, өнер дұрыс болса

Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,

Еткені берекелі жұмыс болса-

келесі кезекте "Туған жерәнімен ортада 4"ә" сыныбы

Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған 
«Қыран елім-Қазақстан!» атты патриоттық әндер сайысы өз мәресіне де келіп жетті. Ортаға әділ- қазылар алқасын шақырамыз.

Жүргізуші: Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңызда



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2023
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі