|
Сабақ тақырыбы:
|
Түлкі мен
қырғауыл.
|
|
Білімділік :
|
Қазақ тіліндегі танымдық ақпараттардың негізінде оқушыларға құстар мен аңдар әлемі жайлы мағлұмат беру.
|
|
Дамытушылық:
|
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі сөздік минимумдар арқылы сөйлемдерді құру мәдениетін дамыту, сөйлесімге
баулу.
|
|
Тәрбиелік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында құстар мен аңдар әлеміне деген қызығушылығын
арттыру.
|
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі»
оқулығы.
|
|
Жетістік
критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде құстар әлемі жайлы ақпарат береді, сұрақтарға жауап
береді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ойды табады, тақырып бойынша өз ойын айта- ды, сыныптастарымен
тілдеседі.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа
қатысты диалог, шағын мәтін құрай
алады.
|
|
Жаңа сөздер:
|
Қырғауыл, естімейді, заман, бұйрық, зорлық
қылмасын, алды-артына қарамастан.
|
|
Сабақта қолданылатын мате-
риалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А 4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты буклеттер,
желімқағаздар.
|
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сипаттау, «Көңіл күй
аралы» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, «Жағымды сөздер»
тәсілі.
|
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал,
дидактикалық материалдар,
сөздік.
|
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
|
Оқушыларға психологиялық ахуал
туғызу
|
Мұғалім оқушыларды
«Көңіл
күй» әлеміне
енгізеді, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды
түгендейді.
|
Оқушылар мұғаліммен
сәлемдеседі тамаша,
жақсы, нашар деп өздерін
көңіл-күйлерімен бөліседі. Бір-біріне жақсы қасиеттерін
айтады.
|
|
Өткен сабақ
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді.
Кем
шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға
жауап береді.
|
|
І.
Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген
қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты
суреттер көрсетеді, сұрақтар
қояды:
— Балалар, құстар
мен
жыртқыштар әлемі жайлы не білесіңдер?
Құстар мен жабайы
аңдар туралы қандай ертегілер
білесіңдер?
|
Суретті көреді, сұрақтарға жауап
береді.
|
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа
қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды
оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді
тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды
жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты
қабылдауға машықтандыру үшін 1, 3-тапсыр- маны
орындатады.
|
Айтылым. Сұрақтарға жауап
береді.
|
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру
үшін 2-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Үлгіге қарап, сөйлем құрайды, қою қаріппен берілген
сөздерді алмастырады.
|
|
3. Мәтінмен жұмыс. А)
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс
оқу үшін 4-тапсырманы
орындатады.
|
Тыңдалым.
Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп
оқиды.
|
|
Ә) Жазылым. Оқулықтағы
5-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Мәтін мазмұнына сәйкес сөздер мен сөз
тіркестерін сәйкестендіреді.
|
|
Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы
6-тапсырманы
орындатады.
|
Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқып,
мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді
теріп жазады, сөз тіркесін
құрайды.
|
|
В)
Айтылым. Оқулықтағы 7,
9-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Әр
сұраққа үш
нұсқаның ішінен дұрыс жауапты
тауып айтады.
|
|
4.
Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А
4
парағы
мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер
таратады.
|
Топтық жұмыс. А4
парағына
«Түлкі мен қырғауыл»
сайысы
ның суретін салады,
сипаттайды.
|
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсыр-
маны орындатады.
|
Жазылым. Берілген сұрақтарға жауап
жазады.
|
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Жұптық жұмысты 11-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Айтылым. Мәтінге жоспар
құрады.
|
|
IV.Бекіту
|
А) Оқулықтағы 12-тапсырманы
орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Диалогті
тыңдайды, түлкі мен қырғауылдың рөлін
бөліп
оқиды.
|
|
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды,
талдатады.
|
Мәліметтерді оқиды,
талдайды.
|
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім
топтық бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды
бағаны өзі қояды.
|
Оқушыларға топтық бағалау
таратылады . Әр топ өз бағаларын
қояды.
|
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 8-тапсырманы
орындау.
|
|