400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қырғыздар мен Қазақтар (М.Шаханов)

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Шахановтың өлеңдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қырғыздар мен қазақтар

Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов

2005-11-07

Шаттықта да бірміз,

Қайғыда да бірміз,

Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз.

Бірімізді екіншіміз қолдап, суйеп жүрміз

Алатауды алып құсқа балар болсақ

Сол құстың

Бір қанаты қазақ та, бір қанаты қырғыз.

Еңісте де, өрісте де бірміз,

Жеңілісте, жеңісте де бірміз,

Ынтымық пен ізгіліктің жігін ашпас

__________________________шеге болып тұрмыз,

Түйенің қос өркешіндей тұтасқан

__________________________бір дене болып тұрмыз,

Сен жоқ жерде қазақ жетім, жан бауырым, қырғыз. Бабамыздың сақалы да түсті қанша көкпарға.

Кейбір қырғыз қансыздары

Сонау жылы, ызғар шашқан ақпанда

Өз ұлтының мұхиттан да терең жатқан байлығы,

Бүткіл түрік, бүткіл әлем рухының айбыны,

Манас туын құлатқалы жатқанда,

бар қырғызды жылатқалы жатқанда,

Хас батылдық кімге шаттық, кімге азап

Жанын салып қорғап қалған бір қазақ.

Қырғыз үшін отқа салған қанатын

Ал ол қазақ - ұлы Әуезов болатын.

Желтоқсанда егемендік аңсап ұлы кең дала,

Тосын мінез көрсеткенде қажырлана, жандана,

Қазақтың жас өркеніне

Бүкіл әлем көз тіккенде таңдана,

Жойқын күштер жұдырығын көрсеткенде паңдана,

Бәрі бұғып қалған кезде, ей бауырым, қырғызым

Тайсалмастан қолдау айтқан,

_________________________қорғау айтқан сен ғана!

Жалғай берсін құдалықты ер жігіттер, гүл қыздар,

Екі елге ортақ Манас, Абай көгіндегі жұлдыздар.

Қырғыздардан асқан туыс болған емес қазақта

Ал қазақтай бауыр таба алмайды қырғыздар!

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Жігіттің екі сипаты

Өлеңді жазған: Мұхтар Шаханов

2005-11-07

Кім қайратты

Кім кімге асқар тұлға,

Мүмкін бе екен тағдырдан ба тартуға?

Неткен ғажап

Биіктен қулаған тас,

Сынғанымен қалады тас қалпында.

Құзар шыңда,

Ойпаңда,

Бұралаңда,

Талайларды сын күтіп тұрады алда...

Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер

Кіп-кішкентай жырадан құлағанда.

Алуан тағдыр берілген бұл адамға Аяңдар

Өйткені оның

Құм боп кетер жігері жылағанда.

Алуан тағдыр берілген бұл адамға,

Тұлпарынан ер жігіт құлағанда

Жұбатпаңдар!

Ер адам от-жігерін

Намысына жаниды жылағанда.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі