Бекітемін __________________
ЖШС «Сәби-Нұр» балабақшасы
Меңгеруші_______ Марданова А
2023-2024 оқу жылына арналған психологтың
Қыркүйек айына арналған хаттамалар анықтамалар
Психолог: Гаиндинова С
Хаттама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:08.09.2023ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:22
Қатыспағандар:3
Әдістеме: «Суреттерді қарау»
Мақсаты:
Заттардың арасынан ұқсастық таба білу;саусақпен затты көрсете отырып,затты және оның бөлшектерін тани білу,аталған суретті ересеткерге ұсынып отыру.Келесі тақырыптар бойынша сөздік қорды дамыту: «үй жануарлары», «үй құстары», «жабайы жануарлар».Жануарлардың бөлшектерін айыра білу және атау(бас,құйрық,аяқтар ).
Тапсырманың сипаттамасы: Психолог адам суреттін көрсетіп,кейіпкерді атап,қайталауды ұсынады.Содан кейін кезекпен кезек жануардың негізгі бөлшектерін көрсетіп,атайды және балаға қайталауды ұсынады.Бір сабақта тек бір кейіпкермен танысамыз.Кейіпкердің барлық бөлшек атауларымен танысып болғаннан кейін,келесі кейіпкермен танысуға көшеміз.Тапсырма соңында көп кейіпкердің ішінен біреуін таңдалып,ойын ұйымдастырылады. Егер бала әлі сөйлемесе,оған жануарлардың бөлшектерін саусағымен көрсету ұсынылады.
Көрнекі құрал: -үй жануарлары:ит,мысық,ат,сиыр,ешкі;
-үй құстары:тауық,әтеш,қаз,күркетауық;
-жабайы жануарлар:қоян,аю,тиын,бұғы,кірпі.
Даму деңгейлері
Жоғары деңгей– бала барлық 5 затты көрсетті және атады.
Орташа-жоғары деңгей– бала 4 затты көрсетті,атады.
Орташа деңгей– бала 3 затты көрсетті,атады.
Орташа-төменгі деңгей– бала 2 затты көрсетті,атады.
Төменгі деңгей – бала 1 затты көрсетті,атады немесе бірде- бір затты көрсете де, атай да алмады..
Қорытындысы:
Орташа-жоғары деңгей: 10 бала
Орташа деңгей: 9
Орташа-төменгі деңгей:4
ҮЙ
ЖАНУАРЛАРЫ
ҮЙ ҚҰСТАРЫ

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР

Хаттама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:11.09.2023ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:23
Қатыспағандар:2
Әдістеме: «Басқасын тап»
Мақсаты:
Сөздердің мағынасы ұқсас келетін,бірақ сыртқы түрінен айырмашылығы бар суреттерді тауып,атай білу.
Тапсырманың сипаттамасы: Баланың алдына жиынтықтың біреуін қойып,айтады:
«Итті көрсет.Басқа ит қайда?Сиыр қайда?Пирамида қайда?»
«Әтеш қайда, көрсет.Басқа сиыр қайда?»Ешкі қайда?Кесе қайда?»
«Сиыр қайда,көрсет.Басқа қоян қайда?Аю қайда?ал күртеше қайда?»
Көрнекі құрал: 1жиынтық: 2ит (сыртқы түрлер іәртүрлі),сиыр,пирамида;
2жиынтық: 2әтеш (сыртқы түрлері әртүрлі ),тауық,ешкі;
3жиынтық: 2 сиыр(сыртқы түрлері әртүрлі ),ешкі,кесе;
-жиынтық 4:2 қоян (сыртқы түрлері әртүрлі),аю,күрдеше.

Орташа-жоғары деңгей– бала 12 затты көрсетті,атады.

Төменгі деңгей – бала 1 затты көрсетті,атады немесе бірде- бір затты көрсете де, атай да алма
Қортындысы;
Орташа -жоғары деңгей;16
Орташа -төмендегі деңгей;6
Төменгі деңгей;1

Хаттама
Зерттеуші топ « Еркетай»
Зерттеу уақыты:12.09.2023 ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:24
Қатыспағандар:1
Әдістеме: «Пішіндер қорабы»
Мақсаты:
Пішіндерді қаншалықты қабылдағанын анықтап,баға беру және кеңістік қатынасты,қабылдау дағдыларын бақылау;пішіндердің кеңістікте орналасуын талдау жасау дағдылары.
Өтілу барысы:
Баланың алдына бүктелген пішіндер және қиындылармен қорап қойылады.Ережесі: «Бұл үйшікте ойыншықтар мекендейді.Әрқайсысының өзінің есіктері бар.Әр пішіннің есіктерін орналастыр.
-Балалар шамамен көру арқылы тапсырманы орындайды-2 балл.
-Бала көзбен жиі өлшем жасайды,пішіннің қиындысысын қайта-қайта қойып,сәйкес орнына қою арқылы тапсырманы орындайды-1балл.
-Бала тапсырманы орындай алмады-0 балл.
Хаттамада бала тапсырманы қалай орындағаны (көру немесе қайталау әдісі арқылы) түртіліп,белгіленеді, «Қосымша» бөлімінде бала тапсырманы орындаған кезде айтылған сөздері тіркеледі,сонымен қоса баладан таныс пішіндердің атауларын атауға тапсырма беру (мысалы,төртбұрыш,тіктөртбұрыш) және бала бұл тапсырманы орындай алды ма.
Қорытындысы:
2 балл жинағандар: 14
1 балл жинағандар: 10

Анықтама
Қатысушылар: Ата-аналар
Уақыты:14.09.2023
Ата-аналар саны:25
Қатысқандар:19
Қатыспағандар:6
Тақырыбы: ««Балабақша мен отбасы»»тренинг
Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым -
қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс
қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын
жүргізу.
Міндеті:Қарым-қатынас жасай білу дағдыларын, тыңдай білу қабілетін, өз
көзқарасын білдіре алу, өзгелерді түсіне білуге, топпен жұмыс барысында
мейірімділік атмосферасын орнату.
Қорытындысы:
Ата-аналарға «Балабақша мен отбасы»тренинг жүргізілді.Барлық ата-аналар тренингке жақсы араласып отырды. Ата-аналар белсенділіктерін, қарым-қатынас жасай білу дағдыларын, тыңдай білу қабілетін, өз көзқарасын білдіре алу, өзгелерді түсіне білуге, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнатты.Өте жақсы қатысты.
Тақырыбы: «Балабақша мен
отбасы»

Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз
- қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар,
себет
Шаттық
шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан
ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте
қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер
құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп
атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар.
Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге
тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен
жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді
жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп,
шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Танысу: Әр ата - ана өзін таныстыру
керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы:
Айдай сұлу - Айсұлу.
Тренинг:
Енді ата - аналар, «Табиғатсыз
адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам
табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді
сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде
жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып
бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек,
діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын
таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін
діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге
келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі
тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық
сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын
адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты
қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»-
тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты
саламыз.
(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)
Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға,
«діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа
жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы –
балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы
жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып,
ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)
Ойын: «Қай жұп
күшті?»
Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға
билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып,
қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп
белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір - бірін
құшақтап шарды жарады.
Ойын: «Кім екенін
тап»
Әрбір адам өзінің аты - жөнін
көрсетпей, өз - өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің
ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді
жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап
оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.
«Тілек гүлі»
(қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін
ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана
мен балабақша арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға,
жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ,
оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір -
бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп
рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін
дегім келеді. Сау болыңыздар!.
Анықтама
Қатысушылар: Педагогтар
Уақыты:15.09.2023
Саны:3
Қатысқандар:3
Қатыспағандар:
Тақырыбы: «Баланың балабақшаға бейімделуі»
Педагогтарға кеңес
Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделуі –әр балада әр түрлі қабылданады, жаңа ортаға бейімделу процессі-бұл жаңа ортаға бейімделу ғана емес күні бойы жаңа режімді, жаңа орта, жаңа қарым-қатынас сонымен қатар жаңа дағдаларын дамытуға балалар түрлі жолмен өтеді . Осы кезеңде кейбір балалар ауыр, ал кейбіреулері жеңіл қабылдайды. Бейімделудің ауыр жолымен өткен кейбір балалардың бейімделуі 3-4 айға созылады. Жеңіл бейімделу кезеңі 1-2 күн болды. Ұзаққа созылған бейімделу кезеңі көптеген факторларға байланысты болады баланың денсаулығына, жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне, үйдегі ата-ана ықпалына т/б себептерге байланысты. Бұл кезде балаға тәрбиеші тарапынанда жеке қолдау керек балаға жақсы көңіл күй сыйлап ортаға қосу. Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделуін, тамақтануы, ұйықтауы, өзгелермен қарым-қатынасы, сөйлеу әрекеті, ойын ойнаудағы белсенділіктері бойынша балаға жеке карта ашып бейімделу уақытын белгілеп баланың бейімделуі жайында ата-анамен бірігіп бірдей жұмыс жасалды. Баланың балабақшаға бейімделуі әрине бірінші отбасында және беалабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайда бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үұлкендермен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен. Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен. Кей тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбегшен (картоп, нан) Балабақшаға бала қалғандам алғаш екі сағатқа ғана қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады. Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Қобалжуы қиын ата аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая түседі. Осы кезде ата аналар балаға көмек берулері керек. Ертеңгілік қоштасуларды жеңілдету тәсілдері: Баламен тез қоштасып үйреніңіз, қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады. Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз 21 - - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - - Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін табыңыз және соны қатал ұстаңыз. Балаңыз балабақшаға барғаны үшін алдарқатып ойыншық сатып алмаңыз. Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай көндіру қиын болады. 1,5-2 жастағы балалар үүшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Үйде балабақша күн тәртібін қатаң сақтаңыз. Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз. Үйдегі жағдайда баланың өз өзіне қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз; жуыну, сүртіну, шешіну ,өз бетінше тамақтану, твамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде ынғайлы болуы шарт. Баланың «Социалдық көкжиегін»кеңейтіңіз ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез ьүйренісіп тіл табысатын болады. Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбінесе ата ана тарапынан болуы керек, оның өзіне керек екендігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.Есіңізде болсын сіз көбірек осындай жылылық білдірмеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді.
Қорытындысы:
Педагогтарға «Баланың балабақшаға бейімделуі»тақырыбында кеңес берілді.Барлық педагогтар кеңесті мұқит тыңдады.Өз ойларымен де бөлісті.
Хаттама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:18.09.2023ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:23
Қатыспағандар:2
Әдістеме: «3 түрлі құрастырмалы матрешка»
Мақсаты:Бала ережені қаншалықты түсінгенін анықтау,қабылдау дағдыны анықтау,көрнекі-қозғалыс ойлау қабілетінің деңгейін бағалау.
Өтілу барысы:
Балаға матрешканы көрсетеді,психолог ойыншықты шашып тастайды,содан соң қайтадан жинап,құрастырады.Одан кейін матрешканы балаға береді және оған қайталауға тапсырма беріледі.Бала ең үлкен және ең кішкентай матрешканы көрсету керек,бой-бойымен орналастыру қажет.
Бағалау критерийлері:
-Бала ережені түсініп,өздігімен қайталау арқылы матрешканы шашып қайта құрады-2балл.
-Бала үлкендердің көмегімен тапсырманы орындайды-1балл.
-Бала тапсырманы орындай алмайды-0балл.
Хаттамада баланың тапсырманы қаншалықты орындағаны туралы жазылып,тіркеледі, «Қосымша» бөлімінде-бала матрешкаларды бой-бойымен орналастырғандығы туралы мәлімет тіркеледі.
Қорытындысы:
2 балл жинағандар;19 бала
1 балл жинағандар: 4 бала

Хаттама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:19.09.2023ж
Балалар саны: 25
Қатысқандар: 20
Қатыспағандар:5
Әдістеме: «Кім кетіп қалды?»
Мақсаты:
Балалардың сөйлеу тілін түсінуге дағдыларн қалыптастыру,белгілі бір объктті және оның бөлшектерінің атауларын білу,психолог соңынан қайталау. Жануарлар мен құстардың атауларын пысықтау.Зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту.
Өтілу барысы:
Баланың алдына үй жануарлары мен құстардың суреттерін қояды.Оларды мұқият қарап,атауларын атауға тапсырма беріледі.Содан кейін экранмен барлық суреттерді жауып,біреуін алып тастайды.Енді балаға сұрақ қойылады: «Кім кетті?»Ойын 6 рет өткізіледі.Жаңа суреттен алынып тұрады.
Құрал: Ит,мысық,сиыр,ешкі, әтеш,тауық.

Жоғары деңгей; 3 бала
Орташа- жоғары деңгей;13
Орташа- төмендегі деңгей;4

Хаттама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:20.09.2023ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:23
Қатыспағандар:2
Әдістеме: «Көп және аз»
Мақсаты: Суреттен бір және көп заттарды анықтау іскерліктерін тексеру.
Тапсырма: Суретте қандай заттар жалғыз, ал қандай заттар көп?
Даму деңгейінің қорытындысы:
Төмен – тапсырманы орындауда қиналды, тапсырманы орындай алмады.
Орташа – берілген тапсырманы жартылай орындады.
Жақсы
– берілген тапсырманы толық
орындады.
Қортындысы;
Орташа;5
Төмен;1
Жақсы;16

Хаттама
Зерттеуші топ « Еркетай»
Зерттеу уақыты:21.09.2023ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:25
Әдістеме: «Араға көмектес»
Мақсаты: Беске дейінгі санау білімдерін тексеру.
Тапсырма: Араға барлық гүлдерді реті бойынша ұшып өтуге көмектес.
Даму деңгейінің қорытындысы:
Төмен – тапсырманы орындауда қиналды, тапсырманы орындай алмады.1 бала
Орташа – берілген тапсырманы жартылай орындады; 18 бала
Жақсы
– берілген тапсырманы толық
орындады.6

Хаттама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:22.09.2023ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:25
Әдістеме: «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: Суреттердің көлеңкесін табу арқылы балалардың қабылдауын дамыту.
Барысы: Балаларға әртүрлі суреттер мен сұлба беріледі. Суреттердің көлеңкесін табу арқылы балалардағы қабылдау процесінің қаншалықты дамығандығы байқалады. Егер балалар суреттердің көлеңкесін таба алмаса, онда балаларға қабылдау процесін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілу керек. Жұмыс барысының нәтижесін анықтай келе, педагог-психолог қабылдауы төмен балалармен психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді.
Даму деңгейінің қорытындысы:
Орташа – берілген тапсырманы жартылай орындады ;6 бала
Жақсы
– берілген тапсырманы толық
орындады.; 19 бала

Анықтама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:25.09.2023
Балалар саны:25
Қатысқандар:25
Қатыспағандар:
Тақырыбы: «Танысу» ойыны
Мақсаты:
Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;
Ойын барысы:
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Талқылау:
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?
2. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б
Қорытындысы:
Балалар «Танысу »ойының қызыға ойнады.Балалар бір-біріне әдептілік таңытты.Бір-бірімен жақсы қарым қатынаста болды.
Анықтама
Зерттеуші топ: «Еркетай»»
Зерттеу уақыты:26.09.2023
Балалар саны:25
Қатысқандар:24
Қатыспағандар:1
Тақырыбы: «Туған күн» ойыны
Мақсаты:
Топты біріктіру, балалардың мәселелерін эмоционалды елеп-ескеру.
Ойын барысы:
Туған күн иесі таңдалады. Барлық балалар оған ыммен, мимикамен сыйлықтар береді. Туған күн иесіне өзі ренжіткендерді есіне түсіру және оны түзеу ұсынылады. Балаларға қиялдап, туған күн иесінің болашағын болжау ұсынылады.
Қорытындысы:
Балалар «Туған күн »ойының қызыға ойнады.Балалар бір-біріне ыммен,мимикамен сыйлықтар береді.Балалардың қиялдары,ойлаулары жақсы дамыған.
Хаттама
Зерттеуші топ: Балабақша қызметкерлері
Зерттеу уақыты:27.09.2023
Балабақша қызметкер саны:
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сауалнама тақырыбы: «Саусақтар арқылы мінез анықтау» (тест)
Мақсаты:
мінез-құлқын
анықтау
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстінде жатса – «1».
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз. Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса – «2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр? Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстінде жатса – «2».
4.Көлденең шапалақтаңыз. Егер сол қолыңыз үстінде болса – «1», егер оң қолыңыз болса, онда – «2».
«Саусақтар арқылы мінез анықтау» (тест)

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз: «2222» (100% оңқай) – Мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» – Ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» – Өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» – Тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» – Мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарымқатынас жасайды әрі мінездері жұмсақ.
«2122» – Мұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» – Бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» – Өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» – Жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» – Әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» – Досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» – Адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» (100% солақай) – Кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес. «1212» – Рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
«1211» – Өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса, ештеңеден тайсалмайды.
«2112» – Жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Мінез сандары
«2» саны – адам мінезінің саны деп есептеледі. Бұл сан арқылы сіз өмірде жұмсақсыз ба әлде тоң мінезсіз бе, тез тұтанғыш ашуланшақсыз ба, мақсатыңызға жетуге ұмтылғышсыз ба немесе жалқаусыз ба бәрін аңғаруға болады екен. Жалпы мінез санын белгілеу адам тағдырының санын анықтаудан жеңілірек. Бұл үшін туған күніңіздің қай күні екенін білсе болғаны. Айдың 16-шы жұлдызында туғандардың саны – 7, 23-ші жұлдызы туғандардың – 5. Ал 22-сі туғандардың 11 немесе 22 болып қалады. Егер сіз 10-ы, 20-сы, 30-ы күні туған болсаңыздар, нөлдерді алып тастасаңыз жеткілікті. Демек, 1, 2, 3 болып қала береді. Мінез сандарының құпиясы: «1» санына жататын адамдар – бірбеткей және мықты тұлғалар. Олар мақсаттарына жетуге ұмтылады. Болашаққа деген көзқарастары да оң. Өздеріне сенеді, тазалықты жақсы көреді. Сосын шұғыл мінездерін де байқауға болады. Олар ақыл айтқан адамды және жолдарын кескестегендерді ұнатпайды. Олар өздерінің айтқандарынан қайтпайтын адамдар. Сондай-ақ бұл адамдардың есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған. Бірнеше жұмысты қатар бір уақытта атқара алатын қабілетке ие. Ұйымдастырушылық және басқару жұмыстарын оларға сеніп тапсыруға болады. «2» санына жататын адамдар өзгелерді ренжітіп алмауға тырысады. Мінездері жұмсақ. Жан-жағындағы жандардың көңіл-күйлерін түсіріп алмауды ойлайды. Айналасына мейірімді адамның лебі мен жақсы аура сеуіп жүреді әдетте. Олар 50 достарының ығына жығыла салғыш. Артық кикілжің мен дау-дамайды онша ұнатпайды. Бұл адамдарға билік беру міндетті емес. Оларға біреудің қол асында жұмыс істеген ыңғайлы. Тез шешім қабылдай алмайды. Дегенмен қызметтеріне адал, жауапты болып келеді. Екі санындағы адамдар ұялшақ та болуы мүмкін. Жауапкершіліктен тайқып кететін кездері де бар. Сондай-ақ өз жеке пікірлері болмайды. Әзіл-қалжың, күлкіге де онша жоқ. «3» санындағы адамдарға келетін болсақ, олар көңілді. Жалпы айналаласына әзілмен қарайды. Өмірде жолдары болғыш, көпшілігі жан-жақты әрі дарынды болады. Сонымен қатар, ақшаны аямайды. Қолдары ашық, жомарт келеді. Бұл кісілер – шығармашылыққа бейім, табиғатынан дарынды және талантты болады. Көбі өнер саласына жақын, суретшілік немесе әдеби дарындылығы тағы бар. Өздерінің ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды сөзбен емес, әртүрлі іс-әрекеттерімен жеткізеді. Тілдері де жатық, әңгімеге тез араласқыш. Әрі бұлар достарының ортасында көшбасшы бола біледі. Ең басты кемшіліктері – тым өркөкірек, өзімшіл, тәуелсіз. Кейде шектен тыс қатал да болып кетеді. Сосын көп шаруаға аса жауапкершілікпен қарай бермейді. Бұл қасиет олардың өміріне кейде кері әсерін де тигізіп жатады. «4» санындағы адамдар – тарихта бұл санды негізінен жылқыларға теңеп жатады. Неге десеңіздер,«4» саны – еркіндік, төзімділік, мақсатқа жету жолындағы ыждаһаттылықты білдіреді. Мұндай адамдар жеңіске үлкен еңбекпен жетеді. Қанша ауыр еңбек кездессе де мойымай алға қарай ұмтылатын қасиеттері бар. Өздері шығармашылыққа тым жақын болмаса да, шығармашыл адамдарды басқара алады. Оларды ұйымдастырып, бастарын бір жерге тоғыстырып, үйлестіруші ретінде тамаша жұмыс атқара алады. Міндет пен абыройды алдыңғы қатарға қояды. Әділдікті жақсы көреді. Сонымен қатар жақсы тамақтанып, демалып отырғанды жандары қалайды. Жалпы сол үшін де өзін аямай жұмыс істеуге бар. Кейде тым күйгелек те болып кетулері мүмкін. Өмірде жолдары әрқашан бола да бермеуі мүмкін. Бірақ, бұл адамдар талмай еңбектенуден тайынбайды. «5» санындағы адамдарға келетін болсақ, олар шұғыл қимылдайды. Уайымшыл, тынышсыз, ақылды және шыдамсыздау болып келеді. Олар саяхаттағанды жақсы көреді. Көпті көріп, көпті естіп, көппен араласу – бұл сандағы адамдар үшін үлкен демеу. Қарапайым, күнделікті күйбең тірлік оларды қажытып, шаршатып жіберуі әбден ықтимал. Дереу тұтана салатын шалт мінездері тағы бар. 5 санына қарайтын еркек те, әйел де сенімді емес. Сондықтан олардың отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік жиі болып тұрады. Олар қолға алған істерін аяқтамай, жарты жолда тастап кете салулары мүмкін. Білімді де жүрдім-бардым ала салады. Еңбектенгенді ұнатпайды. Әр нәрсені оқусыз-ақ үйрене салғысы келеді. Бірақ оның мүмкін емес екеніне мән бермейді. «6» санындағы адамдар тұрақтылығымен көзге түседі. Жандары жарқын, сенімді, жан-жағына жылылық сыйлай алады, үйлерін және жақындарын жақсы көреді. Сонымен қатар бұл адамдардың достары да көп болады. Барлық қырынан алсаңыз да – жақынын сатпайды, әділ, ұяң, романтик, жұмсақ мінезді болып кете береді. Тыныштықты жақсы көргендіктен, әрбір кикілжіңнің артын бейбіт шешіп жіберуге тырысады. Жылылығымен бөліседі, егер ақша керек болса, ақшасымен де бөлісе алады. Яғни қолы ашық, жомарт адамдардың қатарына жатады. Еңбектенгенді жақсы көреді. «7» саны – өз-өзінің ойларымен арпалысқыш. 7 санына жататын адамдар көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады. Көп адаммен тілдесуі де қиын. Олармен тілтабысу да оңай емес. Дегенмен сараптама жасауға келгенде сауатты. Көп адамға тән емес қасиеттер осылардың бойынан табылады. Барлығы шеше бермейтін күрделі жұмбақтарды тез шеше алады. Көбінесе 7 санында туғандар философтар, мистик немесе ғалым болуы мүмкін. Көп сөйлемейді, тілдері де жатық емес. Ойларын сөзбен жеткізгеннен гөрі жазумен жеткізулері оңай. « 8» санындағы адамдар – қуатты келеді. Қабілетті, күштерін бір мақсатқа жұмылдыра алады. Жеке басының жетістіктеріне жету үшін барларын салады. Әр ісін 51 сараптап, есептей алатын ақылды. Ойлары, әсіресе, материалдық құндылықтарға арналған. Өмірде бір мақсатқа жетуде жанталасып, уақыт таппай жүреді. Кәсіпкер болып кететіндері жиі кездеседі. Басты қасиеті күресе алады. Қиын жағдайлардан шығып кетудің жолдарын таба алады. Қоғамда өз орындарын табуға ұмтылғыш. Шұғыл қимылдарға, жылдам шешімдерге ойланбастан бара салулары мүмкін. Егер жаман қасиеттеріне тоқталар болсақ, ешкімді аямайды, ашушаң, қатал, өздерінен басқа ешкімді ұнатпайды. Ақшалары жоқ айналасындағы адамдарды қалталы еместіктері үшін ғана жек көрулері ықтимал. «9» санындағы адамдар – арманшыл, ойлары мен қиялдарында өмір сүреді. Өте романтик деуге келеді. Олар жақын адамдарына қамқор, сыйлы. Өздерінің жеке басын ойлаудан гөрі, барлық адамзатқа жақсылық істеуге бейім болып тұрады. Өте жомарт адамдардың қатарына жатады. Бұл адамдарды тіршілігінде көп ешкім ескермесе де, жоқ болса, орындары ойсырап қалады. Бұлардан жақсы ғалымдар, ұстаздар мен әртістер шығады. Төзімді, көңілдері жабырқаған адамдарды жұбатуды жақсы көріп тұрады. Өте адал, шыншыл. Өздері жоқшылықтан, кәріліктен, қайыршылықтан қорқады. «11» санына жататын адамдар – біртүрлі, ешкімге ұқсамайтын кісілер санатына жатады. Олар бұл өмірге көбіне бір жаңалық ашу үшін келетін сияқты. Сезімталдық қасиеттері жоғары дамыған. Оларды жоғары, тылсым күштермен байланыстары бар депте айтып жатады. Сана-сезімдері мен милары тылсым күштермен ақпараттандырылып жатады. Сол себепті де бұл типтегі адамдары бүртүрлі, түсініксіз адамдар қатарына қосады. Олардың арасында данышпандар да кездесуі мүмкін. Жарымжан, жарымес адамдар да шығуы ықтимал. Көбінесе он бір санындағы адамдар көріпкел немесе тақуа адамдар болады. Сондай-ақ, айтқан әңгімесімен бәрін сендіре алатын қасиетке ие, сенімді түрде өздерінің ақиқатты айтып тұрғанын дәлелдей алады. Өмірде бұл адамдар күрделі. Неге десеңіздер, өз діттеген мақсаттарына жету үшін олар жақсы көретін адамдарын да айырбастап жіберуі, сатып кетуі мүмкін. Сондықтан да болса керек, бұл адамдар көбінше жалғыз қалады. «22» саны – өмірде бар жақсы қасиеттердің бәрі осы адамдардың бойында жинақталған десе де болады. Олар көшбасшы болуға бейім тұрады. Сезімтал әрі шығармашылық дарындары бар. Ойлары да ұшқыр. Іскерлік қасиеттерге де ие. Жоғары рухани артықшылықты да осылардан байқауға болады. Сондықтан көбінесе осы адамдар халықтық қозғалыстардың көшін бастайды. Немесе үлкен оқымысты, ғалым, дәрігер, философ, кәсіпкер,сиқыршы болып кетеді.
Анықтама
Зерттеуші топ: «Еркетай»
Зерттеу уақыты:28.09.23ж
Балалар саны:25
Қатысқандар:25
Әдістеме: «Қолың қайда?»
Ойынның барысы:
Бала қолын(бір затты) арқасына тығады. Үлкен кісі: «қолың қайда? Жоқ па?!» -деп сұрайды. Бала қолын көрсеткенде, үлкен кісі таңғалып: «міне,қолдар!»-деп қуанады. Бала ойынды өзі басқарып отырады.
Қорытындысы:
Балалар «Қолың қайда? »ойының қызыға ойнады.Балалар бір-біріне әдептілік танытты.Балалар ойынды алма-кезек өздері қызғушылық танытып басқарып отырды.
Қыркүйек айында жүргізілген жұмысқа қорытынды анықтама
2023-2024 оқу жылының қыркүйек айына айлық жоспар жасалынды.Жоспар бойынша қыркүйектің 4-нен бастап топты аралап,6алалардың алғашқы балабақшаға келген көңіл күйлерін анықтау мақсатында бақылау жүргізілді. , Ортаңғы тобына «Суреттерді қарау», «Басқасын тап», «Пішіндер қорабы», «3 түрлі құрастырмалы матрешка»(қабылдау,саусақ қимылдары), «Кім кетіп қалды?», «Көп және аз», «Араға көмектес»тақырыптарында психодиагностика жұмыстары жүргізілді.Ата-аналарға ағартушылық бағытта «Балабақша мен отбасы»тақырыбында тренинг жүргізілді.Психологиялық-педагогикалық ағарту бағыты бойынша , Ортаңғы тобы «Танысу», «Туған», «Қолың қайда?»тақырыбында балаларға тренинг ойындар жүргізілді.Педагогтарға «Баланың балабақшаға бейімделуі»тақырыбында кеңес берілді.Балабақша қызметкерлеріне «Саусақтар арқылы мінез анықтау» (тест)жүргізілді.Барлықжүргізілген жұмыстарға анықтама,хаттама,қорытындысы шығарылды.Қыркүйек айында осындай жұмыстар жүргізілді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қыркүйек хаттама

шағым қалдыра аласыз