400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қырқынан шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Дүниеге келген нәрестені қырқынан шығару рәсімі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қырқынан шығару» салты Назымға

Жүргізуші автор: Сәбиге қырық күн толғанда, туыстары «қырқынан шығару» деген салтты жасайды. Қырқынан шығару дәстүрі бойынша, баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдыска қырық қасық су құйып шомылдырады. Сәбиді қырқынан жасы үлкен, құрметті әрі сыйлы үш әйел адам шығарады. Кейбіреулер қырық күн сәби үшін де, анасы үшін қатерлі әрі қауіпті кезең екенін айтып жатады. Сол себепті қырық күнге дейін бала ана құрсағындағы шашымен, тырнағымен жүреді. Қырық күнге дейін сәбиді көпшілікке көрсетуге болмайды деп жатады.

Назым: - Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер. Келін , немерені әкел, ауылдың ардақты әжелеріне немеремді қырқынан шығартып алайын. Марал қырқынан шығаратын заттарды әкел.

Әжей 1. -Бүгін Назым құдағиымыздың шөбересі Талғат қырқынан шыққалы отыр. Ол үшін баланы қырық қасық суға түсіреміз: Тілек айтып қырық қасық су құйып алайық. 1.мына кең дүниеге құт әкел! 2. Өмірің ұзақ болсын 3, үбірлі-шүбірлі бол! 4. Анаңның ғана емес, Адамның ұлы бол! 5. Денсаулығың зор, ер болып өс! 6. Балалық шағың бақытты болсын! 7. Жастық шағың жалынды болсын! 8. Қажырлы бол! 9.еңбек сүйгіш бол! 10. Еңбегін ылғи жемісті болсын! 11. Іс-әрекетің жеңісті болсын! 12. Ұлтың мен тіліңді сүйіп өс! 13. Жұртыңа сүйкімді
Әжей 2. 14. туысыңа жағымды бол! 15. Мейірімді бол!, 16. рақымды бол! 17. Мәдениетті бол!, 18.кішіпейіл бол! 19. Абыройлы 20, атақты бол! 21. Білімді бол!, 22. оқымысты бол! 23. Парасатты бол!, 24. көсем бол! 25. Сөз бастайтын шешен бол! 26. Ақылды бол!, 27.білікті бол!

Әжей 3. 28. Ырысты бол!, 29. нәсіпті бол! 30. Досың көп, дұшпаның аз болсын!
31. Құдай көсегеңді көгертсін, 32. арманыңа жет! 33. Ата-анаңа мейірімді, жақындарыңа қайырымды бол! 34. Дініңе берік бол! 35. Ата үмітін ақтай біл!
36. Кеңпейіл, қонақжайлы бол! 37. Сабырлы, кешірімді бол! 38. Жүрегің кең жігіттің сұлтаны бол! 39. Менмен, мақтаншақ болма! 40.Ата салтыңды сақтай біл!

Әжей 2. -Жарқын болсын деп, күмістей салмақты болсын, алтындай алғыр болсын деп, әжесі жинаған тиындарын, сақиналарды суға саламыз.
Әжей 1.- Басынан бастаймыз: басың ақылды болсын. Көзін жуамыз көзің көреген болсын, құлағын жуамыз құлағың естігеш, мұрынды жуамыз мұрның иіс сезгіш, аузын жуамыз тілге шешен бол деп.
Әжей 3.- Енді аяғын жуамыз жүйрік болсын, жұмсағанда жүгіріп барып тұрсын, жалқау болмасын, қолын жуамыз қолы шебер болсын, қолы ашық болсын, мырза болсын.
Әжей 2.- Денесін жуамыз: 30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын деп тілейміз.
Әжей 1.- Орамалға орап алайық. Енді қарын шашын, тырнақтарын аламыз, ырым жасап жатырмын.
Әжей 1.- Мінеки, қызым, ұста балаңды. Құтты болсын, Талғат үлкен азамат болсын!
Назым: -. Келін, немерені бесікке бөле.Анасы (Аружан) баласын алып, бесікке салады
Назым: - Қадірлі қонақтар! Ал енді үстел басына барып, жайғасайық!
Назым: - Ал енді, ақсақал, немереме бата беріңіз!
Әже:- Жыл жемісті болсын, Жолың ашық болсын, Сүт теңіздей ағып, Мол бақыт пен қуаныш әкелсін.Алла тағала Тұсау кесу тойыңда бас қосуды жазсын.
Әумин!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.12.2024
227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі