400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қырқынан шығару"-салты

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыздық қырқынан шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өркен ясли бақшасы



Тақырыбы: « Қырқынан шығару»


Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Салт - дәстүрге сай безендіру, нақыл сөздер, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші: Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Мереке наурыз жыл басы
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын.
Аман есен болайық.
Баршамызға тілегім осы халайық
Еліміздің несібесі көп болсын!
Жауын жауып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын дей келе Жұлдыз аулындағы қырқынан шығару тойымызға қош келдіңіздер.

Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Олай болса,жарқыраған күніміз бен жұлдыздары жымындаған тунімізді қарсы алайық.

Кун;Сәулесі көп күнмен

Түн;Жұлдызы көп түнімен

Екеуі;Бірдей боп біздер

Теңелеміз бүгін

Күн;Ұзарамын мен енді

Түн;Қыскаратын кез келді.

Екеуі;Гүл мен жерді жайнатып

Құлпыр, науырыз сен енді,

Мерекеге ұласқан осынау тойымызда әжелеріміз бөбегімізді қырқынан шығарап жіберсін.Әжелеріміз қырқынан шығару рәсімін көрсетіп жіберсін.

Кәнекей әжелер ортаға шығып көрсетсін.Ой бәрекелді әжемізге көп рахмет.

Музыкамен Алдар көсе кіреді.

Өлең айтып.

Алдар: Сәлеметсіздерме балалар қонақтар. Наурыз құтты болсын.

Жүргізуші Рахмет Алдар аға Қайда жол тартыңыз .

Алдар: Е.Шықбермес Шығайбай өз сараңдығымен қоймай «Ешкімге дәм татырған емеспін, мені ешкім алдап көрген емес, Алдардың өзі де алдай алмайды деп мақтанған. Соған намыстанып сол байдың үйін іздеп шықтым.Осыдан байды алдап қатырмасам ба!

Жүргізуші : Солай де Алдар аға.Ендеше ашуыңызды басып . Мына балалармен ойын ойнап жіберіңіз-ші.

Ойын асық ату

Жүргізуші: Рахмет Алдар аға көңіліңіз бір көтеріліп қалды ау димін. Ендеше дастарханға төрлетіңіз.

Қыдыр ата келеді.

Жүргізуші: Қош келдіңіз Қыдыр ата

Ұлыс күні қазан толса

Ол жылы мол болар

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда олжалы жол болар,деп өзіңізден бата сұрайық

Қыдыр ата бата береді:

Ұлыс оң болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Денсаулықтарың зор болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қарындарын тоқ болсын!

Қуаныш шаттық көп болсын! ( Аумин)

Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін ата!

Ата-аналар қонақтар сіздермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ортаға 1-2 ата-ана келе қойса.

Дәмін ажырат деген ойыны ойналады

Бәрекелді жарайсыздар.Орынымызға жайғасайық.

Олай болса бәріміз бірге әу деп ән шырқап жібермедік бе

Ән.Дастархан

Ой рахмет бәрекелді.

Осымен наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяақталды.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын.Наурыздан Наурызға аман есен жете берейік.





Әз, Наурыз

Жарияланды 3-02-2018, 15:36 Категориясы: Бала-бақша 

Тақырыбы: Әз, Наурыз
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Салт - дәстүрге сай безендіру, нақыл сөздер, ұлттық тағамдар.
Жүргізуші: Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Мереке наурыз жыл басы
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын.
Аман есен болайық.
Баршамызға тілегім осы халайық
Еліміздің несібесі көп болсын!
Жауын жауып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
Жүргізуші.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай ертеңгілігімізді тамаша әнімізбен бастайық.

Ән: « Наурыз көктем»
Жүргізуші:
Қашан да құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің.
Уа, халайық теріп ал шашуыңды
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін!
Әжелер шашу шашады

Би: «Ұлдар биі»
Жүргізуші: Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Осы түні әр адам қандай ой - арман ойласа, ол қабыл болады деп ырым еткен. Ортаға Қыдыр атамызды шақырайық(Қыдыр ата келеді).
Хормен: Қош келдіңіз Қыдыр ата!
Қыдыр ата: Армысыздар халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз!
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді:
Ұлыс оң болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Денсаулықтарың зор болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қарындарың тоқ болсын!
Қуаныш шаттық көп болсын! (Аумин)

Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін Қыдыр ата!
Кезекті балаларымыздың наурызға арналған тақпақтарына берейік.
Зере:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап!
Амина:
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем оянды.
Наурыз той береке.
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!
Еркебұлан:
О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы – бал айың
Р. Бексұлтан:
Наурыз тойы – тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Ақтоғай бекеті,
№3Ақтоғай балабақша - бөбекжайының тәрбиешісі










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі