400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қырық өтірік" ертегісіне түзілген есептер, шешуімен

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер"- дейді, Жүсіпбек Аймауытов. "Қырық өтірік" ертегісі мен математиканың арасында осындай пəнаралық байланыс орнатуға болад. Пəнаралық байланыс арқылы біз оқушылардың интеллектуалдық өрісін байыта аламыз, оқуға деген ынтасын, қызығушылығын оята аламыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘДЕБИЕТ 5-сынып, Алматы «Атамұра» баспасы, 2015 жыл,

Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай, (58-63 беттер)


Қырық өтірік


Бар екен де, жоқ екен, аш екен де тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде, ертегі өткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті. Хан бүлік болып, хан еріксе, халық ойыншық болыпты... Нақ осы айтқанның өзіндей хан, ұстараның жүзіндей хан, қаны тасып еріккен хан, шарап ішіп желіккен хан халқына жар шақырыпты:

– Кімде-кім алдыма келіп, кідірмей, мүдірмей, қырық өтірік әңгіме айтып және артынан қырық ауыз өтірік өлең айтса, сол адамның төбесінен төмен қарай алтын құямын. Бүкіл өміріне жететін байлық мал-мүлкімнен бөліп беремін. Ол аз болса, қызымды беріп, күйеу ғып, қасыма уәзір етіп отырғызамын. Бірақ сондай сертім бар: егер әңгімесінің, яки өлеңінің ішінде бір ауыз да болса, рас сөз қосылса, тоқтаусыз дарға тартқызамын, –депті.

Ханның бұл хабары ел арасында тарап, жұрттың құлағына тегіс тиген соң, «үмітсіз шайтан» әркімнің-ақ арқасы қозып, небір ақындар ханның алдына барып, қиыстырып айта алмай, келістіріп сөйлей алмай, талайлар дарға күнәсіз тартылыпты.


ЕСЕП №1 Кейбіреулер даладан айтармын-ау деп құлшынып келсе де, қаһарлы ханды, қанға боялып тұрған дарды көргенде, ақылынан адасып, есінен танып, үрейі ұшып, түк айта алмай, сырттан қайтып кетіпті.

Ақылынан адасқандар, есінен танғандар, үрейі ұшқандар, түк айта алмағандар, сырттан қайтқандар саны, 40, 34, 26, 60, 40. Ақылынан адасқандар мен сырттан қайтқандар саны есінен танғандар, үрейі ұшқандар, түк айта алмағандар санымен тең, үрейі ұшқандар саны түк айта алмағандар санынан көп, ақылынан адасқандар мен есінен танғандар саны шамалас болса, әрқайсысы неше адам болған?

ШЕШУІ:

40+34+26+60+40=200 (барлық адамдар саны)

200:2=100 (Ақылынан адасқандар, сырттан қайтқандар саны 100 адам, есінен танғандар, үрейі ұшқандар, түк айта алмағандар саны 100 адам)

Ақылынан адасқандар мен сырттан қайтқандар саны - 60, 40,

Есінен танғандар, үрейі ұшқандар, түк айта алмағандар санымен - 40, 34, 26,

Жауабы: Ақылынан адасқандар мен есінен танғандар -40,

Сырттан қайтқандар 60,

Үрейі ұшқандар 34,

Түк айта алмағандар 26.


Сертін орындай алмай, күнәсізден-күнәсіз ханның ойыншығы болып, дарға тартылып өлгендерден ханның сарайы қан сығыпты. Жұрттың ең соңынан кедейліктен әбден сіңірі шыққан, мойыны ырғайдай, өмірінде жарып ас ішіп, бүтін киім кимеген, жарлылықтан міні жоқ, үсті-басы пәре-пәре, аяғы тілінген, алақаны жарылған, көзі аларған, ерні кезерген бір тазша бала келіпті. Есік алдында отырған жұрт:

– Жаным-ай! Жауқазындай жас бала көрінесің, сенен естияр небір шешендер, небір ділмарлар айтамын деп келіп, айта алмай босқа өлгендердің есебі жоқ. Жарқыным, тумай жатып өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Ізіңше еліңе қайт! Тілімізді ала ғой,–деседі. Бірақ, бала көнбейді. Хан сарайына кіріп, ханның алдына келіп, алдиярлап бас иіп, тізе бүгеді.

– Е, не арызың бар? –д ейді сонда хан.

–Тақсыр! Жарлығыңызды естіп, өтірік әңгіме мен өтірік өлең айтқалы келіп тұрмын, – дейді тазша бала.

Хан миығынан күліп, мысқылдап, тазшаны көзіне ілмей:

–Үлкендердің қолынан келмеген сенің қолыңнан қалай келсін? Айта алмассың! Қыршыныңнан қиылып кетерсің!–депті.

–Тақсыр! Сол көптен менің жаным ардақты ма? Айта алмасам, өз обалым өзіме, рұқсат етіңіз! –дейді.

–Ал, ендеше сөйлей ғой, – дейді хан.

Тазша бала сөйлеп ала жөнеледі.

–Тақсыр! Шешемнің құрсағында жүргенде әкемнің әкесінің жылқысын он бес жыл бағыппын. Жаздың сарша тамызында, ми қайнар ыстықта жылқымды суарайын деп құрық салып, жау тигендей қуалай жөнелдім. Айдын шалқар бір құдыққа келсем, тақсыр-ай, күннің ыстығын сонан білерсіз – құдықтың суы қалыңдығы кісі бойы, қол ұстаным мұз болып қалыпты. Жалма-жан суат оя қояйын деп, ат үстінде тұрып, балтамен олай шапқыладым – ойылмады, былай шапқыладым– ойылмады. Балтамның жүзі жапырылып қалды, балтамды қойныма сала салып, сүйменді қолыма алып, олай түйгіштедім – болмады, бұлай түйгіштедім – болмады, сүйменім майылып қалды.

Енді не қыламын деп дағдарып тұр едім, бір амал ойыма түсе қалды. Дереу кеңірдегімнен ұстап, басымды кеудемнен жұлып алып, шекеммен мұзды ақырын бір нұқып алып едім, тақсыр-ай бірі өтірік болмасын, мың жылқым қатар тұрып су ішетін суат ойылды да қалды және менің бағыма құдықтың суы зәрдей ащы шығып, сонда да жылқым талғамай ішіп, қарны қампайды да қалды.

Онан соң жылқыларымды көк мұзды жарып шыққан сар балауса мен көк жоңышқаға матап салып, санамай, түстемей түгендегенімде, алты құлаш ала биеден туған жеті құлаш жирен құлыным жылқының ішінде де, сыртында да жоқ болып шықты. Ұры алғанын да білмедім, пері алғанын да білмедім.


ЕСЕП №2 Әрі-бері қарап, тауып ала қояйын деп, жалма-жан құрығымды мұзға шанша салып, басына шығып, төңірекке көз жіберіп едім, көрінбеді. Құрығым аласа болған шығар деп, құрықтың басына пышағымда шаншып, оған шығып қарап едім, тағы көрінбеді. Пышағымнаң басына қынымды шаншып, оған шығып қарап едім, тағы да көрінбеді. Көңілім әлі биіктеуде болып, қамшымды шаншып тағы биіктеттім, оған да шығып қарап едім, жау алғыр көрінбеді. «Енді не жалғаймын?» деп, көзімді жұмып, ойға қалып тұрғанымда, қалт есіме түсе қалды: тілімнің астына салып жүрген тебен инем бар екен, қуанғанымнан соны ала салып, қамшымның басына шаншып, оған шығып көзімді адырайтып қарап едім және көре алмадым.

Қамшының ұзындығы екі пышақтың ұзындығына, қынның ұзындығы алты иненің ұзындығына, пышақтың ұзындығы бес иненің ұзындығына, құрықтың ұзындығы қамшы мен 2 қынның ұзындығына тең болса, құрықтың ұзындығы неше иненің ұзындығына тең болады?

ШЕШУІ:

Пышақ -5 ине,

Қын – 6 ине,

Қамшы – 2 пышақ, 2 пышақ – 10 ине,

Құрық – қамшы мен 2 қын, 10 ине мен 12 ине, барлығы 22 ине.

Жауабы: құрықтың ұзындығы 22 иненің ұзындығына тең болады.




Әбден дағдарған соң құрығымнан: «Апырым-ай енді не жалғайын, ақылың болса, айтшы!» деп ақыл сұрадым. Ол ант ұрғанның жатып-тұрып өзімді сөккені ғой. Сөккенде не дейді? «Ақылың болса, айналып үйіріліп жерге қарай бергенше, көзіңді шарта жұмып, аспан жаққа қарасаң, болмас пе еді?» дегені ғой. «Апыр-ау, аспанды бұлт басып тұрғанын көрмейсің бе?» деп едім, одан жаман сөгіп: «Ант ұрған-ау, қолың жоқ па еді! Бұлттың әрісін әрі, берісін бері серпіп жіберсең болмас па еді?» дейді.

Ойлап тұрсам, оның сөзі жөн екен, дереу қолымды созып жіберіп, бұлттың былайғысын былай, олайғысын олай серпіп жібергенімде, күннің көзі жарқырап шайдай ашылды да қалды. Көзімді шарта жұмып аспанға қарасам: тамаша! Мұнан артық не болсын? Темірқазықтың ар жағында, Шолпан жұлдыздың бер жағында, Қап тауының етегінде манадан бері қарап таба алмай жүрген жирен құлыным бір бәйтеректің бұтағына шығып, құлындап, құлынын емізіп тұр екен.

Қуанғаным сонша, құрығымың басында тұрып секіре беріппін.


ЕСЕП №3 Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып, теңізге түсе қалып едім шым батып барамын. Дереу пышағымды қайық қылып, құрығымды ескек қылып, түсе қалғанымда кірпік қаққанша сыр етіп теңізден өте шықтым.

Жирен құлынға міне салып, жас құлынды алдыма өңгеріп, қайта теңізге түсе қалғанымда, шым батып барамын. Дереу жас құлынға мініп, енесін алдыма өңгеріп, түсе қалғанымда, жануардың сушылы-ай, көзімді ашып-жұмғанша теңіздің бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес, сыр етіп өте шықтым.

Әрбір әрекетке сәйкес жұлдызшалар арқылы кірпік қаққанша қанша уақыт, көзді ашып-жұмғанша қанша уақыт кеткенін анықта. Мұндағы әрбір жұлдызша 1 секундты білдіреді.

Құрығымды қайық қылып- *

Жас құлынды алдыма өңгеріп - **

Құрығымды ескек қылып - *

Пышағымды қайық қылып - **

Жас құлынға мініп- *

Енесін алдыма өңгеріп - **

Жирен құлынға міне салып -*

Пышағымды ескек қылып- ***

ШЕШУІ:

Жалма-жан құрығымды қайық қылып (1 сек), пышағымды ескек қылып (3 сек), теңізге түсе қалып едім шым батып барамын. Дереу пышағымды қайық қылып (2 сек), құрығымды ескек қылып (1 сек), түсе қалғанымда кірпік қаққанша (7 сек) сыр етіп теңізден өте шықтым.

Жирен құлынға міне салып (1 сек), жас құлынды алдыма өңгеріп (2 сек), қайта теңізге түсе қалғанымда, шым батып барамын. Дереу жас құлынға мініп (1 сек), енесін алдыма өңгеріп (2 сек), түсе қалғанымда, жануардың сушылы-ай, көзімді ашып-жұмғанша (6 сек) теңіздің бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес, сыр етіп өте шықтым.

Жауабы: кірпік қаққанша 7 секунд, көзді ашып-жұмғанша 6 секунд кеткен.


Жылқыға келген соң, жүріс алған шіркін тағы шығып кетіп, әуре қылып жүре ме деп, енесін құлылына, құлынды айғырдың құйрығына байлап, жылқыға қоспай, далаға айдап қоя бердім.

Бір уақытта айдын мұздың үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу тобылғының түбінде тумаған бір ту қоян жатыр екен. Жалма-жан садағымда алып, оғымның масақ жағымен атып едім – өтпеді, масақ жағын кіріске қойып, кері жағымен тартқанымда, жұлдыздай ағып өтті де кетті.

Асығып-үсігіп атымды бір қу қазыққа байлай салып, етегіме тезек тере бердім. Бір уақытта қарасам, атым өз-өзінен ер-тоқымын бауырына алып, тас-талқан болып үркіп, тулап жүр екен. Етегімдегі тезегімді төге салып, атыма қарай жүрейін десем, сұмдық-ай! Манадан тезек деп тергенімнің бәрі бөдене екен, пыр-пыр етіп, алды-алдына ұшты да кетті.

Манағы қу тезек деп байлағаным, аққудың мойны екен; соның серіпкен қанатынан үркіп, атымның тулап жүргені де сол екен. Атымды ұстап алып, манағы инемді қазық қылып, басымды тоқпақ қылып, жерге қағып жіберіп, атымды соған байлап қойып «уһ» деп бір дем алғаным ғой. Атып алған қоянымды сояйын десем, қынымда пышағым жоқ екен. «Апырмау, қайда қалды?» деп ойға қылып тұрғанымда, үш күн, төрт күн дегенде есіме түсе қалды; баяғы құрығымның басына шанышқан бойымен сонда ұмытылып қалған екен. Соған қайта баруға еріндім де, күрек тісімнің біреуін суырып алып, сонымен соя бердім. Жылдамдығым қандай, қоянды үш күнде әрең сойып болдым. Оның етін тұздап, қақтап, енді майын ерітіп алайын деп, бір бүтін қазанға салып еріткенімде, менің сорыма майы ағып, тұрмады. Дереу бүтін қазанды тастай салып, бір тесік қазанға салып едім, тақсыр-ай, мұндай қызықты көріп пе едіңіз? Бір тамшы тамбай тұра қалды.


ЕСЕП №4 Еріген майды ыдысқа қотарғанымда, бір түйе қарнына, бір өгіз қарнына, бір борсық қарнына әрең-әрең сыйғыздым.

Бір борсықтың қарнына сиятын май жүз жиырма бес тамшыдан, ал бір өгіздің қарнына сиятын май борсықтыкінен 5 есе артық, бір түйенің қарнына сиятын май өгіздікінен 3-ке артық болса, бала тазша барлығы қанша май алған? (Бір тамшы май 8 гр)

ШЕШУІ:

1 тамшы май 8 гр болса,

125*8=1000 (гр) (борсықтың қарнына сиятын май 1 кг)

1*5=5 (кг) (өгіздің қарнына сиятын май 5 кг)

5+3=8 (кг) (түйенің қарнына сиятын май 8 кг)

1+5+8=14 (кг) (барлық май 14 кг)

Жауабы: бала тазша барлығы 14 кг май алған.



ЕСЕП №5 «Бұл титтей май менің қай бүйірімді бұлтитады? Онан да етігімді майлап алғаным олжа шығар» деп, бас салып майлағанымда, бір етігімнің жұлығына зорға жетті, қонышына жетпеді. Сыңар етігім мүлдем ауыз тиместен қалды.

Етігінің жұлығы етіктің – бөлігі еді, бірінші етіктің қонышы мен екінші етікті майлау үшін тазша балаға тағы қанша май керек? ( майдың салмағы 14 кг)

ШЕШУІ:

(кг) (бір етікті майлауға кететін май)

(кг) (екі етікті майлауға кететін май)

(кг) (бірінші етіктің қонышы мен екінші етікті майлауға керек май)

Жауабы: бірінші етіктің қонышы мен екінші етікті майлау үшін тазша балаға тағы 28 кг май керек.


«Ер еңбегіне бір тойсын» деген бір сөз бар еді-ау деп, қоянның бір кесек етін қолыммен әрі-бері күн көзіне ұстап пісіріп, аузыма салайын деп апарғанымда, сұмдықай аузым орнында жоқ, жүрегім мұздай болып: «Апырымай, аузым қайда?» деп қайта-қайта бетімді сипаласам, аузым жоқ дегенім ойыншық екен, толайымен кеудемде басым да жоқ екен. Тақсыр-ай, сондағы қорыққаным әлі күнге дейін есімнен кетпейді!

«Апырым-ай, бассыз қалай күн көремін!» деп, алақанымды маңдайыма қойып, ойға батып тұрғанымда, біреу иығымнан таптып: «Әке, мынау басты танисыз ба?» деді. Байқап қарасам, өзімнің басым, тауып әкеліп тұрған өзімнің балам. «Шырағым, мұны қайдан таптың?» деп сұрағанымда: «Суат ойған жеріңде жатыр екен. Сенің басың екенін танып әкелдім» деді. Тақсыр-ай, сондағы қуанғаным әлі есімнен кеткен жоқ: «Көп жаса! Өркенің өссін!» деп балама алғыс айттым.

Көптен ұйқы көрмей, сергелдең болып жүрген байғұс басым, сол мезгілде ұйқы қысып қалғымайын ба. Мұздан төсек, жерден жастық, қардан жамылғы қылып жата қалсам, жылы төсекте бұйығып өлген адамдай, ұйықтаппын да қалыппын. Түн ортасында бір нәрсенің сарт-сұрт естілген дыбысынан шошып ояндым. Қарасам, екі етігім жұдырықтасып, қып-қызыл ала қан болып төбелесіп жатыр екен. «Шырақтарым-ау, бұларың қалай?» деп сұрағанымда, май жағылмаған етігім жыламсырап: «Қайтейін, май біткеннің бәрін анау жалмауыз жалмап қойды, маған ауыз тигізген жоқ» деді. Екінші етігім анау етігіме тап беріп: «Өзіңнің кем несібелілігіңнен көрмей, майдың жетпегенін менен көргенің сасқаның ба?» деді. Ашуымның әбден келгені емес пе? Маңдайларынан бір-бір шертіп, екеуін екі жағыма қойып жата бердім.

Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағыр май жағылмаған етігім өкпелеп, түнде қашып кетіпті. «Алда, жүгермекай!» деп, екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсіп, қуа бердім.


ЕСЕП №6 Айдан айлар жүрдім. Зорығып, астымдағы атым өлді. Жылдан жылдар жүрдім. Бір күндерде өгіздің желкесіндегі жауырына қауын егіп, өсіріп отырған бір егіншіге кез келдім.

Егіншінің піскен қауындарын тазша бала мен егіншіге 6 күнге, егіншінің жалғыз өзіне 18 күнге жететін болса, тазша балаға неше күнге азық болатын еді?

ШЕШУI:

Жалпы қауын санын 1-ге тең деп қабылдаймыз.

Тазша бала мен егінші бір күнде барлық қауынның бөлігін жейді.

Егінші жалғыз өзі бір күнде барлық қауынның бөлігін жейді.

Тазша бала жалғыз өзі бір күнде барлық қауынның бөлігін жейді.

Тазша бала барлық қауынды күнде жейді.

Жауабы: Тазша бала барлық қауынды күнде жейді


Егінші бейшара бір піскен қауынды алдыма қойып: «Жарқыным, пышағың бар екен, өзің жарып жей ғой» деді. Кездігімді суырап алып, қауынға салып қалғанымда шіркіннің жетесі босап жүр екен, темірдегі суырылып, қауынның ішіне түсті де кетті. «Қап, жолым қырсығып жүрген бейбақ едім, бұл да соның салдары ғой, – дедім де, – бала күннен бірге өсіп, біте қайнаған замандасым едің, қалай көзім қиып тастап кетейін» деп, қауынның ішіне сүңгіп, кірдім де кеттім. Ал, ізде: тау да қалмады, тоғай да қалмады. Апта болды-ау дегенде, мен сияқты жоқ қарап, сандалып жүрген бір жоқшыға кез болдым. Жоғымның түсі-түгін, ен-таңбасын айтып, сұрап едім, оспадар шіркін менің бетіме «тфу!» деп былш еткізіп түкіріп жібергені ғой. «Ау! Есалаңбысың? Неге түкіресің? Мен жоқ сұрап тұрмын ғой» дедім. Өзі бір шытынаған адам екен, менен қалыспады, әкіреңдеп: «Есалаң демей не дейін, мен бір айдан бері әлденеше атымды зорықтырып, бір айғыр үйірлі қысырағымды таба алмай жүргенімде, сен төрт еліге толмайтын теміректі іздейсің!» дегені. Мұның бұл сөзіне шыдай алмай, сол жерде жаттым да төбелестім. Қан болмаған жеріміз қалмады. Ақырында оның да, менің де сілеміз құрып, шаршаған соң, екеуміз де төбелесті доғарып, бір-бірімізбен насыбай атысып, жарасып, жөн-жөнімізге кете бардық.

Бір күндерде қалың жиынның үстінен шықтым. «Жақсы болды ғой, осы жиында етігіме де, кездігіме де сұрау салайыншы» деп, ошақты жағалап келе жатқанымда, тойда табақ тартып жүрген бозбалалардың арасында табақ көтеріп жүрген баяғы қашқын етігім анадайдан көзіме түсе кетті, қуанғаннан есім шығып секіре беріппін. Етігімнің де көзі мені шалып қалып, қуанғанынан қып-қызыл болып, қолындағы көтерген бір табақ етті ұсына түсіп: «Мені қоянның майынан құр тастасаң да, мен сені құр тастамаймын» деп алдыма әкеп қоя салды.

–Пай! Пай! Тақсырай, сонда ұялғаным өмірімде есімнен кетер емес. Мінекей тақсыр, туғаннан бері басымнан өткен істер осы! –деп, бала әңгімесін бітіріпті.

Баланың әңгімесі де, өлеңі де ханның өзі қойған шартындағыдай бір ауыз шын қосылмай айтылғандықтан, хан жеңіліпті, айтқан уәдесін орындапты.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі