МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚЫС

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне ҰОҚ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып,дауысты дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету.Айналадағы сөзді есту және тыңдау,түрлі дыбыстарды саралау,дыбыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдылығын ажырата білуді үйрету.Эстетикалық талғамдарын ояту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Суреттермен таныстыру. Әдіс -тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, ойын. Үштілділік компонент: қыс-зима – winter Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметін жұмбақтан бастайды.

Жұмбақ:

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық

-Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде не жауады?

-Қардың түсі қандай?

Өлең оқу: «Ақшақар»

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болып қатады,

Жып жылтыр боп жатады.

-Балалар қар қандай болады?

-Балалар аязды күні қарды басып жүрсең қандай дыбыс шығады?

-Қыста қандай ойындар ойналады?

-Иә тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

(тәрбиеші қолында қыс мезгіліне байланысты суреттер болады)

-Балалар қар күн жылынса не істейді?

-Күн кенеттен аяз болса еріген су неге айналады?

«М»; «Н» дыбыстарына жаттығу орындату;

М-м-м-мұз,

Ма-ма-ма-марал.

На-на-на-нар,

Н-н-н-нар.

-«Мұз» сөзінде алғашқы қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

-Ал «нар» сөзінде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

«М»; «Н» дыбыстары дауыссыз дыбыстар.

Сергіту жаттығуы:

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз. Тапсырма:

-Балалар тапсырмаға көңіл бөлейік! Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Аққаланың суретінде не жетіспейді?

-Олай болса балалар осы жетіспеген суретін салып шығыңдар.

-Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік? - Қандай тапсырма орындадық?


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!