Ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі. Білім беру саласы:
«Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту.
Мақсаты: Дыбысқа еліктеу сөздерін
қолданып,дауысты дыбыстарды дұрыс айтқызып үйрету.Айналадағы сөзді
есту және тыңдау,түрлі дыбыстарды саралау,дыбыстың қаттылығы мен
айтылу жылдамдылығын ажырата білуді үйрету.Эстетикалық талғамдарын
ояту.
Алдын-ала жүргізілетін
жұмыстар: Суреттермен
таныстыру. Әдіс
-тәсілдер: Сөздік, көрнекілік,
ойын. Үштілділік
компонент: қыс-зима
– winter
Тәрбиеші ұйымдастырылған
оқу қызметін жұмбақтан бастайды.
Жұмбақ:
Қоймасын қыс
ақтарып,
Жерді жапты ақ
мамық
-Балалар қазыр жылдың қай
мезгілі?
-Қыс мезгілінде не
жауады?
-Қардың түсі
қандай?
Өлең оқу:
«Ақшақар»
Далада қар
борайды,
Ақ мамыққа
орайды.
Мұз болып
қатады,
Жып жылтыр боп
жатады.
-Балалар қар қандай
болады?
-Балалар аязды күні қарды
басып жүрсең қандай дыбыс шығады?
-Қыста қандай ойындар
ойналады?
-Иә тағы қандай қысқы
ойындарды білесіңдер?
(тәрбиеші қолында қыс
мезгіліне байланысты суреттер болады)
-Балалар қар күн жылынса не
істейді?
-Күн кенеттен аяз болса еріген
су неге айналады?
«М»; «Н» дыбыстарына жаттығу
орындату;
М-м-м-мұз,
Ма-ма-ма-марал.
На-на-на-нар,
Н-н-н-нар.
-«Мұз» сөзінде алғашқы қандай
дыбыс естіп тұрсыңдар?
-Ал «нар» сөзінде қандай дыбыс
естіп тұрсыңдар?
«М»; «Н» дыбыстары дауыссыз
дыбыстар.
Сергіту
жаттығуы:
Ал, балалар,
келіңдер,
Бой жазайық
бәріміз.
Мойнымызды
бұрамыз,
Қолымызды
созамыз,
Аяқтармен топ-топ
басып,
Орнымызға
барамыз. Тапсырма:
-Балалар тапсырмаға көңіл
бөлейік! Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Аққаланың суретінде не
жетіспейді?
-Олай болса балалар осы
жетіспеген суретін салып шығыңдар.
-Қай жыл мезгілі туралы
әңгімелестік? - Қандай тапсырма орындадық?
Ұйымдастырылған оқу іс
әрекетіне белсене қатысқан балаларды
мадақтау.