Материалдар / Қыс - қызығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыс - қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға, жарыс өткізуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісілді: Бекітемін

Әдәскер: «Алпамыс» бөбек жай –

Қ. Тахан бала бақшасының меңгерушісі:

________ _________________А.А.Алтаева













«Қыс қызығы»

«Күншуақ, Балбөбек, Ақ тиін» мектеп алды даярлық тобы

/Эстафеталық сайыс/










Дене шынықтыру нұсқаушысы: С.М.Раимбекова
















2021 жыл

Қыс қызығы

Қыс – күштілер, батылдар, ептілер үшін (табиғат аясында өткізілетін денсаулық шарасы)

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау.
Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, картоннан жасалған сәбіздер, 2 шырша, саңырауқұлақтар, көз - мұрын жасау үшін материалдар, ойыншықтар, лента, туннель, отырғыштар.

Жүру барысы: Екі топқа бөлінген балалар ортасынан топ басшыларын сайлап ап, бір - бірімен амандасады.
І топ: «Тұлпар» тобы
ІІ топ: «Қызғалдақ» тобы



Әнұран

Бүгін балалар екі топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.:

  1. Эстафеталық ойын: «Қояндар»

  2. «Кім жылдам?»

  3. «Қар лақтыру»

4. «Апандағы аю»

5. «Аққала құрастыру»


Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.
олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын.

Дене қыздыру жаттығу


Жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.



1. Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.


2. «Кім жылдам?»
2 шанаға отырған екі баланы әр топтан бір - бір ойыншысы қар үстімен сырғаната отырып, межеге дейін жеткізіп, шардағы ілулі ойыншықтардан жинап алып, кейін қарай жарыса қайтады. Кім көп ойыншық жинаса, сол топ көп ұпайға ие болады.

3. «Қар лақтыру»

Балаларға берілген қарды тұрған қорапқа лақтыру қай топ жұлдым лақтырады сол топ жеңіске жетеді.

4. «Апандағы аю»
Балалар барлықтарыңда білесіңдер, аюлар қыста өз апандарында ұйқыда жатады. Олар өздерінің мазасын алғанды онша көп ұната бермейді. Ал бізге орманға барып, саңырауқұлақтар теріп әкелу қажет. Қайткенменде дыбысымызды білдірмей, сақ жүре отырып, алдымыздан кездескен кедергілерден жүре отырып, саңырауқұлақ тереміз. Бұталардың арасымен өткенде, сылдырлатпай, еш жерімізді тигізбей өтуміз керек. Ендеше, кеттік.
Екі ойыншымыз екі жақтан лентаны кере ұстап тұрады. Әр топтан бір - бірден ойыншы шығып, лентаны астымен кеудесіне тигізбей, шалқалап өтіп, туннельден өтіп, саңырауқұлақтарды теріп алып, кейін қарай гимнастикалық отырғыштар астымен еңбектеп өтіп барып, тез орнынан тұрып, жүгіре өз тобына қосылады. (Аюдың орнында бір бала ұйықтап жатады). Егер де сәл дыбысқа аю оянып кетсе, ол тап бергенде ойыншы денесіне дарытпай, қашып үлгеруі керек. Аюға ұсталған топтың ұпайы кемиді.

5. «Аққала құрастыру»
Әр топтан екі - екіден ойыншы шығып, қардан домалата астыңғы бөлігін жасайды. Әуелі астыңғы бөлікті жасап алған соң, алғашқылары кейін жүгіре қайтып, өз тобына қосылады да, дайын тұрған келесі ойыншылар ортаңғы бөлікті жасауға кіріседі. Бітірген жұп кейін қайтып, келесілер үстіңгі бөлігін жасап бітіріп, мұрнын, көзін жасайды. Қай топ алғашқы болып бітірсе, сол топ көп ұпайға ие болады.
Осымен, бүгінгі мерекеміздің соңын қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттап, ауыспалы жалауымызды тапсырамыз.

Жүргізуші:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ - қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!