400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс ханшайымы сарайындағы Жаңа Жыл" ертеңгілігінің сценарийі, балабақша, бастауыш сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл ертеңгілігін өткізуге балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қыс ханшайымы сарайындағы Жаңа Жыл»


Жүргізуші: Амансыңдар ма, қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер! Сіздерді Жаңа 2015 Жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жаңа Жылмен құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ----------------------------- беріледі.

(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

Ал енді «Қыс ханшайымы сайрайындағы Жаңа Жыл» атты ертегімізді тамашалауға шақырамыз.

Сценаның сыртынан бір дауыс: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Қысқы орман сөйлеп тұр!

Жаңа Жылдық ертегіні,

Қысқы орман аңдары,

Тамашалауға келгелі тұр!

Музыка ойнап тұрады. (Боранның даусы, сағаттың тырсылы естіліп тұрады). Музыкамен қыс ханшайымы қолын сермеп, өзінің хандығының жанында жүреді. (би қимылдары) Көрермен, балалардың жанына келіп:

Қыс ханшайымы: - Амансыңдар ма, қадірменді қонақтар! Амансыңдар ма, менің әдемі, мейірімді, көңілді балаларым!

Үлпілдек қар жауады,

Бар даланы аппақ қып,

Қыс ханшайымы мен болам,

Сіздерге келдім конақ боп!

Өлең айтып, баптап-күтіп,

Шыршаны мен өсірдім,

Бүгінгі той-мерекеге,

Сіздерге мен әкелдім.

Би билеп, ән салатын,

Шаттыққа толы күн болсын!

Әр баланың жүзінен,

Бақыт нұры кетпесін!

-Біздің шыршамыз бар. Ал енді мен өзімнің кішкентай қар достарымды шақырайын. Осы шыршаны қар шашып, әдемілеуге көмектессін және де қонақтарды шақырсын. Келіңдер, менің кішкентай достарым! (музыкамен кішкентай қарлар шығады, қыс ханшайымы қарлармен билейді)

Қарлар: Біз кішкентай қарлармыз,

Жан-жаққа біз ұшамыз.

Барлық орман даланы

Аппақ қарға басамыз.

Қыс ханшайымы қолымен,

Сермеп-сермеп қалғанда,

Суық та ызғар жел тұрып,

Барлық ағаш бұтақтар,

Ақ мамыққа оранды.


Қыс ханшайымы: Ұшыңдар қарларым!

Ұшыңдар жан-жаққа,

Шақырыңдар достарым,

Бәрін-бәрін қонаққа!

(қарлар жүгіріп кетеді)

Қыс ханшайымы: Ал енді мен өз хандығыма барып, қонақтарды қарсы алуға бәрі дайын ба, жоқ па, көріп келейін.

Кенеттен алдынан мыстан кемпір шыға келеді.

Мыстан кемпір: Бұл не қылған жиналыс?

Барлығы да көңілді,

Еш мүмкіндік бермеймін,

Өткізуге бұл тойды.

Мен ашулы мыстанмын!

Басталғанша мереке,

Сыпырғышыма мініп ап,

Жеткеніме қуанамын!

Мен ашулы мыстанмын!

Бәріңді мен қорқытамын,

Тойға келген мерекелік,

Көңілдеріңді мен бұзамын!


Қыс ханшайымы: Бұныңыз не? Біздің балаларымызды неге қорқытасыз? Бізге қазір қонаққа

қысқы орман аңдары, Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Мыстан кемпір: Иә, иә, қонақтарың келеді. Сен қыс ханшайымы барлығын қонаққа шақырдың,

ал мені ұмытып кеттің.

Қыс ханшайымы: Жоқ, жоқ ұмытқан жоқпын. Мүмкін менің қарларым сізге әлі жете қойған

жоқ шығар.

Мыстан кемпір: Жеткен жоқ! Жеткен жоқ! Менің үйімнің үстінен ұшып өтіп кеткендерін

көрдім.

Бұл белгілі жағдай ғой,

Мерекелік жиынға,

Шақырдыңдар қоянды,

Аю, қасқыр, түлкіні

Ұлдарды да, қыздарды да,

Бар қауымды жинадыңдар,

Әрқашанда, әрқашанда,

Мені жалғыз тастайсыңдар!

Мен ренішімді кешірмеймін!

Кегімді алам, көрсетемін! (Аяғымен жерді тарсылдатады)

-Аяз атаны тоспаңдар. Ол бүгін сендерге келмейді және ешкім сендерге сыйлық әкелмейді.

Мен сондай қаһарлымын!

Бәріңді мен алдаймын,

Мерекелік ертегіні,

Жалғыз өзім тойлаймын! Ха-ха-ха-ха-ха

(Қыс ханшаймының жанына келіп, сыпырғышымен тарсылдатып)

Унды-фунды, гунды-гек,

Қатып қал сен тезірек! 2 рет қайталап,

Қыс ханшайымын қатырып тастайды. Қыс ханшайымы қатып қалады.

Мыстан кемпір: Мінекей енді жақсы болды. Қазір Аяз атаны да күтіп алып, оны да қатырып тастаймын. (Шыршаны айнала секіріп, қуанып, өлең айтып жүгіріп жүреді). Сцена жақтан бір тырсыл естіледі. (Аяз ата таяғымен тарсылдатып келе жатады. Мыстан кемпір қорқып, шыршаның артына тығылып қалады. Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді де тоқтап қалады, бір-біріне таңдана қарап):

Аяз ата мен Ақшақар: -Неге бәрі тып-тыныш? Неге ешкім қарсы алмайды? Қонақтар қайда? Не

болып жатыр?

Мыстан кемпір желкесін қасып, Аяз ата мен Ақшақарды қалай алдауын ойластырады:

Мыстан кемпір: -Аяз атаны қатырып тастай алмаймын. Оның қолында сиқырлы таяғы бар. Ендеше оны мен алдаймын деп, (қыс ханшайымының вуалін киіп, алдарынан шығады)

-Амансың ба, Аяз Ата! Амансың ба, Ақшақар! Көп күттіңдер ғой. Неге ешкім қарсы алмайды дейсіңдер. Мен бармын ғой. Мен қыс ханшайымымын. Бүгінгі мереке бұл жерде емес, менің мұз хандығымда болады. Жүріңдер деп

(Аяз Ата мен Ақшақарды алып кетіп, мұз хандығына апарып тығып, кілтін жауып қояды)

-Аяз Атаны да алдадым. Үлкен құлыппен жаптым. Ал ол құлыптың кілті менде деп, (кілтті көрсетіп мойынына іліп алады)

Музыка жүріп тұрады. (мыстан кемпір орындық алып шыршаның жанына отырып, кілтті дұрыстап қарап, өін-өзі басынан сипап, өзінің қулығына, айлакерлігіне қуанып, мақтанады)

Музыка жүреді. Залға қысқы орман аңдары кіріп келеді. Бір-біріне таңдана қарап:

Түлкі: Неге осыншама тыныш, бізді ешкім күткен жоқ па? деп таңданады.

Қасқыр: Қыс ханшайымы қайда? Бізді қонаққа шақырып, өзі неге қарсы алмайды?

Қоян: Амансыңдар ма, балалар!

Мен жай қоян емеспін,

Көңілдімін шаттымын,

Ұнатамын ойынды,

Секіруді, билеуді.

Түлкі: Құйрығы ұзын түлкімін,

Бүгін сондай мейірімдімін.

Сендер меннен қорықпаңдар,

Шыршаға жақын тұрайын,

Ешқайсысыңа тиіспеймін,

Көңілденуге мен дайынмын.

Аю: Қанша жерді басып өтіп,

Жеттік-ау біз сендерге.

Есіктеріңді айқара ашып,

Қарсы алыңдар біздерді.

Жақсы көрем көңілденіп,

Өлең айтып билеуді.

Жаңа жылды қарсы алайық,

Аяз Атамен бірге біз!
Қоян: Міне, біз қыс ханшайымына өзіміздің келгенімізді айттық.

Аю: Бірақ ол үндемейді. Не болды екен?

Түлкі иіскеленіп шыршаның жанына келіп:

-Мына жерде қулықтың, алдаудың иісі шығады.

Қоян: Бұл жерге мейірімсіз, жаман біреу келген болар.

Аю (ойланып): Енді не істейміз? Не болады?

Мыстан кемпір шыршаның астынан атып шығып: Иә, иә, мен бәрін алдадым. Бүгін ешқандай мереке болмайды. Қазір сендерді де қатырып тастаймын!

Аңдар (қорқып): Біз құрыдық! Біз құрыдық!

Мыстан кемпір қатырмақшы болады.

Сол кезде қоян ортаға шығып: Жоқ достарым, қорықпаңдар! Біз құтқарылдық. Өйткені бізде үлкен шыршаның сиқырлы инелері бар деп, сиқырлы инелерді жоғарыға, мыстан кемпірге шашады. (сиқырлы ән жүреді). Мыстан кемпірдің бар айласы, сиқыры жоғалады. Қоян барлығына осы сиқырлы инелерді шашады.

Қыс ханшайымы оянып: ой маған не болды? Мен қайдамын? Қонақтарым жиналды ма?

Қоян: Мыстан кемпір сені қатырып тастады.

Түлкі: ол біздің мерекемізді бұзғысы келді.

Аю: Бірақ ол енді еш нәрсе істей алмайды. Өйткені бізде сиқырлы инелер бар.

Мыстан кемпір: ой, ой! Қарауыл! Қарауыл! Тонап кетті. Барлық қулық , айла, сиқырымды ұрлап кетті!

Қыс ханшайымы: Сіз, апа, бізге ренжімеңіз. Өзіңіз кінәлісіз. Жан-жағыңызға қараңызшы! Барлығы қандай әдемі! Балалар да, шырша да. Ал сіз болсаңыз, осының барлығын бұзғыңыз келді.

Мыстан кемпір: Сонда қалай? Балалар бәрі әдемі. Ал мен ше? Мен әдемі емеспін ғой , иә?

Қыс ханшайымы: Неге олай дейсіз? Сіз де әдемісіз. Солай емес пе балалар?

Аңдар: Қане балалар, барлығымыз мыстан кемпірді мақтайық. Қане, әр бала оған бір мейірімді сөзден айтсын, деп балалардың жандарына барып, тыңдайды.

Қыс ханшайымы: Мыстан кемпір, сіз әдемі болудың ең басты құпиясын білгіңіз келе ме? Ол үшін сіз мейірімді, көңілді болуыңыз керек. Сонда сіз ең әдемі боласыз.

Түлкі: Мыстан кемпір, сіз сондай әдемісіз, мен сізге өзімнің моншағымды сыйлаймын. Мә, алыңыз, ал сіз маған мына кілтті беріңізші.

Мыстан кемпір: Жоқ, жоқ. Тек қана бұл кілт емес.

Қоян: Мен сізге сәбізімді сыйлаймын.

Аю: мен сізге балымды сыйлаймын және мына айнаны сыйлаймын. Міне, өзіңізді осы айнадан көріңізші.

Мыстан кемпір (айнаға қарап): Ой, мен шынымен де әдемі екенмін. Орманда қандай мейірімді аңдар тұрады екен. Ал енді мен сендермен бірге билегім келіп тұр.

Енді меннен қорықпаңдар.


(Музыка жүреді. Барлығы билейді)


Қыс ханшайымы: Ал, балалар, балалар!

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық!


(музыка ойнайды. Залға ескі Жылқы жылы келеді)


Жылқы: Амансыңдар ма, балаларым! Амансыңдар ма, қадірменді қонақтар!

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.


(Осы кезде музыка ойнайды. Залға Жаңа Қой жылы келеді)


Қыс ханшайымы: Асыға күткен Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Қой: Мен-дағы бір қонақпын,

Он екі жылда оралар.

Жақсылықпен кезедесіп,

Жүрейік біз, балалар!

Жылқы жылының мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым - ұят, жаным - халық
Қызметім де соларға.

Жылқы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім. 
Жасампаз заман бұл заман 
Бүгіннен ертең ғаламат 
Алдыңғы сапта боларсың 
Хош сау болыңдар, балалар! (Ескі жыл кетеді) 

Музыка жүреді. Барлығы Жаңа Қой жылын ортаға алып билейді. Музыка тоқтайды.

Қой: Достарым менің!

Сендермен би билеп,

Сиқырлы бір кілт таптым!

Қыс ханшайымы: Бұл менің қар хандығымның кілті ғой.

Қоян: Бүгін осы залда біз,

Би биледік баршамыз.

Бірақ та өте көңілсіз,

Қайда Аяз Атамыз?

Қыс ханшайымы: Аяз ата мен Ақшақардың келетін уақыты болып қалды ғой. Не болды екен?

Әлде таппады ма екен?

Мыстан кемпір: Бәрі құрыды! Бәрі құрыды! Мен берілемін, мен мойындаймын! Сендердің мейірімді жүректерің мені де мейірімді қылды. Мен мойындаймын. Аяз Ата мен Ақшақарды мен қар хандығына қамап қойдым.

Аю: Сіз неге айтпадыңыз?

Қыс ханшайымы: Барып тез ашайық. Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.


(барлық аңдар мен балалар қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырады)


Қой: Мен есікті ашамын. Жаңа Жылды шақырамын. Қой жылы жақсылық, бақыт, тыныштық, шаттық жылы! Деп есіктің құлпын ашып, Аяз Ата мен Ақшақарды шығарады.

Барлығы: Амансыз ба, Аяз ата! Амансыз ба, Ақшақар!

Аяз Ата: Амансыңдар ма, балалар, қонақтар!

Амансыңдар ма, ұлдарым?

Амансыңдар ма, қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың!

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр ау дем алғым.

Қасымда бар Ақшақар,

Ол да ренжіп қалмасын,

Бүлдіршіндер, балалар,

Оған да әнін арнасын.

Ақшақар: Мейірімді ертегіден келдім мен,

Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, көңіл, қуаныш тілеймін мен,

Мерекелік осы тойда көңілді.

Қой: Мына үлкен шыршамызда,

Ойыншықтар самсап тұр,

Түрлі-түрлі шамдары,

Бүгін неге жанбай тұр?

Аяз Ата бізге шыршаны жағуға көмектесіңізші. (Аяз Ата сиқырлы таяғымен 3 рет тарсылдатады)

Қыс ханшайымы: Қане, балалар, бәріміз бірге айтайық

Шырша, шырша, жан, жан!

Шырша, шырша жан, жан! (шырша жанады)

Барлығы: Алақай! Алақай! Қандай әдемі! Шырша неткен сұлу еді!

Ақшақар: Шыршаны айнала тұрайық,

Ойын, биді бастайық.

Көптен күткен Жаңа Жылды,

Бәріміз қарсы алайық!

Қыс ханшайымы: Дөңгеленіп тұрайық,

Қолымыздан ұстайық.

Жаңа Жылды көңілденіп,

Өлеңменен бастайық!


(хоровод айтылады)


Ақшақар: Өлеңді біз жақсы айттық,

Өте жақсы, әдемі.

Енді бізге бірімізге,

Билейтін де уақыт келді.

Бәріңді мен шақырамын,

Көңілді би билеуге!


(Ақшақар балалармен бірге билейді)


Аю: Қызықты да, көңілді мерекеде,

Кездестік біз сендермен.

Жасырамыз жұмбақ біз сендерге,

Білгім келед, кім табады жауабын!

Жұмбақтар: (аңдар бір-бір жұмбақтан қояды)
Аяз ата: Ал, балалар, мінекей!

Бар жұмбақта шешілді.

Бірақ та біз тұрмайық,

Мерекені жалғастырайық.

Қыс ханшайымы: Жел, жел, көңілді жел,

Жина бізді ортаға.

Жаңа жылдық өлеңдер,

Айтылсын шырша жанында.


(Хоровод)


Аяз ата: Жарайсыңдар балалар,

Өлеңді жақсы айттыңдар.

Енді ойын ойнайық,

Қызыққа біз тоймайық.

(«Мұзды фигуралар» ойынын аяз ата өткізеді. Музыка жүреді, балалар залда жан- жаққа жүгіреді. Аяз ата қуып жетіп, ұстап алады. Әр түрлі фигуралар жасап, балалар қатып қалады. Жақсы фигураны Аяз ата мақтап, сыйлық береді. Ойын қайталанады)

Қой: Ата- аналармен ойын.

Аяз ата мен Ақшақар: Өлеңді де, биді де,

Жаңа жылға арнадық

Осы мереке туралы

Кім бізге тақпақ айтады?

Қыс ханшайымы: Ал, қанекей, балалар барлығымыз дөңгеленіп тұрайық. Аяз ата мен Ақшақар әрқайсыңа жақындап, барлығыңды тыңдайды. Шуламаңдар, бір- біріңді итермеңдер. Бәріміз бір- бірімізді тыңдайық. Тыныштықты сақтайық.

(Тақпақтар айтылды, Аяз ата кәмпит таратады)

Аяз ата: Рахмет, балапандарым! Көп біледі екенсіңдер. Жақсы тақпақтар айттыңдар. Мені күткен екенсіңдер.

Қоян: Өте жақсы көңілдендік балалар!

Келді міне қаштасатын уақытта.

Көңілді ойын- күлкі ағымында,

Құттықтаймын жаңа жылмен бәріңді.

Аю: Үлкендер де кішілер,

Қарсы алайық жаңа жылды,

Жаңа жылмен шын жүрктен,

Құттықтаймын бәріңді.

Ақшақар: Аяқтайтын уақыт келді мінекей,

Көп көңілді тілеймін мен сендерге.

Үлкен болып өсіңдер барлықтарың,

Еш жамандыө кқрмеңдер осы күнде.

Бір жылдан соң Аяз ата екеуіміз,

Жақсылықпен оралайық сендерге.

Қыс ханшайымы: Құттықтаймын жаңа жылмен,

Тілеймін мен денсаулық пен татулық

Бір жылдан соң тағы біз.

Кездесеміз бәріміз!

Түлкі: Менің де құттықтағым келеді,

Қуанышты осы күні бәріңді.

Ешқашанда ауырмай, таудай болып,

Азаматы болыңдар еліміздің.

Қой: Осы жаңа жылда бәрімізге мейірім, бақыт, махаббат, тек қана жақсылық, көп денсаулық тілеймін. Бір- біріңе мейірім сыйлаңдар.

Бейбітшілік пен жақсылықта,

Жаңа жылымыз қолдасын.

Әрқашанда елімізге,

Еш жамандық болмасын!

Аяз ата: Өлең айттық, би биледік,

Көңілді ойын ойнадық.

Ал енді мен балалар,

Таратайын сыйлықты. (Сыйлықтар таратылады)

Барлығы: Сау болыңдар, достарым! Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа бақыттарыңызбен!












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі