Тақырыбы: «Қыс кереметі» Эстафеталық ойындар.
Мақсаты: Балалардың қыс
туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала
денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру.
Эстафетаға қызығушылығын ойын арқылы
қалыптастыру.
Методикалық
әдіс: Ойын эстафета, эстафета мазмұны, түсіндіру,
үйрету.
Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар үйінділері,
қар кесетін ағаш құралдар.
Салауаттық өмір салтын
қолдаймыз, Жамандықтан жанымызды қорғаймыз. Денсаулықты жанымызға
серік қып, Болашаққа аманат қып жолдаймыз!-дей келе ортаға қатысушы
командаларды шақырамыз.
Балалар дөңгелене тұрып,
қонақтармен сәлемдеседі.
Үлкенге де
сіз
Кішіге де
сіз
Құрметпен
сіздерге
Бас иеміз
біз.
Эстафетаның жүру
барысы:
Жүргізуші: Балалар шеңбер бойында бір- бірімізге тілек
айтайық
Тілек шеңбері
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің
алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1.
Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп
келіп, аяқ-қол бұлшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын
жасайды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.
Эстафета түрінде өтетін болған
соң, балаларды екі топқа
бөлеміз.
І топ: Мықтылар
тобы
ІІ топ: Күштілер
тобы
І топ ұраны: Қырандай
самғаймыз
Жарыстан
қалмаймыз
ІІ топ ұраны: Балдырғанбыз
балдаймыз
Күшімізді
шыңдаймыз
Менің жұмбағымды шешсендер
жарысты бастаймыз.
Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
(Шаңғы)
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте.
(Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.
(Шана)
Бүгінгі сайысымыздың
ойындарымен таныс болайық
-
«Қар атыспақ»
ойыны.
Шарты: Ойыншылар қарды ұстап
кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге жеткенде қарды
себетке дәлдеп салып, кедергілер арасымен жүгіріп
келеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші
аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
-
«Сноуборд» ойыны.
Шарты: Ойыншылар бір аяқты
шаңғымен кедергілер арасымен жүріп, белгіленген межеге жеткенде
туын алып қайта кедергілер арасымен жүріп қайта
келеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші
аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
-
«Биатлон» ойыны.
Шарты: Ойыншылар кедергілер
арасымен жүгіріп, белгіленген межеге жеткенде шарды дәлдеп жару
керек. Ойын ары қарай жалғасады. Қай топ көп шар
жарса сол топ жеңіске жетеді.
-
«Фристайл »
ойыны.
Шарты: Сайысқа қатысушылар
клюшкамен шайбаны белгіленген межеге
жеткізеді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ
бірінші аяқтаса сол топ жеңіске
жетеді.
6. Негізгі қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен
тышқан»
Қорытынды
Жүргізуші: Еліміздің болашағы
дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі –
салауаттылық. Эстафетаға балалар өте жақсы қатыстыңдар.
Балаларды мадақтап, эстафетаны
қорытындылау, «Қыс кереметі» атты
спорттық эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Келіп
тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше, сау
болыңыздар!