Материалдар / Қыс мезгілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыс мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды балаларына қыс мезгілі жайлы түсінік беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ 6 жастан жоғары балаларға арналған.


Тақырыбы: Қыс мезгілі қызықты


Уақыты: 35 мин


Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау; Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру; Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері, резеңке мен тақтайша, аққала суреті, әріп жазылған қақпақтар, мақтадан жасалған ұлпа қарлар, сыйлықтар,мақта, стакан, түтікше.


Cабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

Балалар ең алдымен бір – бірімізбен, бүгінгі сабағымызға конаққа келген ұстаздармен амандасып алайық.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

- Жарайсыңдар!

Енді бәріміз шеңберге тұрып, татулық, достық туралы тақпақ айтып жіберейікші?

Біздің топта ұл - қыздар,

Тату - тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық ойлаймыз.


- Бәрекелді, балалар.


Психологиялық дайындық. Сабаққа қызығушылық ояту.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,сол жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашатын боламыз, мұқият тыңдаңдар.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?


Қызығушылық танытады.

Мұқият тыңдап,шешуін табады.


-Қыс мезгілі.

-Дұрыс,қыс мезгілі.


Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.
- Ал, жалпы неше жыл мезгілі бар, балалар?

- Дұрыс, олар, жаз, қыс, көктем және күз.

- Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?

- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.

- Қыс мезгілінде неше ай бар? (үш ай бар)

- Қандай,қандай айлар?(желтоқсан,қаңтар, ақпан)

- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім киеміз.


(Боранның дыбысы қосылады)

- Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?

- Боранның.

- Ендеше, боранды қимылмен қалай көрсетеміз?

(қолдарын жоғары көтеріп жәй және қатты дыбыс шығарып гуілдейді.)

- Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын топылдатады).

-Ал,күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын шапалақтайды).

-Жарайсыңдар осындай көңіл – күймен бүгінгі « Қыс мезгілі қызықты» сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.


Психологиялық жаттығу «Ұлпа қарлар» . Музыка ойнатылады.

-Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, өзімізді бұлттан түскен кішкентай көңілді ұлпа қарлар сияқты елестетіп көрейікші. Олар бір-бірімен ойнап ,айналып ұшып барлық жерді ақ мамықпен жабады.

Сиқырлы музыка ойнатылады

Ғажайып сәт: – Ой балалар, қараңдар біздің тобымызға да ұлпа қарлар ұшып келіпті. Олар жәй емес, сиқырлы ұлпа қарлар сияқты. Олар бізге тапсырмалар алып келіпті. Сиқырлы ұлпа қарлардың тапсырмаларын жақсы орындасақ, сабақ соңында бізге дайындаған сыйлықтар бар екен.(балалар көздерін жұмғанда, алдарына ұлпа қарлар қойылады)

Ендеше,ұлпа қарлардың тапсырмаларын орындауға дайынсыздар ма?

Тапсырма №1. «Дүрбі» арқылы берілген картинаға қарап, әңгіме құрастыр.


c82c8f7f-55e2-433e-900f-e919b2002fc2.jpg 8df27838-d943-4d76-93e7-079abfe338da.jpg



-Қолымызға дүрбімізді алып картинаны зерттейміз.


Жақсылап қараңдар,суретте кімдер,нелер бейнеленген?

-Кәне кім қандай нысанды бөліп алады?

Суретте үлкен адамдар не істеп жүр?

-Балалар не істеп жүр?

-Олар қалай киінген?

-Суретші суреттегі адамдардың көңіл-күйлерін қалай суреттеген?


-Ал, қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.

(Балалар үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын көреді).

Стакандағы қар ұшты ма? - Ия.

Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.

Қарды жеуге болады ма? - Жоқ.

Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.


65594c9d-d153-47b0-8c11-b95ae78bbe38.jpg

Тапсырма №2. Жұмбақтардың шешуін тап. Жауабын қақпақ бұрандасымен бұрап жаз.

  1. Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз/

  1. Жасыл ине киімім,
    Жайлаймын тау биігін.
    Жаңа жылды тойласаң,
    Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)


  1. Отқа жанбайды, суға батпайды. /Мұз/


  1. Жазда болмайды, қыста болады.

Ол көңілді сайқымазақ емес,

Үш қабатты бірақ үй емес.

(Аққала)


35f97a6a-346f-441a-bf59-b972cbbde513.jpg


Сергіту сәті:

«Буги-буги»


4d8c4e66-e39b-476a-ba0e-ac727b332c00.jpg 4003c846-4e39-49a6-95de-c02383a232cf.jpg


Тапсырма №3. «Аққала дидактикалық ойыны.

Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады.

Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.

Көзі, тұмсығы, аузы, басындағы шелек, қолына сыпырғышы жетіспей тұр.


- Балалар, біз аққала жасау үшін алдымен мына үлгіге қараймыз.

- Аққаланың денесі қандай геометриялық пішінге ұқсас?

- Дөңгелек.

- Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане санайықшы.

- 1, 2, 3.

- Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек – төменгі жағы, орташасы – кеудесі, кішкентайы – басы және 2 қолы, 2көзі, сәбізден – мұрны бар.

Балаларға аққаланы қалай жапсыру керектігін түсіндіру.


aeb524eb-6482-4476-a607-c93d7ab64ccd.jpg db5adb01-e802-4fa5-b84d-15017c1c3abd.jpg


Тапсырма №4.
Тақтайшаға ұлпа қарларды резенке арқылы ұлпа қар бейнесін жасап созып ілу.


58fc5f49-dfcf-4211-94b1-abdf113847c5.jpg

Тапсырма №5. Қысқы ағашқа не жетіспейді? Аппликация. Қағазбен ұлпа қарларды жабыстыру.


c8f3a698-80bc-4523-b9a7-620460c19060.jpg ff5c60c5-d03b-4a40-9247-8d3868e79674.jpg




Қорытынды:

- Рахмет, сендер өте тамаша балаларсыңдар, сиқырлы ұлпа қардың тапсырмаларын еш кедергісіз орындап шықтыңдар, ендеше сендерге ұлпа қардың сыйлықтарын табыстайын.(тәттілер беріледі)

- Көңіл - күйіміз қандай? Тамаша!

- Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.

- Ауа райы қандай? Тамаша!

- Қысқы ойындар қандай? Тамаша!

- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)

- Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!