2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қыс мезгілі

Қыс мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған психологтың түзету ашық сабағы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі.


Сабақтың мақсаты: Балалардың когнитивтік қабілетін дамыту. Дұрыс тыныс алуын қалыптастыру. Көздің бұзылыстарын алдын алу. Ұсақ моторикасын шынықтыру.


Білімділік:. Қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, көргендерімен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені,кімді сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.


Дамытушылық: Өз бетінше сұраққа жауап беруге үйрету. Сөздік қорын молайту.Байқампаз іскерлігін , шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Мағынасына қарай жауап беру үйрету.


Тәрбиелік: Балалардың әдептілікке , өз бетінше шешім қабылдауға, өз бетінше іздене білуге, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша,жазбаша, сұрақ – жауап, тексеру,әңгімелесу,ойын, көрнекілік.


Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, сызбалар, ойын элемментері, слайд.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең.


Амандасу рәсімі:

Күндей жарқырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен саламатсыңдар ма балалар!


Үй тапсырмасын сұрау.


Жаңа сабақты түсіндіру.

-Балалар сендер аяздан қорқасыңдар ма?

-Далаға шыққанда тонасыңдар ма?

Егер тонатын болсақ бір-бірімізді жылытайық.(үрлеу әдісі).

-Жарайсыңдар балалар міне көптен күтткен қыс мезгілі де келіп жетті.Бүгін біз осы қыс мезгілінде болатын құбылыстар мен қыс мезгілінің табиғатымен,және қыстың қызықтарымен танысамыз.

-Ал енді балалар мына мониторға мұқият қарап қай мезгілідің көріністері екенін көрейік.

Қыс мезгілі слайд.

Сұрақтар:

-Ал балалар қай мезгілдің көрінісі тамашаладық?- Қыс мезгіл

Қазір жылдың қай мезгілі?- қыс мезгілі

Қыста не жауады?-Қар

Қардан не жасаймыз?- Аққала

Қыс мезгілінде қалай киінеміз?-Жылы, қалың киінеміз

Жарайсыңдар балалар! Қыс мезгіліне байланысты кім қандай тақпақ біледі?

Оқушы:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр ,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау,түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Оқушы:

Аппақ-аппақ, қар аппақ

Аппақ қардан дала аппақ

Қырау-қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

-Ал енді осы қыс мезгілінде болатын заттарды қолдана отырып, үнемі жасап жүрген жаттығу жасайық.

Көзге арналған жаттығу «Аққала»

Көздің қарашығының көмегімен ауада Аққаланы салайық.

Саусақ –ойын «Қар». Тыныс алу жаттығуы «Қарды үрле».

Мақтаның көмегімен қар жасап, енді терең мұрнымызбен тыныс алып, алдымыздағы қарды үрлейміз.2- рет.

Жарайсыңдар балалар! Біз жақында қандай мерекені тойладық? – Жаңа жыл мерекесін тойладық.

-Аяз ата сиқырлы таяғымен нені жақты?-Шыршаның шамдарын.

-Шыршаның түсі қандай?- жасыл

-Иә шыршаның түсі қысы-жазы өзгермей жасыл болады, шырша және де басқа өсімдіктер құстар ол табиғатқа көрік береді.

-Шырша қайда өседі?-орманда.

-Иа дұрыс айтасыңдар.

Қараңдар Бізге жақында Жаңа жыл мерекесінде келген Аяз атамыз сандық тастап кеттіпті , сандықтың ішінде көптеген тапсырмалар тастап кетіпті.

Хат

Балалар егерде сендер осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, онда келесі жылы Аяз ата бізге ендігі жылы тағыда көптеген сыйлықтарымен келеді екен.- Бірінші тапсырма «Құпия сурет» -деп аталады.

Осы суреттің құпиясын табу үшін, алдымыздағы параққа менің нұсқам бойынша Х-белгісін қойып отырамыз. Егер тапсырманы дұрыс орындасақ онда суретіміз тура шығады.


1 тапсырма- Құпия сурет.


Б - 7.

В- 3,6,9.

Г- 2,5,8.

Д- 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Е- 2,5,8.

Ж- 3,6,9.

З- 7.













2- тапсырма- «Қыста ғана болады »- ойын.


  1. Ұстасаң қолың тонады ( қар)

  2. Жаңа жыл көркі (шырша)

  3. Аяз ата дорбасындағы зат (сыйлық)

  4. Отқа жанбас, суға батпас (мұз)

  5. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым (шаңғы)


3- тапсырма - «Аққала»- жаттығу

Алдымыздағы суреттерді ретімен қоямыз, осы сурет туралы қысқаша әңгімелеп береміз.

4- тапсырма –«Шатасқан сөздер»-жаттығу.

Қыс мезгілінде киілетін киімдерді аттарын шатасқан әріптерді орнына қойып табамыз.

Тмұқа,ипма, олпағқ, онт,


Сергіту сәті: «Аққала»

Күн суық біз аққала болып бір орында қыймылдамай қатып тұрайық, енді жайлап күн жылыды, біз жайлап ери бастаймыз, алдымен басымыз төмен қарай салбырап ериді, сосын иығымыз салбырап төмен түседі, енді оң қолымыз жайлап төмен қарай түседі,сол қолымыз төмен түседі, біз еріп жатырмыз.Еріп орнымызға отырамыз.


5 тапсырма-«Тыңшы» –жаттығу

Біз тыңшыларға айналамыз, алдымыздағы құпия сөзді табуға тырысамыз. Мына Сөз жұмбақты табу үшін, тақтадағы кестеге карап табамыз .Бұл сөз жұмбақтың кілті.

6

1

2


3

7

4

5

1

6


11

1

12

1


14

15

2

1

12


1

13

4


11

1

16

17

9


Кілті:


А

Р

М

З

Д

Қ

Ұ

Л

Ы

У

Ш

Н

Я

Б

О

Ң

Ғ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


6- тапсырма- «Пантамимика» -ойын.

Қазір мен сендерге әр түрлі іс- қимылға, ымдауға арналған сөздер оқимын . Ал сендер сол іс- қимылдарды көрсетесіңдер.

  • Сен шанамен жүріп келе жатырсың

  • Сен күрекпен қарларды алып жолды тазалап жатырсың

  • Сен қар атыспақ ойнап жатырсың

  • Сен шыршаға ойыншықтар іліп сәндеп жатырсың

  • Сен аяқ киіміндегі қарларды тазалап жатырсың

  • Сен аппақ қарды ұстап алып оған қарап тұрсың.

7- тапсырма-«Бөлшекке бөлінген сурет».

Балалар екіге бөлініп мына алдымыздағы суретті құрастырайық. Енді осы туралы әңгіме құрастырамыз.



Рефлексия:

-Балалар бүгін біз қандай сабақ өттік?

Балалар жауап береді.

Балалар оқу іс әрекетке белсенділік танытқан үшін мақтау мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Қыста қар жауатынын, жаңа жыл мерекесі болатынын.

Игереді: Қыс мезгілі туралы түсінік қалыптастыру.

Меңгереді: Тапсырмаларды дұрыс орындау, ауызша жауап беруге уйрену.


Үй тапсырмасы: Қыс көрінісін салып келу.


Қортынды: Балалар біз бүгінгі берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, шешулерін тура таптық сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет.Олай болатын болса ашық сабағымызды бата өлеңмен бекітеміз.


Ел сүйетін бала бол,

Ер жеткенде дана бол.

Туып өскен еліңнің

Жел жағына пана бол.


21 Ақпан 2025
94
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі