400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілі туралы ортаңғы топ ПДТ балаларға арналған дефектолог маманынан өткізізген іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК № 43 “Батыр” бөбекжайы











Ортаңғы топтағы психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларды қоршаған ортамен таныстыру.



Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: Кыс мезгілі



Дайындаған: Дефектолог Рахымова С.С























Ақтау қаласы 2025 ж







Тақырыбы: Кыс мезгілі

Ортаңғы топтағы психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларды қыс мезгілімен таныстыру.

Мақсаты:

  • Тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру

  • Кыс туралы түсінігін кеңейту

  • Тәулік бөліктерін бекіту: Күн, түн

Дефектолог балалардан сұрайды:


  • Жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

  • Неліктен қыс деп ойлайсыздар? (Өйткені далада қар)

  • Қар ерімейді, демек, сыртта...(суық).

  • Неліктен далада суық? (Күн қыздырмайды. – Егер балалар жауап беруге қиналса, күннің суреті көрсетіледі.)

Дефектолог терезелерді жауып, шамды сөндіріп, сұрайды:

  • Қазір топта жарық па, әлде қараңғы ма? (Қараңғы.)

  • Неліктен топта қараңғы болып кетті? (Шамды сөндірдік.)

  • Жарық болу үшін не істеу керек? (Шамды жағу керек.)

  • Бөлмені не жарықтандырады? (Шамдар.)

  • Ал жерді не жарықтандырады? (Күн. – күннің суреті көрсетіледі.)

  • Қазір сыртта жарық па, қараңғы ма? (Жарық.)

Дефектолог қорытынды жасайды: «Қыста күн жарық түсіреді, бірақ жылытпайды.»
Одан кейін екі жолақ көрсетеді: ұзын қара және қысқа сары жолақ.

  • Бұл жолақтардың бірі түнді, екіншісі күнді білдіреді. Қалай ойлайсыңдар, қайсысы түнді білдіреді? (Қара жолақ.)

  • Демек, сары жолақ... (Күнді білдіреді.)

  • Күнді неге сары жолақпен белгіледік деп ойлайсыңдар? (оны күнге жақындатады.) Себебі жолақтың түсі күнмен бірдей.)

Дефектолог қорытынды жасайды:
«
Қыста күн суық болады, өйткені күн жарық түсіргенімен, жылытпайды және аз уақыт қана көрінеді.»

  • Осы жолақтардың ұзындығын салыстырыңдар. Қай жолақ ұзын (қысқа)?

Сергіту сәті

Шығады аспаннан – күн (күннің шашақтарын саусақтарымен көрсетеді)

Әдемі жұлдызды – түн (алақанын жоғары көтеріп, айналдыру)

Жауады қыста – қар (екі қолымен қарды жасау)

Балалар ойнап – мәз (қолындағы қарды бір-біріне лақтырады)

Әңгімені жалғастыру

  • Өткен сабақта біз топқа әкелінген қарды бақыладық. Неліктен қар еріп кетті? (Топта жылы.)

  • Ал неге сырттағы қар ерімейді? (Дала суық)

  • Неліктен сыртта суық? (Күн жылытпайды.)

  • Күн жылытпайды және аз... (жарық түсіреді.)


Ойын жаттығуы: «Сөйлемді аяқта»

Балаларға қыстың белгілері бейнеленген суреттерді көрсетіп, сөйлем құрастыруды ұсынады. Дефектолог сөйлемдерді бастайды, ал балалар оларды аяқтайды:

  • Бұл суретте бейнеленген... (қыс).

  • Барлық жерде... (қар жатыр).

  • Қыста күн... (жылытпайды).

  • Түн... (ұзақ), ал күн... (қысқа).

  • Ағаштар... (жапырақсыз, жалаңаш).

Қорытынды бөлім

Ұйымдастырылған оқу қызметінде өтілген материалды жинақтап, қорытындылайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі