400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыс мезгілі», «Қысқы ойындар», «Ш» дыбысын өлең, тақпақ, жаңылтпаштарда машықтандыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып бойынша балалардың жан- жақты ой-өрісін кеңейту. Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету. Қыс мезгілінің ызғарлы, суық, қарлы болатынын айтып түсіндіру. «Ш» дыбысын сөз ішінен анықтау, оның сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын табу. Қысқы ойын түрлерімен таныстыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді_________

_________

Мұғалім-логопед: Абишова А.Р.

Күні: 18.01.-22.01.2021ж.ж.

Сабақтың тақырыбы: «Қыс мезгілі», «Қысқы ойындар», «Ш» дыбысын өлең, тақпақ, жаңылтпаштарда машықтандыру.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Тақырып бойынша балалардың жан-

жақты ой-өрісін кеңейту. Жыл мезгілдерін ажырата

білуге үйрету. Қыс мезгілінің ызғарлы, суық, қарлы

болатынын айтып түсіндіру. «Ш» дыбысын сөз

ішінен анықтау, оның сөздің қай жерінде кездесіп

тұрғанын табу. Қысқы ойын түрлерімен таныстыру;

2. Түзете-дамытушылық: Балалардың сөйлеу

тілін түзету. Сөздік қорын молайту. Фонематикалық

есту қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік: Балаларды дұрыс, әрі анық сөйлеуге

баулу. Табиғатты аялауға, оны ластамауға

тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, бақылау, мадақтау.

Көрнекілігі: Демонстрационды суреттер, дыбыс кескіндері, үлестірмелі суреттер, артикуляциялық жаттығулар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Жұмыс түрі: Аралас жұмыс (жеке және топтық).


Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балалармен амандасу;

  • Сұрақ-жауап арқылы сабаққа ынталандыру;

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бүгін ауа-райы қандай болып тұр?

  • Қыс мезгілі саған ұнайды ма немесе жоқ па?

Артикуляциялық жаттығулар: «Сағат», «Тәтті тосап», «Әткеншек», «Тіс тазалау», «Бақа», «Ат шауып келеді».

Тыныспен жұмыс: Тыныс алу жаттығуларын орындау

  1. Мұрыннан терең тыныс алып, ауыздан шығару;

  2. Ауыздан терең тыныс алып, мұрыннан шығару;

  3. Мұрыннан терең тыныс алып, мұрыннан шығару немесе керісінше.

  4. Қар ұлпаларын, аппақ мақталарды үрлеу;

II. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақ бойынша тақырыптарды қайталау.

III. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта біз ««Қыс мезгілі», «Қысқы ойындар», «Ш» дыбысын өлең, тақпақ, жаңылтпаштарда машықтандыру» атты тақырыбымен танысамыз. Сабақ жұмбақ шешуден басталады. 
Аяз қысып, 
Өрнек сызып, 
Терезеңді торлайды. 
Қарға омбығып, 
Бет домбығып, 
Сырғып жастар ойнайды. 
Кейде ұлып, 
Кейде ысқырып, 
Ұйытқып боран соғады. 
Айтыңдаршы, бөбектерім 
Бұл қай кезде болады? 
Балалардың жауабы: 
- Қыс мезгілінде. 
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қыстың қандай белгілерін білеміз? 
- Қыста күн суық боран соғады. Қатты аяз болады. 
- Қыста желтоқсан, қаңтар, ақпан  айлары бар.
Жұмбақ: Мамықтай ұлпа. Түнде әйнекке қонады, 
Қанттай ақ. Әсем ою ояды. (аяз). 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда сайға қашады. (Қар). Отқа салса жанбайды, 
Суға салса батпайды. (Мұз). 
-Қыста қандай ойындар ойнаймыз? 
-Аққала соғып,коньки, шаңғы,шана теуіп ойнаймыз. 
Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер арқылы сөйлем құрату. 
Жаңа жауған қар. Қар көп, күн суық, бұта бастарындағы қар күн көзіне шағылысып жалт-жұлт етеді. 
Ал, мына балалар мұз айдынында коньки теуіп , ойнап жүр.Олардың бәрі қыс мезгіліне сай жылы киінген. 

Ш дыбысы кездесетін сөздерді жеке - жеке оқыту. Шара, Шора сөздерінің адам аттары екенін айтып, олардың бас әріппен жазылуына назар аударту.
IV. Сөздерді буынға бөліп оқу.

Шор - тан, ша - ға - ла, ша - ра, ша - на.
Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ш әрпінің бас және кіші әріптерінің жазылу техникасын көрсету.

Жазу дәптермен жұмыс. Ш әріпіне байланысты сөздер жазғызу. Оқушылардың дұрыс отырып, таза, әдемі жазуына назар аудару.
V. Сергіту сәті.
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді аламыз,
Көркем етіп жазамыз.

VI. «Ш» дыбысын өлең, тақпақ, жаңылтпаштарда машықтандыру:

Ақ көгершін , көгершін, 
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін. 
Кең дүниенің көлемін. 
Әділеттің құсы деп, 
Көз алмастан жолыңнан, 
Ұшырамын қолымнан. 


Алша- ағаш,

Арша-ағаш.


Шеше, неше кесе, сынды кеше?


VII. Жаңа сабақты қорытындылау.

- Сұрақтарға жауап алу.

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қысқы ойындарды ата?


VIII. Үйге тапсырма:

Дәптермен жұмыс, Жаңылтпаштарды жаттау.


Мадақтау!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі